Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!



Pdf көрінісі
бет126/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

БАЛАҒА СӨЙЛЕП ҮЙРЕНУДЕ
ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ
15


Оған қоса, жекелеген сөздер әзірше анық айтылмайды, әлі 
көптеген дыбыстар жоқ. Кейбір балалар «р» және ысылдаған 
дыбыстардан басқа ана тіліндегі дыбыстардың басым көпшілі-
гін дұрыс айта алады. 3 жастан асқанда балалар ойыншықтар-
ды, жиһазды, киім-кешекті, ыдыс-аяқты, азық-түлікті, олардың 
бірқатар қасиеттерін бір-бірінен ажырата алады және атын 
айта алады, сонымен қатар, заттарды пішіні, түсі, көлемі 
бойынша іріктеп, топтастыра алады; бала түріне, дәміне, түсіне 
қарап, кейбір көкөністерді және жемістерді тани алады және 
бір-бірінен ажырата алады; жан-жануарларды, олардың дене 
мүшелерін ажырата алады және атап бере алады.
3 жастан кейін баланың сөздік қоры келесілерден тұрады: зат 
есімдер, көлік құралдарының (көлік, автобус), көлік бөлшек-
терінің (кабина, басқару тұтқасы, дөңгелек), өсімдіктердің (ағаш, 
шөп, гүлдер), жемістердің (алма, алмұрт), көкөністердің (сәбіз, 
қызанақ, қияр), үй жануарларының (ит, мысық, тауық) және 
олардың төлдерінің атауын білдіреді; етістіктер, әрекеттерді 
және өзара қарым-қатынастарды (жуу, кір жуу, емдеу, беру, 
көмектесу, аяу және т.б.) білдіреді; сын есімдер, көлемін, түсін, 
дәмін (үлкен, қысқа, қызыл, көк, тәтті, 
қышқыл) білдіреді; үстеулер (жақын, 
алыс, төмен, жоғары, тез, баяу, 
қараңғы).
Бір жарым жасқа дейін балалар тілінде сөйлемдер болмай-
ды. Олардың орнына бала сөз-сөйлемді қолданады. Мысалы, 
баласы анасынан ойыншық көлігін сұрағанда: «Би-би» дейді. 
Мұндай сөз-сөйлемдер жағдайға қарай әртүрлі мәнге ие болуы 
мүмкін.
Баланың сөздік қоры әлі де болса шағын – шамамен 10-30 сөз. 
Көбінесе, әдеттегі сөздердің орнына ол оңайлатылғандарын 
қолданады (тамақ ішудің орнына - «нәм-нәм»). 
Екі жасқа толғаннан кейінгі екінші жарты жылдықта бала енді 
3-4 сөзден тұратын сөйлемдермен сөйлейді.
Бала сөйлемдермен сөйлейді, бірақ мұндай сөйлемдердегі 
сөздер арасында грамматикалық байланыс жоқ: ол жалғаулар-
ды дұрыс пайдаланбайды, зат есімді, етістіктерді және басқа да 
сөз таптарын қолданғанда қателер жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет