Мусаев Жақсыбайдың “Пейзаж” өлеңі махаббат пен табиғат лирикасына жақын,сыршыл өлең
Халық бағасы
№81 мектеп
түлегі,ұстаз
Газет тілшісі,жазушы,су
ретші,шебер
Көркем әдебиет
ті сүйеді
Ауыл мақтанышы
ВЛКСМ мүшесі
Аудан,облыс,рес
публикаға таныс
Қайырлла ұлы
Сегіз қырлы,бір сырлы
Ж.Әбдірашов атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты,республикалық және облыстық мүшайралардың жүлдегері, Арал аудандық «Толқын» газетінің жауапты хатшысы Толыбай Абылаевтың пікірі:
Аудандық «Толқын»газетінің көп жылдардан бергі сыралғы тілшісі,қызылжарлық Мусаев Жақсыбайдың тұңғыш мақаласын ұсынғанына ширек ғасыр болды.Ол қандай тақырыпқа қалам тербесе де,шабытының шалқұйрығын бір бәсеңдеткен емес.Өз басым оның жерлесі Темірхан Әбдіковтің «Сырдың ерке самалы», Жеткерген Әбдіреевтің соңғы шығарған кітаптарына жазған тұщымды пікірлерінің бірнеше рет куәсі де болдым.
Қаламы төселген жігіттің жазғандары сұлу қыздың жинаған төсегіндей көрінеді.Жақсыбайдың «Жер бесік» атты жазған спектаклі көрермен қауымға үлкен қомақты ой салды.Арал ауданындағы Қазалы күндерінде көрсетіліп, қазалылықтардың жоғары бағасына ие болды.табиғатында қыз мінезді қарапайым тілшіміздің қадамына гүл,қаламына жыр тілейміз.