Жасанды интеллект теориясының даму тарихы



бет6/8
Дата11.03.2022
өлшемі61,65 Kb.
#135129
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
дәріс 1

1.3-сурет. Білімдердегі тұжырым

Мысалды қарастырайық. Адам сағатқа қарайды. Нені ол көреді? Мәліметтерді? Ақпаратты? Білімді? Адамның іс-әрекетін бақылайық. Көз циферблатқа қарап тұр. Миға электр сигнал түседі. Сосын кісі ойланып түсіну керек (сағат тілінің орнынан) қанша уақыт (яғни алынған мәліметтерді кейбір шкаламен салыстыру). Нәтижесінде декларативті ақпаратты алып, мысалы 08:20, кісі сыртқы білімді қосып (мысалы, өзінің жұмыс тәртібін), кешіккенін (білім) түсінеді және жылдам жүре бастайды (мінез-құлқының параметрлерін өзгертеді, яғни мәліметтерді).


Білімдердің ерекше белгісі – олар бастапқы жүйеде болмайды. Сағат циферблатында «мен кешіктім» деген жазу жоқ. Бұл сөз адамның жұмыс тәртібінде де жоқ. Ақпараттық бірліктерді салыстыру, арасындағы қайшылықтарды табу және шешу нәтижесінде білімдер пайда болады. Яғни, білімдер белсенді, олардың пайда болуы (немесе жетіспеушілігі) кейбір іс- әрекетке келтіреді.
Білімдер үшін келесі қасиеттер сипатты:

  • ішкі түсіндірушілік (әрбір ақпараттық бірліктің бірегей аты болу керек және ол бір мәнді анықталу керек);

  • құрылымдылық, яғни ақпараттық бірліктердің арасында арақатынастар анықталу қажет (мысалы, «бөлік - бүтін», «тегі - түрі» және т.б.)

  • білімдер кейбір кеңістікті жасайды, бұл кеңістік метрлік немесе метрлік емес те болу мүмкін.

Ақпараттық бірліктер үшін аттарын қою, осы бірліктерді ажырату, арақатынастарды анықтау – күрделі есеп. Қарапайым құрылымы бар нақты объектілер үшін ақпараттық бірліктерге және арақатынастарға бір ғана ұсақтауы болады. Мысалы, «ит - құйрық» жүйесі үшін жалғыз ғана модель ойлап табуға болады «құйрық иттің бөлігі».
Күрделі, ең бірінші абстракты, жүйелер үшін, «бүтіні» және «бөлігі» қайсысы қайда түсінуге оңай емес. Қарастырайық, мысалы «доллар курсы»
жүйені, бұл үшін қайсысы маңызды параметр, қайсысы маңызды емес айқын айтаалмаймыз. Немесе көп мәнді арақатынасты «тию» (А В-ға тиді) екенін әртүрлі жағдайға сәйкес түсіндіріп көріңіз.
Осындай проблемалардың шешуімен жасанды интеллектің «білімдер инженериясы» деген саласы айналысады.
Күй – екінші маңызды атау сөзі. Әрбір ақпараттық бірліктер және толығымен барлық жүйе белгілі бір күйде болу мүмкін. Мысалы, шам бір күйде бола алады: қосылған - өшірілген. Бұл жағдайда күйлер кеңістігінің қуаты 2 (1.4-сурет қараңыз).






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет