З
иянды әдеттер — балаларға тән мінез-құлықтағы
ауытқушылықтар тобы. Осындай ауытқушылықтар не-
гізінде ерте жастағы балаларға тән ықтиярлы әрекеттерді
тиянақтау жатыр.
Ең көп таралған зиянды әдеттердің қатарында сау-
сақ сору, тырнақ кеміру, онанизм кездеседі. Сирегірек
кездесетіндері арасында ауыртып шаш жұлу, бас пен
денені ырғақты теңселту бар. Медициналық әдебиетте
балалардың мінез-құлқындағы осындай ауытқушылықтар
«патологиялық дағдылы әрекеттер» деп аталады.
Патологиялық дағдылы әрекеттердің пайда болуының
негізгі себептері келесідей:
генетикалық факторлар (тұқым қуалайтын бейім-
ділік);
баланың темпераментінің және мінезінің ерекшелік-
тері;
жүктілік патологиясы, босану кезінде алған жа-
рақат-зақымдар, туылғаннан кейінгі бір жыл ішінде
орын алған ауыр жұқпалы аурулар (нәтижесінде –
баланың жүйке жүйесінің әлсіздігі);
баланың бастан кешкен созылмалы психозақым-
даушы күйзелістері;
ата-аналар тарапынан эмоционалдық тұрғыдан
жақын тартпау (шеттету), тым қатал тәрбиелеу, физи-
калық жазалау шараларын қолдану.
i
Аталған факторлар баланың эмоционалдық күйзеліс,
ұдайы қанағаттанбаушылық, жақындарына қатысты
қарама-қайшылық сезімдерін тудырады. Ал патологиялық
әдеттер жағымсыз эмоционалдық күйзелісті бәсеңдетеді және
эмоционалдық қиналысты жоюға септігін тигізеді. Патологиялық
әдеттердің тұрақтануына бала басынан кешіретін ләззат сезімі
мен баланың осындай әрекеттеріне айналасындағы ересек-
тердің айрықша көңіл бөлуі жағдай жасайды.
120
Достарыңызбен бөлісу: