ГАСТРОСТОМАНЫ КҮТУ
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: операциядан кейнгі жағдай.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 3-4 дана пинцеттерді, Кунер қайшысын, таңғыш материалды, қолғапты, лотокті, Жане шприцін, 0,5% калий перманганат ерітіндісі бар флаконды, шпательді, жылытылған түрдегі Лассар пастасын; лейкопластырьді, пайдаланған таңғыш материалдарға арналған лотокті, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
3. Үзындығы 15-16 см кем емес кішкене жабысқыш пластырьді даярлаңыз, түтікті терінің үстінен ораңыз жэне науқастың терісіне пластырьдің шетін желімдеңіз.
4. Тесіктің айналасындағы теріні 0,5 % калий перманганат ерітіндісімен суландырған мақта шаригімен тазартыңыз, қүрғақ шарикпен мүқият кептіріңіз.
5. Қалың қабатты жылытылған Лассар пастасын шпательмен тесіктің айналасындагы теріге жагыңыз.
6. Пастаның үстінен «кішкене ыштан» түрі бойынша кесілген залалсыздандырылған салфеткаларды салыңыз (1-салфетканын кесілген жағы төмен, 2-кесілген жагы жоғары, 3-сол жағы, 4-оң жағы).
7. Залалсыздандырылған салфетканың үстінен ортасында тесігі бар үлкен салфетканы салыңыз (түтікті шығару үшін).
8. Үлкен салфетканың тесігі арқылы шығарылған резеңке түтікті жолақ бинтпен тығыз бел айналасына, белбеу сияқты екі түйінге байлаңыз. Осы белбеуді екінші жолақ бинтпен бекітіңіз.
9. Пайдаланған қүралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
10.Қолғапты шешіңіз, қолғапты, таңғыш материалды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
П.Тануды жасап болған соң түтіктің өткізгіштігіне жэне асқазанга баратынына көзіңізді жеткізуіңіз қажет, ол үшін Жане шприцімен немесе қүйғыш арқылы түтікке аз мөлшерде залалсыздандырылған ерітінді қүйылады. Егерде түтіктен өтпесе немесе резеңке түтік тесіктен түсетін болса, онда дәрігерге хабарлауыңыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |