Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!


БАЛАЛАРДЫҢ ҰЙҚЫСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ



Pdf көрінісі
бет77/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

БАЛАЛАРДЫҢ
ҰЙҚЫСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
8


Ұйықтар алдында балаға бесік жырын айтыңыз, оның 
жеңіл, түсінуге оңай түрде өрбітіңіз. Назарыңызға бір-
неше бесік жырын ұсынамыз, олар сізге және балапа-
ныңызға ұнайды деп үміттенеміз.
БЕСІК ЖЫРЛАРЫ
Әлди, әлди, тайлағым,
Өрістегі шаңдағым,
От басында ойнағым,
Су бетінде қаймағым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!
Әлди, әлди, оймағым,
Оймағыммен ойнадым.
Күнде әлдилеп сүйсем де,
Қызығыңа тоймадым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!
Әй-әй бөпем, әй бөпем.
Ән айтайын, бал бөпем.
Ән тыңдағын келсе егер,
Және айтайын, жан көкем…
Бөпем менің ай ма екен?
Шекер ме екен, бал ма екен?
Ойнақтап бір бәйгеден
Озып келер тай ме екен?!
Тас бұлақтар тауда екен,
Жас құрақтар сайда екен.
Көлбең-көлбең ұшатын
Көбелектер қайда екен?!
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.
Әлди, әлди, аппағым,
Әлди, әлди бөпешім,
Әнімді айтып берейін.
Аялап, сені жүрейін,
Өскеніңді, көрейін.
Былдырлаған тіліңнен,
Айналайын бөпешім.
Таптым, бақыт өзіңнен,
Ұйықтай ғой, енді көкешім.
Сұрап алдым Алладан,
Тапқан жоқпын даладан.
Өзіңде ғой бар арман,
Болдың бізге сен жалған.
Әлди, әлди бөпешім,
Бақыт саған тілегім.
Ұйықтай ғой енді көкешім,
Алтын менің бөпешім.
Қаз-қаз, балам, басарсың,
Сүтке суды қосарсың.
Тал шыбықтан ат мініп,
Балдырған мылтық асарсың.
Жылама, балам, жылама,
Апаңды сен қинама!
Қойдың жүні – қалпағың.
Жұртқа жаман болса да,
Өзім сүйген аппағым.
Әлди, әлди, шырағым,
Көлге біткен құрағым.
Жапанға біткен тірегім,
Жаман күнде керегім!..
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!
Қонақ келсе, қой, бөпем,
Қой тоқтысын сой, бөпем,
Құйрығына той, бөпем!
Айналайын күн бөпем,
Бурыл тайға мін, бөпем!
Ақ қызы бар үйінде,
Ақылбайдың үйіне
Бұрала барып түс, бөпем,
Қымызынан іш, бөпем!
60


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет