Уақыт өте келе балаға тілімен ойнауды және түтікшеге (сыбы-
зғыға, ысқырыққа және т.б.) үрлеуді үйретіңіз.
Бала біраз есейгенде сөйлеу аппаратын жаттықтыру үшін
арнайы ойын-жаттығулар жасай бастаңыз (бір жарым жастан
бастап). Жаттығу жасағанда қажетті
сөздерді баламен бірге
қайталаңыз.
Са-са-са, ызыңдайды маса,
Жу-жу – қане ыдыс жу,
Бом-бом-ботақан, бері келші, қошақан,
Лау-лау-лау, желбірейді жалау,
Ра-ра-ра, жан-жағыңа қара,
Ер-ер-ер, менің соңымнан ер,
Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан.
Бастапқыда әртүрлі дыбыстарды айту, соның ішінде, тілдік
емес: пысқыру, зіркілдеу, шиқылдау және т.с.с. өте
маңызды
(балалар мәз-мейрам болады). Дыбыстарды әсірелеп (арнайы
баса): ауызды кең ашып, ерінді
созып айтыңыз, бала, мәселен,
«ку-ку» дегеннің «қо-қо» дегеннен қандай айырмашылығы бар
екенін көрсін.
Жалпы
нағыз әртіс болыңыздар, қиялға беріліңіздер. Тіпті екі
апталық нәрестеге серуенге шығарда киіндіріп жатып сиыр қа-
лай мөңірейтінін, әтеш
қарай шақыратынын, ит қалай үретінін
айтып берсеңіз, дән-риза болады. Өзіңіз
білетін барлық
жануарларды атап шыққанша бала да киіндірулі. Осының бар-
лығы - алғашқы артикуляциялық жаттығулар, әрі
есту қабілетін
де керемет дамытады. Бірақ жаттығуларды мәнерлеп, әртүрлі
дауысқа салып жасау керек.
89
Достарыңызбен бөлісу: