Келесіні есте сақтаған жөн, тым жоғары талаптар мен
шамадан тыс оқыту баланың үнемі шаршаңқылығына
және оқуға деген жиіркенішінің пайда болуына алып
келеді, сондықтан, жеңілдетілген оқу үдерісі дұрыс –
топтағы, сыныптағы балалар саны мейлінше аз, сабақта-
ры қысқа және т.с.с.
Бала үйге келген соң, тым болмаса бір сағат бойы бар
көңіліңізді соған бөліңіз. Осы уақыт ішінде бала ішінде-
гісін ақтарып, бір күн ішінде өзін мазалаған жайттармен
бөлісіп үлгереді. Ұйықтар алдында (2-3 сағат бұрын)
серуендеген, баламен сөйлескен, әңгімесін мұқият
тыңдаған жөн екенін есте сақтаған жөн. Артық күйзелісті
шығару үшін үнемі жеңіл, тыныштандыратын массаж
(сылау-уқалау) жасап, босаңсытатын жаттығулар жасау
қажет. Ондай балалар қорқыныштарға душар болғыш.
Оларға сіздің қолдауыңыз бен қолпаштауыңыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: