Жасанды интеллект теориясының даму тарихы



бет1/8
Дата11.03.2022
өлшемі61,65 Kb.
#135129
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
дәріс 1

    1. Жасанды интеллект теориясының даму тарихы


Қазіргі ғылымның кез келген бағыттары сияқты жасанды интеллектің даму тарихы өте бай.


Автоматтандырылған технологиялардың кең дамуы (1.1 кестені қараңыз) ХХ ғасырдың екінші жартысында басталды. Жасанды интеллектің негізгі теориялық қағидалары дәл сол заманда орнықты деп айтуға болады.
Жасанды интеллект теориясында салмақты өзгерістер мен жетістіктерді алдымыздағы он - жиырма жылда күтуге болады.


Кесте 1.1

Ақпараттық технологиялардың даму кезеңдері


Кезең

Шешілетін міндеттер

Ғалымдар және инженерлер

Техника

Машиналардың алдыңдағы (XVII ғ.)

Есептерді (көбінесе,
арифметикалық) автоматтандыру

Г. Лейбниц, Б. Паскаль

Арифмометр, логарифм сызғышы және т.с.с.

Механикалық және механика-электр
есептеуіш машиналар (XIX ғ. – XX ғ. ортасы)

Есеп жүргізу (тауарларды есепке алу,
халық санағы, ғылым). Хабарларды шифрлеу

Ч. Бэббидж және А. Лавлейс,
Г. Голлерит, П. Чебышев

Голлерит машинасы, электржетегі бар
арифмометр, «Энигма» шифрлеу машинасы

Алғашқы ЭЕМ (XX ғ. 40 жылдарынан бастап)

Бірталай деректерді енгізу, сақтау, өңдеу

Фон Нейман (теориялық негіздері), Кодд Э.
(реляциялы деректер базасы, 60 жылдар).

ENIAC (АҚШ, ядролы бағдарлама үшін
есептер). Мейнфреймдер, ЕС ЭВМ (70 жылдары)

Алғашқы басқарушы есептеуіш машиналар (XX ғ. 50 жылдарынан бастап)

Техникалық қарапайым заттардың, күрделі жүйелердің параметрлерің басқару
және бақылау.

Н. Винер (теориялық негіздері),
К. Шеннон,
Д. А. Поспелов

Икемделген ЭЕМ, космос ракеталарын жүргізу жүйелері (ҚСРО) және т.б.

Басқарушы есептеуіш кешендер (XX ғ. 70 жылдары)

Ірі техникалық жүйелердің ақаулықтарын автоматты түрде диагностикалау. Ірі техникалық жүйелерді басқару мен жұмыс
тәртіптерін таңдау

Р. Белман,
Л. С. Понтрягин, М. Мински

Есептеуіш өлшеу кешендер СМ ЭВМ (PDP- 11). Автоматтандырылған жобалау жүйесі, микро- ЭЕМ

Дербес компьютерлер және үлкен ЭЕМ (XX ғ. 80 жылдарынан бастап)

Көпөлшемді деректерді талдау, болып кеткен оқиғалардың себебін іздеу, қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарды іздеу

Аристотель, Дж. Буль, Л. Заде,
М. Мински, С. Пейперт,
Р.Кини, Х. Райфа, Р. Ковальски, және басқалар.

Микро-ЭЕМ PDP-11,
IBM/370, дербес компьютерлер IBM286, 386 және т.б.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет