Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!


БАЛА ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет167/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

БАЛА ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ 
НАРАЗЫЛЫҚ ӘСЕРІ
21


4. Дербестікке ұмтылыс үрдісі айқын көрініс береді: 
бала бәрін өзі жасағысы және өзі шешкісі келеді. Дағда-
рыс кезінде дербестікке асыра ұмтылу бірбеткейлікке 
алып келеді, ал ол көбінесе бала мүмкіндіктеріне сай 
келе бермейді, әрі ересектермен қосымша қақтығыстар 
тудырады.
5. Наразылық-бүлік.
Кейбір балалар ата-анасымен ұдайы жанжалдасады, ол 
барлық ересектерге соғыс ашқандай әсер қалдырады. 
Жалғыз балалы отбасында деспотизм (озбырлық) көрініс 
беруі мүмкін. Бала айналасындағы ересектерге қатал 
билік жүргізеді, не жейтінін, нені жемейтінін, анасы 
үйден кете ала ма, жоқ па, т.с.с. бұйырады.
6. Отбасында бірнеше бала болса, деспотизм (озбырлық) 
орнына 
қызғаныш туындайды: дәл сол билік ету үрдісі 
жас озбырдың пікірінше отбасында ешбір дерлік құқығы 
жоқ басқа балаларға қатысты қызғаныш, төзбестік көр-
сету түрінде орын алады.
2. Қыңырлық. 
Бұл өзі қалағандықтан емес, ересектерге өзі айтқан-
дықтан өз дегенін істетуге тырысатын және оның 
пікірімен санасуды талап ететін баланың әрекеті. Қыңы-
рлық – дегеніне жеткісі келетін баланың қайсарлығы 
емес. Қыңыр бала өзі соншалық қаламайтын немесе 
мүлдем қаламайтын немесе қалауынан баяғыда айныған 
әрекетін жүзеге асыруды талап етеді.
3. Қырсықтық.
Қырсықтық белгілі бір ересекке емес, ерте балалық 
шақта орнаған қарым-қатынастар жүйесіне, отбасында 
қабылданған тәрбие-тәртіп ережелеріне қарсы бағыт-
талған. Бала өз қалауын қалай да жүзеге асырғысы ке-
леді, әрі басқа ұсыныстарға және басқалардың әрекетіне 
еш көңілі толмайды. «Қойшы!» - мұндай 
жағдайлардағы ең көп таралған 
жауап.
138


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет