Жасқа дейінгі балалардың №4 ортаңғы тобы үшін Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №10 Өткізілетін күні, айы, жылы: «13» мамыр 20



Дата06.02.2022
өлшемі19,09 Kb.
#79541
Байланысты:
Мусиндеу 10


3 жастан 4 жасқа дейінгі балалардың №4 ортаңғы тобы үшін
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №10


Өткізілетін күні, айы, жылы: «13» мамыр 2020 ж.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Пирамида
Мақсаты: пирамида ойыншығы туралы түсініктерін кеңейту, бөліктерді біріктіре отырып, бейне құрастыру дағдыларын дамыту.
Білімділік міндеті: балаларға ермексазды шымшып үзіп алу және домалақ, жұмыр мүсіндеу туралы мағлұмат беру; Түзету – дамытушылық міндеті: ермексазды алақан арасына салып домалақтау тәсілдерін меңгерту; тілдерін дамыту; саусақтың ұсақ бұлшықеттері қимылын жетілдіру; 
Тәрбиелік міндеті: Ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдр, пирамида ойыншығы, ермексаздан жасалған үлгі, тақтайша, ермексаз, сулық.
Сөздік жұмысы: пирамида
Қостілділік компоненті: пирамида-пирамида, машина-машина, аю-медведь.


Іс - әрекет кезеңдері



Тәрбиешінің іс - әрекеті



Балалардың іс - әрекеті



Мотивациялық -қозғаушылық

Ойыншықтардан көрме ұйымдастыру.
«Ойыншықтарды ата» ойынын ұйымдастыру.
Ойынның барысы: Доп, машина, аю, пирамида, т.б. ойыншықтар. Балалар әрбір ойыншыққа сипаттама берулері тиіс.



Ойынды қызыға ойнайды.
Балалар ойыншықтарды сипаттап айтады: доп -резеңкеден, машина- темірден, аю-матадан, пирамида-пластмассадан жасалған.



Ұйымдастыру -іздестіру

-Пирамиданы қалай жасаған?
-Ол неше бөліктен тұрады?
-Түстері қандай?
-Қалай орналастырылған?

-Ол неге ұқсайды?


-Сендер ермексаздан пирамида жасай аласыңдар ма?
-Қараңдар, мен мынадай пирамида жасап алдым.
Тәрбиеші:өзі жасаған үлгіні көрсетеді.
Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:
-ермексаздан ұзын түтікше жасаймыз,
-түрлі түсті ермексаздан бірнеше ширатпалар жасап аламыз,
- ширатпалардың екі ұшын қосып біріктіреміз,
-үлкен бөліктен кішісіне қарай дөңгелектерді бірінің үстіне бірін түтікшеге кигіземіз.
Сөздік жұмыс: ширатпалар, түтікше.
Балалардың өз бетінше жұмысы.
Көзін, мұрнын, аузын жасауға тәрбиеші көмектеседі.
Қостілдік құрам: пирамида-птрамида, машина-машина, аю-медведь.
Сергіту сәті:
Алақай –ау, алақай,
Ән шырқайық, балақай.
Қызарғанша алақан,
Қол соғайық, балақан.
«Түстерді ата!» ойынын ұйымдастыру.



Пирамиданы пайдаланып, түстерін атау.
Балалар 6 түрлі негізгі түстерді суреттен немесе пирамидадан атайды.
-түрлі түсті дөңгелектерден.
- 6 бөліктен.
-Үлкенінен кішісіне қарай орналастырылған.
-Пирамидаға.
-Иә.
Үлгіні тамашалайды.
-Балалар дайын үлгіні тамашалайды.

Жұмыстың орындалу тәсілін бақылайды.


Қайталайды.

Өлең жолдарын әндетіп айтып, өлең мазмұнына сәйкес қимылдар орындайды.


Ойынды бар ынталарымен ойнайды.



Рефлексивті-түзетушілік

Балалалрдың жұмысын талдау, мадақтау.
Жасаған пирамидаларын суреттегі пирамидамен салыстыру.



Балалар бір-бірінің жұмысына баға береді. Пирамидаларын салыстырып ойнайды.



Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: ұзындығы әртүрлі ширатпалардың ұшын біріктіріп сақиналар жасайды, үлкеннен кішісіне қарай ретімен пирамида құрастырады.
Қандай түсініктерді игерді: пирамиданың дөңгелектері әртүрлі көлемде, әртүрлі түсте болатынын.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: әртүрлі ермексазды есу арқылы ұзындығы әртүрлі ширатпалар жасау дағдысын.

Тәрбиеші: Эльбурсова Г.А. ________________
қолы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет