ТИІСТІ ҰЙҚЫ ТӘРТІБІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ҚАЖЕТТІ
НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Баланы ұйықтатарда (ұйықтау «жоралғысы») жа-
салатын іс-шаралардың реттілігін сақтау. Ұйықтау
жоралғысына кіретіндер: баланы шомылдыру, кітап
оқу, шамды қалдырып, жарықты сөндіру, бесік жы-
рын айту, баланы басынан, қолынан, үстінен сипалау
(«аналық массаж»).
2. Жаңа туылған бала үшін алғашқы айларда шомылу
әдісін пайдалану қажет. Бірқалыпты қозғалыста
бөбек тынышталып, тез ұйқыға кететіні белгілі. Ол
үшін баланы бесікке жатқызып, әрі-бері тербетуге
болады. Дөңгелегі бар төсектер үлкенірек балаларға
арналған, әрі тербетуге келмейді.
3. Бесік жырын айту. Бесік жырының ырғағы, со-
нымен қатар, ызыңдаған және ысылдаған дыбы-
стардың саналуандығы тыныштандырушы әсерге
ие.
Бір сарынды, ырғақты сөз құрылымы балақайды
тыныштандырады, тезірек ұйықтауға көмектеседі.
Жақынының байыпты сөзі мен мейірімі жұбатады,
балаға өзін туғандарының жақсы көретініне және
қамқор болатынына сенімділік береді. Бесік жы-
рының мәтіні болса, есту қабілетінің дамуына әсер
етеді, баланы сөз тіркестерін,
сөйлемдер құруға үйретеді.
Бесік жырларының
ырғақты дыбыстық «бе-
дері» - жылы сөз, әсіресе,
кішкентай бөбектердің қа-
лауы. Ол балаға да, анасына
оң әсер етіп, жайлы, сенімді
қарым-қатынас ортасын
құрады.
59
Достарыңызбен бөлісу: