Мінез-құлықты түзеу үшін, баламен талқылай отырып,
жақсы
және жаман мінез-құлық үшін мақтау және жазалау жүйесін
қолдануға болады;
сонымен қатар, балаға ыңғайлы жерге
балабақшадағы және үйдегі мінез-құлық ережелерінің тізімін
іліп қойып, баладан оларды дауыстап
айтып шығуын сұрауға
болады. Тыйым салғанда, келесіні есте сақтау қажет: тыйым
салу көп болмауы тиіс. Тыйым саларда алдын-ала баламен
келісіп
алу керек, тыйымдар нақты сөздерден құралуы тиіс;
бала тыйымдарды бұзудың қандай салдары болатынын білуі
тиіс. Жазалау шаралары теріс қылық
жасалғаннан кейін бірден
қолданылуы тиіс, яғни, теріс қылық жасалған уақытқа барынша
жақын болуы тиіс, әйтпесе, бала оның мәнін түсінбей
қалуы
мүмкін.
Тапсырмалар орындату кезінде баланы шамадан тыс шаршат-
паған жөн, себебі, шаршаңқылық гипербелсенділікті күшейтуі
мүмкін. Шапщаң қозғыш балаларды көп адам қатысатын іс-ша-
раларға қатыстырмау немесе қатысуын шектеу қажет.
Ойын
барысында серіктес
таңдау да маңызды – олар
салмақты және байсалды
болғаны абзал.
Бала сырқат болса, оны тілазарлығы үшін
ұрсу тиімсіз ғана
емес, сондай-ақ, зиян. Ондай жағдайда балаға тек баға бе-
руге болады, яғни, баланың тұлғасына оң баға, ал жағымсыз
қылықтарына теріс баға беруге болады. (Мысалы, «Сен жақсы
баласың, бірақ қазір істеп тұрған қылығың дұрыс емес, олай
етуге болмайды…» деу керек). Баланы ешқашан басқа балалар-
мен теріс мағынада салыстыруға болмайды («Марат жақсы, ал
сен жамансың!»).
Телебағдарламаларды және компьютерлік ойындарды көру/
ойнау уақытын қысқартқан жөн. Гипербелсенді бала үшін
теледидар бағдарламаларын көруде
және компьютер алдында
отырып, ұзақ тапсырма орындауда шек қойылады (компьютер
алдында неғұрлым ұзақ отырса, эмоционалдық қозғыштығы да
соғұрлым
жоғары болады, оны тыныштандыру қиындай түседі).
151
Достарыңызбен бөлісу: