Жасанды тамақтандырудың әдістері. Емдік диеталар. Науқастарды тамақтандыру



бет13/13
Дата30.05.2023
өлшемі67,53 Kb.
#178010
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Жасанды тамақтандырыудың әдістері 8

7 диета (№7а, №7б) - бүйрек қабыну ауруына шалдыққандарға белгіленеді.
8 диета - семіріп кеткен адамдарға белгіленеді:
тамақ рационында углевод, май, тәбет ашатын заттарды шектеп, калориялылығы аз тағамдарды пайдаланады;
тамақ кез келген кулинариялық тәсілмен тұзсыз дайындалады;
тамақ ішу жиілігі күніне 4-5 рет, кейде көбірек ішу ұсынылады;
күндік рацион құрамы: белок -90-130 г., май - 60-90 г., углевод - 100-200 г., ас тұзы - 3-5 г (дайын асты тұздау үшін).
дәрігердің белгілеуі бойынша диетаны жартылай ашығу күндерімен кезектестірген дұрыс.
9 диета - қант диабеті кезінде белгіленеді:
тағам рационында углевод пен май мөлшері шектеледі;
күндік рационның химиялық құрамы емдеуші дәрігер беретін арнайы таблица арқылы мөлшерленеді;
тағамды әр түрлі әдіспен дайындауға болады;
тамақ ішу жиілігі күніне 4 реттен аз болмауы керек;
қанттың орнына ксилит, сорбит ұсынылады;
кебек қосылған арнай нандар;
көкөністерді 8-12 сағат суда ұстап крахмалын азайту керек;
қанттан басқа бал, қайнатпа, жүзімінжір және қарбызды пайдалануға болмайды.
10 диета - бүйректің, жүрек - қан тамыр жүйесінің кейбір аурулары кезінде белгіленеді:
рационда ас тұзы мен сұйық ішу азайтылады;
тамақ суға не буға пісіріледі;
қуырлған тамақ жеуге тыйым салынады;
тұзсыз тағамдардың дәмін келтіру үшін сүт, ірімшік, жеміс және жеміс соустарынан жасалған пудингтерді пайдалану ұсынылады;
тамаққа қант, бал, лимон, лимон шырыны мен қышқылын, қою томат шырынын, ванилин, дәмқабық, қалампыр қосуға болады;
күндік ас үлесінің құрамы: белок - 80 г., май - 7 г., углевод - 350-400 г., ас тұзы - 3 г, сусын мөлшері 0,8 литрден аспағаны жөн.
11 диета - туберкулез және өкпенің іріңді аурулары кезінде, ұзаққа созылған ауыр науқастан жазыла бастағанда белгіленеді:
белоктардың, май, көміртегікальций және фосфор тұздарының құрамы арттырылады;
көбінесе сүттен жасалған тамақтарды пайдалану арқылы рациондағы мал өнімдерінен алынатын белок мөлшерін арттыру;
С дәрумені бар (көкөніс, жеміс-жидек, итмұрын, қайнатылған су);
В дәрумені тобы (бауыр, ашытылған сусындар);
күндік тамақ ішу жиілігі - 4 рет;
күндік рацион құрамы: белок -120 г., май - 120 грамға дейін, углевод - 500 г., кальций - 1,6 - 2 г., фосфор - 1,6 г.
12 диета - жүйке жүйелері ауруларына шалдыққанда белгіленеді.
13 диета - асқынған жұқпалы аурулармен ауырған науақастарға белгіленеді.
14 диета - бүйрекке тас байланған кезде белгіленетін диета.
15 диета - арнайы емдік тағам белгіленбейтін басқа ауру түрлеріне қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет