Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!


ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН



Pdf көрінісі
бет107/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН
ТІЛ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ 
12


Қағаздан көбелек немесе ұшақ жасаңыз, оған жіп байлап, 
балаға оларға үрлесе, ұшатынын көрсетіңіз. Үрлегенде дем 
шығару барынша ұзағырақ бола түсуіне қол жеткізу қажет.
Ағаш жасаңыз: қағаздан бірнеше жолақ қиып алып, таяқшаға 
немесе қарындашқа жапсырыңыз, «жел» ағаштың жапырақта-
рын тербелтеді. Мұндай жаттығулар қиялды да дамытады.
Баламен бірге қағаздың 
қиындысын немесе балауыз 
жалын үрлеңіз. Дем шығару 
оқыс болмауы керек, өйткені, 
жалын сөніп қалуы мүмкін, 
сондықтан, бірқалыпты және 
жеңіл үрлеу керек.
Қағаздан құстарды қиып 
алып, үстелдің ең шетіне 
қойыңыз. «Құстар ұшсын!» 
деп әмір беріңіз де, тек бір 
рет қана үрлеңіз. Құстар 
алысырақ ұшуы үшін 
шыққан дем мейлінше ұзақ 
болуы тиіс.
Солған бақбақты жұлып 
алып, үлпектері ұшатындай 
етіп үрлеңіз. Бала ауаны жұт-
пай, сыртқа шығармай, қос 
ұртына жақсылап жинауын 
қадағалаңыз. 
Айналғыш немесе ойыншық 
диірмен жасаңыз (немесе 
сатып алыңыз), баланы қа-
наттарды айналдыратындай 
етіп үрлеуге үйретіңіз.
Баланы ыстыққа үрлеуге, 
қолын демімен жылытуға үй-
ретіңіз, мұрнымен дем алып, 
қолын аузына апарып, демін 
аузынан шығарсын.
Балаға ит ыстықтағанда 
қалай тыныс алатынын 
көрсетіңіз: тілін шығарып, 
ентігіп, тез.
Балалар дем алу мен дем 
шығаруды, ауызбен және 
мұрынмен дем алуды және 
дем шығаруды шатастыруы 
мүмкін. Гүл иіскеуді үйретіңіз 
(әсірелетіп (арнайы) мұрын-
мен дем алу керек те, ар-
тынша «А» деген дыбыспен 
демді сыртқа шығару керек).
87


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет