Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!


БАЛА ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет169/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

БАЛА ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ 
НАРАЗЫЛЫҚ ӘСЕРІ
21


ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ?
Әрдайым баланың жанында болыңыз, баланың бала-
бақшада, сыныпта не болғаны туралы айтқан әңгімесін 
мұқият тыңдаңыз. Қандай да бір күрделі жағдайдан 
шығар жолды бірге табуға тырысыңыздар. Талпынысы, 
тапқырлығы, шыдамдылығы үшін мақтаңыз. Үй тапсырма-
сын орындауға көмектесіңіз. Баланың жетістіктеріне және 
сәтсіздіктеріне шын жүректен қызығушылық танытыңыз.
БАЛАЛАРДЫҢ НАРАЗЫЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІ
ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?
Баланың психикалық дамуы басқа адамдармен ұдайы 
араласуынсыз мүмкін емес. Алайда, өкінішке орай, кейде 
айналадағылардың балаға дұрыс қарамауы оның жан 
тыныштығының бұзылуына себепші боулы мүмкін. Егер 
бала өзін ренжітті немесе мүдделеріне нұқсан келтірілді 
деп санаса, ол жауап ретінде жылауы, есікті тарс жабуы, 
ойыншықты сындыруы, сөйлеспей қоюы және т.с.с. әре-
кеттерге баруы мүмкін. Мұндай әрекеттер барлық бала-
ларға тән, өтпелі болып келеді, баланың жалпы денсау-
лығы мен мінез-құлқына әсер етпейді, мінезтанушылық 
деген атқа ие. Бірақ, осындай әрекеттер жиілеп кетсе ше, 
үйде де, балабақшада да қайталанса ше, баланың ұйқысы 
мен тәбетін бұзса ше, оның басқа балалардан тұратын 
ортаға бейімделуіне әсер етсе ше?
Тұрақты түрде қайталана берсе, тұлғаның қалыптасуына 
зақым келтіруі мүмкін әрекеттерді ең жиі қайталанатын 
түрлерін тани білу маңызды.
Айтарлықтай жиі таралған кері әрекет түрі болып
наразылық табылады. Ол физикалық жазалауға, қорлауға, 
ата-анасының ажырасуына, отбасында өгей әкенің немесе 
екінші баланың пайда болуына, отбасындағы ұрыс-
керіске, мұғалімнің дөрекілігіне және т.б. жауап ретінде 
туады.
140


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет