Жасанды интеллект (искуственный интеллект) – бұл адам ойын компьютерде бейнелейтін программалық жүйе. Яғни, адамның логикалық ойлау қаблетін әртүрлі машиналарда іске асыру, оларды дербес ойлай алатын ету дегенге саяды.
Жасанды интеллект жұмысы екі бағытқа бөлінеді:
бірінші бағыт адамның интеллектуальды әрекетінің өнімін қарастырады, оның құрылысын меңгереді(есептерді шешу, теоремаларды дәлелдеу, ойындар) және бұл өнімдерді қазіргі техника көмегімен жасайды.
екінші бағыты интеллектуальды іс-әрекетінің нейрофизиологиялық және психологиялық механизмі туралы мәліметтерді, дәлірек айтқанда адамның саналы іс-әрекетін қарастырады.