Жасанды тамақтандырудың әдістері. Емдік диеталар. Науқастарды тамақтандыру



бет12/13
Дата30.05.2023
өлшемі67,53 Kb.
#178010
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Жасанды тамақтандырыудың әдістері 8

4 диета (4а, 4б, 4в) - бұл диетаның әр түрлі варианттары ас қорытудың бұзылуымен қоса қабат келетін қатты және созылмалы ішек аурулары (колит) жағдайында белгіленеді. Жазыла бастағанда 4В диетасын ұстанған дұрыс:
тамақ суға не буға пісіріледі;
дайын тамақ устелге майдаланабаған күйінде қойылады;
тамақты аз мөлшерде күніне 4-5 рет ішу ұсынылады;
күндік ас үлесі құрамы: белок - 100 г., май - 70 г-ға дейін, углевод - 250 г., ас тұзы - 8-10 г.
рұқсат етілмейтіндер: таза табиғи жеміс-жидек шырындары, қаймағы алынбаған сүт, бұрыш, қыша, сірке суы, ақжелкен, қуырылған, ащы және қышқыл, тұздалған, маринадталған тамақтар.
5 диета (№5а) - бауыр және өт жолдары ауыратын адамдарға белгіленеді:
тамақ суға не буға пісіріледі және көбінде ұнтақталмаған күйінде беріледі;
тамақ қабылдау жиілігі - күніне 4-5 рет;
күндізгі ас үлесі: белок - 100 г., май - 100 г. (оның үштен бір бөлігі өсімдік майы), углевод - 400-450 г., ас тұзы - 10-12 г.
рұқсат етілмейтіндер: қуырылған, майлы, ащы және қышқыл, сүрленген, тұздалған және маринадталған тамақтар, ет, балық және саңырауқұлақ сорпалары, қойшошқақазүйрек етінен жасалған тағамдар, ми, пияз, сарымсақ, шалқан, тұрып, саумалдық, ақжелкен, қыша, бұрыш, сірке суы, ет және балық консервілері, тұздығы және майлы тұздығы бар тамақтар; өт жолына тас байланған жағдайда бұларға қосымша қант қайнатпабал және кондитер өнімдерін шектеген дұрыс.
6 диета - құяң және несеп жолдарының ауруларымен ауырғанда белгіленеді:
құрамында пуринасы аз тамақтар -көкөністер мен жемістер, сүт, жұмыртқа, қайнатпа, дәндер;
сұйық ішуді көбейту, әсіресе табиғи шырындар;
тамақ ішу жиілігі күніне 4 рет;
күндік рацион құрамы: белок - 80-90 г., май - 80-90 г., углевод - 400 г;
рұқсат етілмейтіндер: ет, балық және саңырауқұлақ сорпалары, консервілер, қақталған еттер, тұздықтар, спиртті ішімдіктер, тұзды ірімшіктер, тұздалған және маринадталған көкөністер, кондитер өнімдері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет