Жасампаздық қиырында



бет29/43
Дата06.02.2022
өлшемі406,43 Kb.
#48042
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43
БЕСІНШІДЕГІ ҚҰПИЯ ЖИЫН
Күн жүйесі деп аталатын жұлдыз жүйесінен келген ғалым-ғарышкерлердің даңқтары осы кіші әлемдегі жеті ғаламшардың тұрғындарына мейлінше мәжбүр болды. Алапат кеменің суреті де, бейне фильмі де барлық ғаламшар тұрғындарының көз алдарында. Бүгінде бұл жайлы білмейтін адам кем де кем. Ғаламшарлардағы жас балаларға дейін кеменің суретін салып, шағын бақылау құралымен оны мұқият бақылайды. Соңғы кездері арнайы бақылаушлар тобы да құрылған. Өздерінің жекеменшік шағын ғарыш кемелерімен ғаламшардан ұшып шығып, алапат кемеге жетіп, оның үстіне қонып, даладай қабырғаларын әбден қызықтап көріп, қайтадан елдеріне ұшып кетіп жатқандары қаншама. Ондай ұшып қону алапат кемеге шыбын қонып ұшқандай ғана көрініс . Жерден ұшып шығып, Айға жетіп, оның бетіне қонып, одан уыс топырақ алып, қайта ұшып кеткен бір ғарыш кемесіндей. Олардан да басқа келіп-кетіп жатқан көптеген кемелердің бірін білсе, екіншісін біле бермейді ғарышкерлер. Сондай кіп-кішкентай кемелерден соңғы кездері арнайы бір топ та құрылған еді. Олардың мекен-жайлары бесінші ғаламшарда болатын. Күн жүйесінен үлкен ғалым-ғарышкерлер келіп, одан кішірейіп, енді қайтадан үлкейгелі жатқан бір топ сол ғарышкерлердің тағдыры осы топты көптен бері ойлантып та жүрген еді.
Toп белгіленген уақытта осы ғаламшардагы ең ірі қалалардың біріндегі көп қабатты үйдің кең бөлмесіне жиналды. Топтың басшысы денелі, жауырындары қақпақтай, көздері оттай жанған, жасы қырықтағы қылшылдаган жігіт еді. Егер оларды Жер адамдары бақылар болса, онда ол кіп-кішкентай, бірақ шымыр болып көрінбек. Оған бұларды өйтіп сырттан бақылайтын адам баласы жоқ. Сондықтан да ол осы топтың ең мықтысы. Бүгінде адам баласы Ғаламды білектің күшімен емес, білімнің күшімен жеңеді. Білімсіз адам санасыз хайуанатқа да теңеліп қалады. Адам жаратылыстың құдайы. Өзге тіршілік иелерінің бәрі де саналылық жағынан адамға тәуелді. Адам бағындырмаған нәрсе тек жеке ғаламшарда ғана емес, күллі Ғалам кеңістігінде де азая берген. Бұрын осы жұлдызды әлемді қуатты деген бақылау құралдарымен бақылап қана қызықтайтын ғалым-ғарышкерлер енді міне, өзінше бөлек бір тып-тыныш жаткан кіші әлем тұрғындарына да қозғау салды. Жер шарының бір замандагы материктері мен аралдары да осылайша саяхат жасаудың нәтижесінде ашылған. Енді міне, ғалым-ғарышкерлер Жердегі материктер мен аралдар емес, Ғаламдағы жұлдызаралдарды да ашып, олардағы тұрғындармен тілдесіп, араласып-құраласып та жүр.
Сондай араласудың бірі осы бесінші ғаламшардың тұрғындарына да бұйырған еді. Бірақ мұндағы денелі жігіт ұйымдастырған топтың мақсат-бағдарлары мүлдем басқаша болған. Үлкен бөлмедегі дөңгелене орнатылған үстелдің айналасында жақтауы биік жұмсақ орындықтарда отырған отыз әскери ғарышкер қарсы алдарындағы үлкен таблоға қараған. Ал оның жанында мұғалімдей болып денелі жігіт тұр еді. Ол сөзін қоңыр үнмен бастады.
— Жоспар осылай, - деді ол таблоға, онан соң айналада отырғандарга қарап, - алапат кемені жаулап алуымыз керек. Оларда небәрі алты үлкен темір адам болса, бізде ондайдың отызы бар. Қай жағының мықты болатыны осы санының өзінен-ақ түсінікті шығар деп ойлаймын. Енді уақыт оздырмайық, достар. Егер алапат кемені басып алсақ, онда онымен кеңею кеңістігіне шығамыз. Одан кейін олар келген Жер ғаламшарына ұшып жетеміз. Ондағылар бізді түсіне алмайды. Үлкею, қайтадан сол бұрынғы қалпымызга түсу қай қайсымыздың да ішкі арманымыз емес пе? Қысқасы, біз, ұшуға, алапат кемені қоршап алып, қолымызға түсіруге дайынбыз!
— Дайынбыз! - хор дауыспен бір мезетте жауап қатты отырғандар.
— Жақсы, ал тұтқынға түскендерді қайтеміз?
—Қол астымызда қызмет ететін болсын! -деді басшының орынбасары, арықтау, бойы биік, дөңгелек жүзді, мұрны тәмпіштеу келген, көздері сәл шүңірейіңкіреген жігіт орнынан түрегеліп, — өйтпеген жағдайда қатерге тап боламыз. Олар кеменің барлық жүйелері мен құпиясын біледі.
Сонымен қатар темір адамдарды да мықтылап бақылауға алуымыз керек, — деді екінші бірі, орта бойлы, мығым денелі, көздері сәл сығылыңқы, қыр мұрынды жігіт, - өйткені, әйтпесе, өзімізге екі есе қауіп төнеді.
— Жақсы. Бұл ақылдарыңа қосыламын, - деді денелі жігіт, - қолға түсірген соң қай-қайсысымыз да оларға абаймен қарауымыз керек! Ал ендігі мәселе жол-жөнекей шешіледі! Кәне, аттанайық!
Менің бір ұсынысым бар, — деді сол кезде орта бойлы, арықтау келген бір жігіт, — темір адамдар өз беттерінше әрекет ететін кәдімгі автомат жүйе емес. Олар сол алты ғарышкердің ұқсастары. Әрбір ғарышкер екі адамға тең деген сөз бұл. Сондықтан да тек өзінше ғана әрекет ететін біздің темір адамдарымызды олар шатастырып, басқа бағытқа қарай бұрып, өзімізге қатер төндіруі де мүмкін.
— Қаупің дұрыс, — деді басшы жігіт сәл сергіп, — біздің темір адамдарымыз да осал емес олардыкінен. Темір адамдарымыздың әрқайсысы бір-бір кемені басқарады. Олар әдеттегідей өз ғаламшарларына қайтуға дайындалуда. Ал біз онысын болдырмаймыз. Бізге дейін шабуыл жасағандардың ешқайсысында да мұндай ғаламат күш болған емес. Оны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Сондықтан да жеңіс біз жағында болуға тиісті.
- Ләйім солай болғай! - деді соңғы пікірді айтқан әскери ғарышкер.
Солай болтай! Жеңіс біз жақта! Жеңіс біз жақта! - деп, бәрі қосылып бірнеше рет дауыстады.
- Басшы жігіт құпия жиындағы мәселенің толық шешілгенін білдірді. Бәрі орындарынан тұрып, қиын сапар алдында жасайтын «Сәттілік тілеу» рәсімдерін жасады. Өздерінің бір кездегі Ғалам батыры атанған ғарышкерлергіне тағзым етті. Ол осы бөлмеде, шыны қораптың ішіндегі мұздатқышта жатыр. Үлкен сапар алдында осы топ әркез осында келіп жиын өткізеді. Осы жерден тіке көздеген бағыттарына қарай кетеді. Бұл жолғы рәсімдері де сәтті өткендей еді. Әйгілі Ғалам ғарышкеріне тағзым еткен соң бәрі сыртқа қарай бет алды. Алдарындағы шыны есіктер әдеттегіше сыр-сыр ашылып, бұлар еткен соң қайта жабылып жатты. Соңғы шыны есік ашылып, қайта жабылғанда, қарсы алдарында, үлкен алаңда отыз бір темір адам бір қатарға caн түзеп тұрды. Олар бір бірімен адам сияқты сөйлесіп, бір біріне күлісіп, адамша ойлап, алғы жоспарын жасай білетін. Айырмасы көп емес. Тамақтың орнына тоқпен қоректенеді, балатумайды, ұрпақтарын өздері қолдарымен жасап алады. Сөйтіп, өздерін өздері көбейтеді. Бұл осы ғаламшардағы жалпы темір адамдардың тыныс- тіршілігі болатын. Ал мына отыз бірдің жөні болса да бөлек. Бұлар, жай, өздеріндей кішкентай темір адамдармен тіл табыса алмайды. Үлкеннің аты - үлкен. Әркім өзінің шамасына қарай дос тандайды. Өмірді бірге сүретін серік табады. Ал ол жағынан келгенде, отыз бірдің тағдырлары да Жер ғаламшарынан келген, мұндағы кіші әлемге сығылған алты ғалым ғарышкерлердің тағдырларын қайталайтындай.
- Бірақ бұл топ үшін темір адамдардың тағдырларынан гөрі өздерінің тағдырлары әлдеқайда маңызды. Сондықтан да олар қаншама іс тындырып, көмек корсетіп жатса да, оларға топ жігіттерінің ешқайсысының да жүрегі жылымайды. Топтың ойлайтыны, олардың өздеріне мүлтіксіз қызмет етуі, жоспарларын жүзеге асыруға көмектесуі. Сондықтан да топ басшысы темір адамдардың жүздерін қалта теледидары сияқты кіп-кішкентай зат арқылы шолып шықты. Содан кейін олар жүзеге асыратын іс-әрекеттерін де қайта бір пысықтады. Темір адамдарда кінә жоқ еді. Оларға тапсырма берілсе болды, жой дегенін жояды, қират дегенін қиратады. Қазіргі керек нәрсе, оларды қолға түсіру, темір адамдарын істен шығару. Содан кейінгісі өз өзінен түсінікті. Дайын кемені қозғалтып, сығылу аймағынан шыгару. Ал одан кейін өздерінен құдіретті ешкім де болмайды. Мына әлем кіші әлем болып көрінеді, барлық бақылағыштары да, жаулары да, таныс-та- мырлары да, жайына қалады. Әлем патшасы деген осы. Үлкейген соң Жер ғаламшарына жетеді. Ондағы ең саналы тіршілік иелерімен — өздеріндей адамдармен жүздесіп, тілдеспек. Түпкі мақсаттары да сол. Топтың өз іс- терін тездете бастағандары да содан-ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет