Жасқа дейінгі балалардың №4 ортаңғы тобы үшін Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №32 Өткізілетін күні, айы, жылы: «16» сәуір 20



Дата14.05.2020
өлшемі20,17 Kb.
#68016
Байланысты:
Жаратылыс 32


3 жастан 4 жасқа дейінгі балалардың №4 ортаңғы тобы үшін

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №32
Өткізілетін күні, айы, жылы: «16» сәуір 2020 ж.

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Тұқымнан не өсіп шығады?

Мақсаты: Асбұршақ, атбасбұршақ тұқымдары жəне оларды егу жолдары туралы түсінік қалыптастыру. Білімділік міндеті: Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тəрбиелеу, табиғатты аялауға үйрету.

Түзету – дамытушылық міндеті: Зейін қою, ойлау, сөйлеу қабілетін, қолдың моторикасын дамыту.

Тәрбиелік міндеті: Бірін – бірі сыйлауға, тату болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: өндірілген бұршақ, бұршақ собықтарының суреті, бұршақ тұқымы, топырақ салынған жəшік, топырақты қопсытатын таяқшалар, су құятын ыдыс, тұқым егу сызбасы.

Сөздік жұмысы: берік, тегіс бұршақ дəні, атыз, топырақ салу.

Қостілділік компоненті: тұқым – семена  

Іс - әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық



Тар үй екіге жарылды, Ішінен жасыл моншақтар шашылды Тәрбиеші балалардың жауаптарын мұқият тыңдайды. Бəрі бұл бұршақ деген қорытындыға келеді. Бұршақ дəндері тұратын «үйдің» – собық деп аталатынын түсіндіреді. Содан соң балалардан «Бұршақтың егіс алқабында қалай өсетінін білгілерің келе ме?» – деп сұрайды.

Шешуі: бұршақ.

ҰОҚ-ға ерекше қызығушылық танытады.



Ұйымдастыру -іздестіру



Балаларға тақтаға назар аударып, бұршақтың өсу фазаларымен танысуды ұсынады. Содан соң тақпақ оқиды. Дəп-дəмді бұршақ, Таңдайым тақ-тақ. Содан кейін бұршақтың балалар мен ересектерге не  үшін қажеттігін сұрайды. Тәрбиеші бұршақты шикілей жеуге болатынын, салатқа салатынын, одан сорпа пісіретінін, құтыға салып консерві жасайтынын айтады. Оны топта өсіруге бола ма? Сергіту сəті Қаптан тұқым алып, оның зерттеуге шақырады? Бұл не? Өндірілген, өскіндері бар бұршақтарға назар аудартады. Қарапайым еңбекпен айналысу. Тәрбиеші  балаларды       топырақ салынған  жəшік  пен  суға  салып өндірілген   бұршақ              тұқымдары тұрған үстелге шақырады. Бұршақ егу туралы    ұсыныс       жасайды. Тәрбиеші кішкентай       шұңқыр жасайды.     Өзінің     іс-əрекеттерін түсіндіріп  отырады.  3-4  баладан «шұңқыр» сөзін қайталауды сұрайды.Содан кейін шұңқырларға тұқым салып, топырақпен жабады. Балалардан не істеп жатқанын жəне əрі қарай не істеу керектігін сұрайды. Тәрбиеші балалардың жауаптарын тыңдайды. Енді топыраққа су құю керектігін айтады. Бұршақтар «тоңып» қалмас үшін жəшікті жұқа үлдірмен жауып, табиғат бұрышына қояды. Өзекті мəселе: Тағы қандай нысандар тұқымнан өсіп шығады?

 

Үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу Тағы бір нұсқа Балаларды «Тұқымдар» дүкеніне шақырады. Тәрбиеші тұқым сататын дүкен ашуға шақырады. Дүкенде төрт бөлім бар. Əр бөлімге бір дүкеншіден таңдап алады.



 Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

 

 



 

 

Балалар педагогтің айтуы бойынша бір-бір бұршақтан алып, шұңқырға салады.



 Балалар педагогтің көмегімен су құяды.

 Тұқымнан өсіп шығатын көгөніс пен басқа да дəнді дақылдарды түрлі түсті қарындашпен белгілейді (қияр, асбұршақ, қызанақ, қарбыз). Ойын барысында сатып алушы-балалар сатушы-балаларға барып өзінің қандай кəсіппен айналысатынын айтады: Содан соң белгілі бір өсімдікті сипаттап, оны егу жолдарын түсіндіреді Сатушы-балалар соған қарап керекті өсімдіктің тұқымын сатады.



Рефлексивті-түзетушілік



Күн жарқырай түсті. Енді бұршақтар «тоңбайды». Олар жылынған соң тезірек өсіп шығады.  Құмыраларымызды «жəшік) терезенің алдына, күннің көзі түсетін жерге қойып, күн сайын бақылау жүргіземіз.

Балаларды тірек карточкалардың көмегімен (көңіл күйді білдіретін смайлдар)  көңіл  күйін  білдіруге шақырады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: жемістер мен көгөністердің, ағаштар мен гүлдердің атауларын біледі;

Қандай түсініктерді игерді: өсімдіктің тұқымнан қалай өсіп шығатынын түсінеді;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: қарапайым еңбек ету жолдарын біледі.
Тәрбиеші: Эльбурсова Г.А. ________________

қолы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет