Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта елімізде «Жасыл экономикаға» көшу бойынша ұлттық стратегия әзірлену үстінде. Сарапшылардың пікірінше жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орынды алатын Қазақстанда аталмыш жобаны жүзеге асыруға мол мүмкіндік бар. Соған орай «жасыл экономика» қағидаттарын енгізу мәселесі жан-жақты талдауға негіз болуда.
Көптеген елдерде «жасыл» экономикаға өту кезінде салықтық ынталандыру қарастырылған. Әлемдік тәжірибенің аяқ алысына сүйене отырып, «жасыл» салаға инвестиция ағынын көптеп тарту үшін салықтық ынталандыруды қолдану жағы ескерілетін болады. Бұл ретте министрлік жобаны әзірлеу кезінде салықтық жеңілдіктер енгізбек.
Қазіргі уақытта елімізде «Жасыл экономикаға» көшу бойынша ұлттық стратегия әзірлену үстінде. Сарапшылардың пікірінше жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орынды алатын Қазақстанда аталмыш жобаны жүзеге асыруға мол мүмкіндік бар. Соған орай «жасыл экономика» қағидаттарын енгізу мәселесі жан-жақты талдауға негіз болуда. Көптеген елдерде «жасыл» экономикаға өту кезінде салықтық ынталандыру қарастырылған. Әлемдік тәжірибенің аяқ алысына сүйене отырып, «жасыл» салаға инвестиция ағынын көптеп тарту үшін салықтық ынталандыруды қолдану жағы ескерілетін болады. Бұл ретте министрлік жобаны әзірлеу кезінде салықтық жеңілдіктер енгізбек.
«Жасыл» экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары:
Бірінші бағыт - жаңартылатын энергия көздерін енгізу.
Пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекет табиғи қорлары өте бай ел ретінде танылған. Мұнай, газ – бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде сыныпталады, бірақ тіпті олардың өзі уақыты келгенде сарқылады, демек өмір үшін жаңа ресурстар табу қажет. Бұл ретте Қазақстаннның жақсы экожүйеге, жер қыртысына және орманға ие болуы айғағы басқа елдер алдындағы өзінің ұстанымын айтарлықтай арттырады.
Екінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі.