Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!


ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛА ТІЛІНІҢ



Pdf көрінісі
бет123/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛА ТІЛІНІҢ
ДАМУЫНДАҒЫ ОТБАСЫ РӨЛІ 
14


бүлдіршінге сұрақтар қойыңыз, бірақ балақайдан 
бірден жауап беруін талап етпеген жөн. Кідіріс жа-
саңыз, артынша балаға дұрыс жауап үлгісі ретінде 
өз сұрағыңызға өзіңіз жауап беріңіз. Сондай-ақ, 
баланың сізге сұрақ қоюға деген ұмтылысын ынта-
ландырыңыз;
баланы үнемі мұқият тыңдаңыз, сөзін бөлмей, 
асықтырмай сөйлесіңіз;
балаға күнде кітап оқыңыз, оған үнемі сүйікті 
әндері, ертегілері, әуендері, тақпақтары жазылған 
таспаларды тыңдауды ұсыныңыз;
баланың өтінішін бірден орындауға асықпаңыз
кейде бала сөздерді пайдалануға мәжбүр болатын 
жағдай жасау қажет, осылайша, сіз оның тілінің 
дамуына ықпал етесіз;
сіз баланы 5 сезімнің әрқайсысымен қолдану 
мүмкіндігімен қамтамасыз етуіңіз қажет: ол ай-
наладағы әлемді көруі, естуі, қолмен ұстап көруі, 
дәмін татып көруі, сезінуі тиіс. Ол әлемді неғұр-
лым белсендірек тани бастаса, жалпы дамуы да 
жоғары деңгейде болады;
баланың жаңа әсерлері жеткілікті болуы (бірақ, 
тым көп болмауы) тиіс;
бала өтінсе, онымен бірге ойнаңыз;
нақты ережелер белгілеңіз, олар тым көп болмауы 
тиіс, бірақ әрдайым орындалуы міндетті;
басқа балалармен тілдесуді және ойнауды қол-
даңыз;
бөбектің әуесқойлығын және қиялын шыңдаңыз;
100


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет