ЕГЕР ЕШТЕҢЕ КӨМЕКТЕСПЕСЕ
Айталық, сіз осында келтірілген бала жылауының
барлық себептерін қарастырып көрдіңіз, оны тыюға ты-
рыстыңыз, бірақ
бала жұбанбай, еңіреп отыр. Онда оны
келесі әдістермен жұбатып көріңіз.
1. ЫРҒАҚ. Денесін босаңсыта алмайтын балаға тұрақты,
ырғақты әрекет керемет жағымды әсер береді. Ол аса
тиімді, себебі, балаға ұйықтауға кедергi келтіретін
кез-келген ішкі және сыртқы тітіркендірігіштерді
оқшау-
лайды. Бірақ, ашығу сезімі кез-кел-
ген, соның ішінде, ырғақты әре-
кеттерден де басым түседі. Алайда,
бала жабырқап немесе абыржып
тұрса, бұл әдіс сөзсіз көмектеседі.
6.
Баланың жылауын балабақша тәрбиешісі де тоқтата ала-
ды, ол үшін оған кейбір балалардың
ашушаңдығын тежеу
және құрдастар арасында өзара достық қарым-қатынас
орната білу қажет. Топта достық пейілді, жайдары орта бо-
луын
қамтамасыз ету қажет, әртүрлі және эмоционалдық
тұрғыдан мазмұнды ойындар ойнату қажет, балалардың өз
күшіне және мүмкіндіктеріне деген
сенімін қалыптастыру
қажет.
Ана жүрегінің дүрсілі жазылған күйтабақ бар. Жылап
тұрған балаға ол бірден әсер етеді. Дәл сондай дерлік
әсерге бәсең ырғақты әуен де ие – бастысы, әуен
бала терең ұйқыға кеткенше тоқтап қалмауы тиіс. Ол
уақытынан бұрын бітіп кетсе, бала оянып кетеді.
Баланың
жылауын тоқтатып, ұйықтатудың ең кең
таралған, әрі әмбебап тәсілі – оны көтеріп, тербету.
Егер баланы арқаға мінгізіп немесе жаймадан белге
орап
жасалған бесікке салып қойса, баланы ұзақ
уақыт бойы тербетіп жүруге, сонымен қатар, басқа да
жұмыстармен айналысып жүруге болады.
52
Достарыңызбен бөлісу: