.
|
ШЖҚ «Талдықорған медицина колледжі» МКК
|
САПА РӘСІМІ
|
Оқу әдістемелік кешен
|
F-05-06-05
|
Рев. 01 Ревизияның басталу мерзімі _______________
|
Бет 11-1
|
Оқу әдістемелік кешені.
Пән: Информатика
Тақырыбы : «Мәліметтер қоймасын енгізу және өңдеу. Берілгендер базасын құру»
Мамандығы: стоматология
Курс: 3 курс
ЦӘК отырысында қаралып,
Бекітілді
ЦӘК төрайымы
Манарбекқызы А_______
«___»_______2015ж.
Оқу әдістемелік комплекстің мазмұны:
Сабақтың хронокартасы
Үй тапсырмасын сұрауға адасқан жауапты тап тапсырмасы.
Дәріс
Орындау алгоритмі Қосымша1.
Тәжірибелік тапсырмалар
Қосымша 2
Сабақты қортындылау сұрақтары. Қосымша3.
Сабақтың тақырыбы: Мәліметтер қоймасын енгізу және өңдеу. Берілгендер базасын құру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәліметтер қоймасын енгізу және өңдеу.
Берілгендер базасын құруды меңгеру.
тәрбиелік : Оқушыларды жауапкершілікке тәрбиелеу
дамытушылық: Оқушылардың жаңа ақпараттың технологияларға қызығушылығын дамыту.
Сабақтың түрі: тәжірибе
Сабақтың әдісі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың уақыты: 180
Сабақты өткізу орны: компьютер класы
Пәнішілік байланыс: Microsoft Word, Excel
Пәнаралық байланыс: Математика, физика
Сабақтың жабдықталуы: электронды дәріс, электронды оқулық
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі: В.Я. Гельман «Медицинская информатика»
Энциклопедия «Персональный компьютер 2003»
Самоучитель работы на персональном компьютере
Е.К. Балафанов, Б.Бурибаев, А. Даулеткулов «30 уроков по информатике»
Оқушы білуі тиіс:
Мәліметтер базасы дегеніміз не?
Мәліметтер қоры дегеніміз не?
Кесте құру әдістерін
Өріс дегеніміз не?
Жазу дегеніміз не?
Студент істей білуі тиіс:
Шебер көмегімен кесте құру
Конструктор режимінде кесте құру
Объектілермен жұмыс
Объектілермен байланыс тудыруды
Сабақтың хронокартасы және құрылымдық-логикалық сызбасы
І Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин
ІІ Үй тапсырмасын тексеру – 25 мин
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру – 30 мин
ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту – 100 мин
Ү Қорытындылау – 15 мин
ҮІ Үйге тапсырма – 5 мин
Сабақ барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, жоқ оқушыларды белгілеу. Жаңа сабақтың мазмұны ашу.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Адасқан жауапты тап тапсырмасы. .
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жаңа тақырыпты түсндіргенде қысқаша баяндаймын. .
ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту.
Компьютерлік технологияны қолдана отырып, өз беттерінше жұмыспен айналысу.
Адасқан жауапты тап.
1. Көрмелерді даярлау бағдарламасы
2. Power Point дегеніміз не?
3. Power Point мүмкіншілігі
4. Слайдтар жиынтығы
5. Көрмелердің сақталу типі
6. Көрмелерді көрсету батырмасы
7. Жаңадан слайд құру командасы.
8. Жан бітірімді баптау
|
1. Көрме
2. Жан бітіірімді баптау
3. Ғ5
4. Power Point
5.Жан бітірім мәзірі.
6. Мәзір жолағы -Главная – Слайд құру
7. ррt
8. Көрмелерді әзірлеу
|
Дәріс:
Мәлiметтер қорының классификациясы (жiктелуi).
МҚБЖ функциясы, мәлiметтер қорының басқару жүйесi
Мәлiметтер қорында қолданылатын терминдер.
Өрiстер типтерi және қасиеттерi.
Сұранысты ұйымдастыру әдiстерi және түрлерi
Microsoft Access мәлiметтер қорын басқару жүйесi.
Мәліметтер қорының классификациясы
Мәлiметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) мәлiметтер құрылымы типтерiнiң бiрiне бағытталады. Олар: иерархиялық МҚБЖ, желiлiк МҚБЖ, реляциялық МҚБЖ болып үшке бөлiнедi.
МҚБЖ – бағдарламалық жабдық, оның көмегiмен МҚ (мәлiметтер қоры) құрылады, соның негiзiнде ақпаратты iздеу жүйесi (АIЖ) құрылады және жұмыс iстейдi. Ақпаратты iздеу жүйесi дегенiмiз – мәлiметтер қорының жиынтығы және оларға қызмет көрсетушi бағдарламалар.
Кез-келген мәліметтер қоры деректердің реляционды моделіне негізделеді.
Мәліметтердің реляционды моделінің негізінде қатынастар (relation - ағылшын тілінде қатынас) ұғымы жатыр. Егер белгілі шарттарды орындасақ, қатынасты екі өлшемді кесте түрінде берген ыңғайлы болады. Кесте көрнекті, әрі адамға түсінікті бейнелеу болып табылады.
Реляционды мәліметтер қоры – бұл өзара байланысқан қатынастар жиыны. Әрбір қатынас (кесте) компьютерде файл түрінде беріледі.
Қатынастарға қолданылатын негізгі амалдарға:
Жиындарға қолданылатын амалдар: қиылысу, айырма, декарттық көбейту, бөлу, біріктіру;
Арнайы реляционды амалдар: проекциялау, біріктіру, таңдау (селекция, шектеулер) жатады.
Мәліметтер қорын басқару жүйесінің деңгейі осы айтылған амалдарды орындауда қолданылатын құралдардың бар болуымен және олардың қолайлылығымен өлшенеді. Қатынастарда, реляционды мәліметтер қорында бұл амалдарды орындауда қолданатын тілдерді екі класқа бөлуге болады:
Реляционды алгебра тілдері;
Реляционды есептеулер тілдері.
Реляционды алгебра тілдері реляционды алгебраға негізделген. Қатынастарға қолданылатын амалдарды тізбектей белгілі ретпен жазып, қажетті нәтиже аламыз. Сондықтан реляционды алгебра тілдері процедуралық тіл болып, ал мәліметтер қорын басқару жүйелері тілдерінің көбі процедуралық программалау тілдері болып табылады.
Бұтақ тәрізді объектілердің кестесі иерархиялық құрылым болады. Бұндай құрылым үшін төменгі деңгейдегі объекті жоғарғы деңгейдегі объектіге бағынышты.
Мәліметтер құрылымының үшінші түрі – желілік МҚБЖ.
Керектi ақпараттарды жинау ғана емес, оларды жақсылап құрылымдау да маңызды. Кез-келген ақпараттық құрылым келешекте қажеттi ақпаратты алу үшiн құрылады. Сондықтан да ол мәлiметтердiң құрылымын жасау мына әдiстерге сүйену арқылы жасалады:
объектiнiң сипаттамаларын анықтау;
осы объектiлердiң атрибуттарын (атрибут – қатынас бағандары) анықтау;
объектiлердiң арасындағы байланысты көрсететiн құрылым типтерiн таңдау (кесте, иерархиялық, желiлiк).
ақпараттық құрылымның дәл экземплярын құру.
МҚБЖ функциясы, мәлiметтер қорының басқару жүйесi
МҚБЖ – мәліметтер қорын құру, жүргізу және қолдануға арналған тілдік және бағдарламалық құралдардың жиынтығы. Қолданылу түріне байланысты МҚБЖ дербес және көпшiлiк қолданушы деп бөлінеді. Дербес МҚБЖ бір компьютерде жұмыс істейтін желiлiк мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Дербес МҚБЖ-не Paradox, dBase, FoxPro, Access т.б. жатады. Көпшiлiк қолданушы МҚБЖ клиент-сервер архитектурасында жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Көпқолданылушы МҚБЖ-не Oracle, InterBase, Microsoft SQL, Server, Informix және т.б жатады. МҚБЖ-ң негізгі үш функциясын бөліп көрсетуге болады.
Мәліметтерді анықтау (Data definition) – сіз өзіңіздің мәліметтер қорыңызда қандай ақпараттар сақталатынын анықтай аласыз, мәліметтер құрылымын және типін, сонымен қатар бұл мәліметтер бір-бірімен қалай байланысқанын көрсете аласыз. Кейбір жағдайларда сіз, сонымен қатар, мәліметтерді тексеру форматы мен критерийін бере аласыз;
Мәліметтерді өңдеу – мәліметтерді әр түрлі тәсілдермен өңдеуге болады. Мәліметтерді онымен байланысқан басқа бір ақпаратпен байланыстырып, нәтиже мәнін есептеуге болады;
Мәліметтерді басқаруда – сiз мәліметтермен кім танысуына болатынын көрсетіп, оларды өшіріп немесе жаңа ақпарат қоса аласыз. Сонымен қатар, мәліметтерді ұжымдық қолдану ережелерін анықтауға болады.
Мәлiметтер қорында қолданылатын терминдер.
Мәлiметтер қоры – ақпараттар сақталатын қойма. Мәлiметтер қорынан керегiне қарай қажеттi мәлiметтер алу үшiн сақталады. Басқаша айтсақ, мұнда керектi ақпаратты iздеу ұйымдастырылады.
Кесте – мәлiметтердi жазба (жол) және өрiс (бағана) түрiнде сақтауға арналған обьект болып табылады. Әрбiр кесте нақты бiр сұрақ бойынша мәлiметтердi сақтауға қолданылады.
Мәлiметтер қорында екi өлшемдi кестенiң жолдары жазбалар деп, бағандары өрiстер деп аталады. Дәлiрек айтқанда мәлiметтер қорында, кестедегi әрбiр жол жазба болып табылады, ал жазба бiрнеше өрiстерге бөлiнедi.
Сұрау –бiр немесе бiрнеше дайын кестелердiң негiзiнде құрылады. Форма мен Есеп беру бiр кесте (немесе сұрау)негiзiнде құрылады. Сұрау – қажеттi мәлiметтi бiр немесе бiрнеше кестеден алуға мүмкiндiк бередi.
Форма – мәлiметтер енгiзу үшiн қолданылады. Әрбiр формаға енгiзу үшiн, кесте өрiсiндегi мәлiметтердi бейнелеу үшiн немесе өзгерту үшiн қолданылатын басқару элементтерiн орналастыруға болады.
Есеп беру – мәлiметтердi баспадан шығаруға арналған. Есеп беру – қағазға басып шығаруға арналған, мәлiметтердi көрудiң ерекше формасы. Мәлiметтер қорын баспаға шығармастан бұрын, қағаз бетiнде қандай түрде бейнеленетiндiгiнжәне қандай жазбалар мен өрiстер енгiзiлетiндiгiн қарастыру керек. Есеп берудi кез-келген бiр кестеден, сұраудан қарауға болады.
Өрiстер типтерi және қасиеттерi
Мәлiметтердiң әр түрлi типтерi болады. Ендi информациялық жүйелердегi мәлiметтердiң, яғни өрiс мәндерiнiң типтерiне тоқталайық.
Негiзгi типтер:
Текстiк мәлiметтер (TEXT). Текстiк мәлiметтердiң мәндерi алфавиттi- цифрлi символдардан тұрады және ұзындығы 255-тен аспауы керек;
Сандық мәлiметтер (NUMBER). Бұл типтегi атрибуттардың мәндерiмен арифметикалық амалдар орындауға болады. Сандық мәлiметтер ұзындығы бүтiн сан болса 2 байт, бөлшек сан болса жылжымалы нүктелi сан форматында 4 байт орын алады. Бүтiн және бөлшек бөлiктерi санда нүктемен ажыратылады.
Дата немесе уақыт типi (DATE/TIME). Дата типi белгiлi бiр форматта берiледi, мысалы: кк.аа.жж (күн, ай, жыл). Алғашқыда бұл текстiк мәлiметтiң бiр жағдайы сияқты көрiнедi. Алайда, информациялық жүйеде дата типтi қолданудың ерекшелiктерi бар.
Жүйе қатты бақылау жүргiзу мүмкiндiгiн алады;
Автоматты түрде датаны әр елдiң дәстүрiне байланысты бейнелеу мүмкiндiгi туады;
Программалау барысында даталарға арифметикалық амалдарды орындау жеңiлдейдi.
Логикалық мәлiметтер (YES/NO). Бұл типтiң мәлiметтерiн булевтiк деп атайды және мәндерi TRUE немесе FALSE (шартты түрде 1 немесе 0) болады және мұндай мәлiметтер “иә”, “жоқ” болып интерпретацияланады.
OLE обьектiсiнiң алаңы. Бұл ең бiр қызықты типтердiң бiрi болып табылады. Бұл типтiң мәнi ретiнде OLE объектiсiнiң кез-келгенi болуы мүмкiн (егер компьютерде болса) – графика, дыбыс, видео.
Қолданушының типi. Көптеген жүйелер қолданушыларға өздерiнiң типiн жасауға мүмкiндiк бередi. Мысалы: “апта күнi” (дүйсенбi, сейсенбi және т.б), “адрес” (почта индексi-қала-және т.б).
Қосымша 1
Орындау алгоритмі.
1, Компьютерді іске қос.
2. Программаны іске қосу үшін: Бастау — Программалар- MS Access (Пуск — Программы- MS Access )
3. MS Access мәліметтер қорының алғашқы жұмыс терезесі экранға шығады.
4. Бұл терезеден Новая база данных жолын таңдап аламыз
5. Файлға ат беріп сақтап аламыз. Мысалы Стоматология деп сақтаймыз
6. Стоматология : база даннық сұхбат терезесі шығады. Создание таблицы в режиме конструктора командасын таңдаймыз.
7. Таблица1 сұхбат терезесінде Жолдардың аты мен Берілгендердің типін, Жазылуын толтырамыз. Мысалы: Аты, типі – мәтіндік.
8. Кестені сақтаймыз.
Қосымша 2.
Тәжірибелік тапсырмалар:
Тапсырмалар.
№1. "Қызметкер" кестесіндегі мәліметтер қоры мынандай өрістерден тұрады: Аты-жөні, туған күні, жынысы, білім, шені, профсоюз мүшесі. Әр өрістің типін және өлшемін анықта.
№2. «Пациент» мәліметтер қоры мынадай өрістерден тұрады: Фамилиясы, аты, әкесінің аты, туған күні, участок номері, адрес, ауруы туралы анықтама, дәрігерге көрінген ең ақырғы күні. Әр өрістің типін және өлшемін анықта.
№3. «Ауа-райы» мәліметтер қоры мынандай өрістерден тұрады: Күні, айы, температурасы, жауын шашын, жел.Әр өрістің типін және өлшемін анықта.
№4. «Оқушы» МҚ кестесінің құрылымын жаса.
Мынадай өрістерден тұрады: фамилиясы, аты, мектебі, класы, туған күні, салмағы.
Кестенің алғашқы кілтін анықта.
«Туған күні» өрісінен кейін «бойы» өрісін енгіз.
№5. «Кітапхана» МҚ кестесінің құрылымын жаса.
Мынадай өрістерден тұрады: инвентарлық нөмірі, авторы, кітаптің аты, қай жерде шығарылғаны, бет саны, кітапхана нөмірі.
"Қай жерде шығарылғаны" өрісінен кейін «шығарған жылы» өрісін енгіз.
№6. «Сабақ кестесі» МҚ құр.
Мынадай өрістерден тұрады: жұманың бір күні, нешінші сабақ, сабақтың басталу уақыты, сабақтың аяқталу уақыты, сабақтың аты, мұғалімнің аты-жөні.
«Сабақтың аты» өрісінен кейін «кабинеттің нөмірі» өрісін енгіз.
№7. Кесте мынандай өрістерден тұрады: Фамилиясы, Аты, Әкесінің аты, Жынысы, Туған күні, Мамандығы, Мектеп, Дайындық курсы.
Өрістің аты
|
Типі
|
Өлшемі
|
Жазылуы
|
Фамилиясы
|
текстік
|
15
|
Талапкердің фамилиясы
|
Аты
|
текстік
|
15
|
Талапкердің аты
|
Әкесінің аты
|
текстік
|
15
|
Талапкердің әкесінің аты
|
Жынысы
|
бүтін
|
1-еркек, 2-әйел
|
|
Туған күні
|
күнтізбе
|
Туған күні
|
|
Факультеті
|
текстік
|
15
|
Факультетінің аты
|
Тобы
|
бүтін
|
|
|
Дайындық курсы
|
логикалық
|
(Иә, Жоқ)
|
|
Қосымша 3.
Қорытынды бақылау сұрақтары
Мәліметтер қоры дегеніміз не?
Мәліметтердің ақпараттық құрылымы деп нені айтамыз?
Ақпараттық құрылымның қандай түрлері бар?
Реляциялық мәліметтер қоры дегеніміз не?
Реляциялық мәліметтер қоры неге кең тараған мәліметтер қоры болады?
Қатынас дегеніміз не?
Өріс дегеніміз не?
Жазба дегеніміз не?
Мәліметтердің типі дегеніміз не? Бұл ұғым мәліметтердің қандай қасиеттерімен анықталады?
Форма дегеніміз не?
Кесте дегеніміз не?
Сұрау дегеніміз не?
Есеп беру (отчет) дегеніміз не?
Келесі ұғымдарды анықтаңыздар: өріс аты, өріс мәні, өріс типі.
Жазбаның алғашқы кілті дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |