Онанизм – бұл ұғым әртүрлі механизмге ие патологи-
ялық әдеттер тобын біріктіреді. Негізгі әрекет – жыныс
мүшелерін қолмен, аяқ қысумен, әртүрлі заттарға үйкеу
арқылы және т.б. жолдармен тітіркендіру.
Бұл әдеттің туындауына себепші факторлар:
қышыма ілесе жүретін экссудативті диатез және
жыныс мүшелерінің қабынуы;
тар киім;
тазалық ережелерін сақтамау немесе, керісінше,
шамадан тыс сақтау;
бұт арасын тітіркендіретін ішек құрттарының сөлі;
шапалақпен ұру немесе сабау (қанның жыныс
мүшелері айналасына құйылуы қоздыруды қамшы-
лайды);
күштеп тамақтандыру (жыныс мүшелері аумағы
ауыздың және еріннің шырышты қабығымен реф-
лекс деңгейінде байланыста;
күштеп тамақтандыру бірінші аймақты еріксіз қоз-
дыра отырып, екіншісінің белсенділігін «тұншықты-
рады»);
ата-ананың эмоционалдық салқындығы, әсересе,
ана тарапынан жылу мен табиғи-
лықтың жетіспеушілігі; ере-
сек балаларға еліктеу.
Тырнақты қысқа етіп алу қажет. Бала жазу жазатын
қаламның ұшын немесе қолындағы затты, бірақ, міндетті
түрде таза болуы тиіс, кеміруге рұқсат беруге болады.
Тырнақ кеміргісі келгенде қос алақанын бір-біріне үй-
кеуге болады. Баланы осы әдетпен өз бетінше күресуге
ынталандыруға болады: осындай әдеттің қаншалықты
зиян екені түсіндіріледі және тырнақтары кемірілген
саусақтардың қаншалықты ұсқынсыз екенi көрсетіледі,
өзін-өзі қадағалауға үйретіледі. Балаға: «Сен бұл әдетті
міндетті түрде жеңесің» деп, жігер-қайрат беру қажет.
Оған қиындық тудыратын жағдайларда белсенді көмек
көрсетіледі, себебі, сондай жағдайларда ол әсіресе жиі
осы әдетіне басады. Есіңізде сақтаңыз:
тырнағын кеміретін балалар – өз-өзіне
сенімсіз балалар, демек, ең бастысы
– балаға байсалды және өзіне деген
сенімі мол болуына көмектесу керек.
123
Достарыңызбен бөлісу: