Жасөспірім кезіндегі мінез- құлықтың психоэмоционалдық тұрақсыздығы және оның алдын алу



бет21/21
Дата21.12.2021
өлшемі93,54 Kb.
#104472
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
психоэмоционалдык

«Шынымды айтсам» жаттығуы

Мақсаты: айналадағылардың топтық сенімін бекіту, ішкі қатаюынан, қорқынышынан арылту, ашық болуға бағыттау.

Уақыты: 15 минут.

Материал: аяқталмаған сөйлемдер топтамасы.

Нұсқау: Алдарыңда топтамалар жиынтығы жатыр.

Қазір әрқайсыңыз кезекпен шығып, аяқталмаған сөйлемдер жазылған топтаманы бір-бірлеп алады. Сізге ойланбастан сөйлемді аяқтау қажет. Мүмкіндігінше шынайы болуға тырысыңыздар. Егер топ мүшелеріне жауабыңыз шынайы болып көрінбесе, онда сізге басқа топтаманы алуға тура келеді.



Топтама үлгілері:

Шынымды айтсам, тест, емтихан туралы ойлансам…

Шынымды айтсам тест, емтиханға дайындалып жатқанда…

Шынымды айтсам, мен алдағы тест емтиханда болатын стресті ұмытқанда…

Шынымды айтсам, мен үйге келгенде…

Шынымды айтсам, мен осы алдағы тестке байланысты ата-аналарымның

қобалжуын ойлағанда…

Шынымды айтсам, менде бос уақыт болғанда…

Шынымды айтсам, мен көшеде серуендегенде немесе биге барғанда…

Шынымды айтсам мен қобалжығанда…

Шынымды айтсам, ойымды жинақтай алмай жатқанда…

Шынымды айтсам, осы тест туралы естігенде…

Шынымды айтсам, мен консультацияға келгенде…

Шынымды айтсам, мен тренингке қатысқанда…



Талдау:

Ұсынылған сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма?

Топ қатысушылары туралы жаңа бір нәрсе білдіңдер ме?

Сіздің қазіргі сәттегі өмірлік маңызды мақсаттарыңыз қандай?

Психоэмоционалдық жағдайды тұрақтандыруға арналған жұмыстардың нәтижелері жан-жақты талданды. Балалар тренингтер барысында өздерінің психоэмоционалдық жағдайларын талдап, оны басқару жолдарын үйренді. Жалпы психоэмоционалдық жағынан өздерін үйлесімді сезінгенін өздері де анық байқады.



Акцентуация типі

Анықталған балалар саны

1

2

3



4

5

6



7

8


Экстраверсиялы

Споптанды

Агрессивті

Ригидті


Интроверсиялық

Сензитивт

Мазасызданғыш

Лабильді


5

3

3



2

2

3



2

2


ҚОРЫТЫНДЫ

«Жасөспірім кезеңдегі мінез- құлықтың психоэмоционалдық тұрақсыздығы және оның алдын алу» тақырыбында жүргізген жұмысты зерттеу барысында жасөспірімдердің психоэмоционалдық үйлесімсіздігіне байланысты зерттеу жұмыстары бүгінгі күнгі қоғам талабын қанағаттандыра алмай отырғанына байланысты, оларға нақты көмек көрсетудің жолдары мен құралдарын анықтаудың қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылықты ашып көрсетуді мақсат ете отырып, келесідей қорытынды жасадық:



  1. Тұрақсыз психоэмоционалдық жағдай жасөспірім өміріндегі күрделі мәселелермен байланысты пайда болады. Олар мінез-құлықта, қарым-қатынаста белгілі бір жағдайға байланысты түрлі ұзақтықпен көрініс береді және орта мен адам арасындағы симметрияның бұзылысы нәтижесінен пайда болатын күрделі функционалды құрылым болып табылады. Күнделікті өмірде тұрақсыз қарым-қатынастың үйреншікті жүйесінің бұзылуынан, шектен тыс белгілі бір жағдайлардан пайда болуы мүмкін. Психоэмоционалдық тұрақсыздықтың негізгі себептері ретінде мақсаттар, қажеттіліктер және «мен» құрылымы арасындағы қайшылықтарды айтуға болады. Мұндай жағдайлар әсерінен пайда болатын психоэмоционалдық тұрақсыздық өте ұзаққа созылуы мүмкін және бұл сол жағдайға сай түрлі мінез-құлықпен байланысты көрініс береді. Осы себептерге байланысты тұрақсыздық феноменологиясы, құрылысы, құрылымы, детерминацияның ішкі және сыртқы фаторлары белгілі бір жағдайдың динамикалық өзгеруі және кезеңі, өзара өтулері, динамикасы әлі жете зерттелмеген. Бірақтар педагог- психоллгтар тұрақсыздықтың негізгі себептерін балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты деп талдайды. Бұл көзқарас жасөспірім жас кезеңінің даму ерекшеліктеріне байланысты болғандықтан біз осы қағиданы басшылыққа алдық.

 Психоэмоционалдық тұрақсыздық, «эмоция» және «мінез-құлық» бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені, эмоцияның белгілі бір сипаттары тұраөсыздықты (тіпті эмоция болып табылатын эмоцияның өзі де) тудырса, пайда болған тұрақсыздық (немесе тұрақтылық) мінез-құлықтың белгілі бір көріністерін береді, яғни теріс немесе оң мінез-құлықты көрсетеді.

 Психоэмоционалдық тұрақсыздық күрделі құрылымнан, құрамнан тұрады. Тұрақсыздықтың психикалық жағдайды құрушы психоэмоционалды компоненттер болып табылады. Күрделі өмір әрекетіндегі тұрақсыз психикалық жағдайдың динамикалық өзгеруі жоғары информациялық жағдайлар кезіндегі сапалы жақындықпен, физиологиялық және психологиялық сипаттардың жоғарлылығымен, сонымен қатар, психикалық процестердің бір бағытты динамикасының өрлеуімен сипатталады. Бұл жағдайлар психикалық процестердің пайда болу диапазонын кеңейтеді.

 Психоэмоционалдық тұрақсыздық жасөспірім жас кезеңінде жиі орын алатындығы және іс-әрекеттік ерекшеліктері анықталған. Психоэмоционалдық тұрақсыздықтың күрделілігі және құрылымы мен ұзақтығы әртүрлі болып жүреді. Даралық даму барысында әрекеттік фактордың ролі күшейеді.

 Зерттеу барысында жасөспірімдердің психоэмоционалдық тұрақсыздығының көрініс беру түрлері акцентуация, мазасыздану, депрессияға ұшырау, агрессияның анық байқалуы, қырсық мінез көрсетуі, сабаққа, мектепке деген ынтасының төмендеуі, ашушаң, ызақор болуы және денсаулығына байланысты жағдайлар арқылы көрініс береді деп анықтадық. Психоэмоционалдық тұрақсыздық басқа да мінез ауытқуларымен қатарласып жүретіндігі анық байқалды. Әсіресе баланың мектептегі тәртіпті бұзуы, ата-аналарымен келіспеушіліктердің орын алуы, агрессивті мінез көрсетуі, қырсық мінез көрсетуі осы жағдайдың нәтижесі болып келеді. Сондықтан психоэмоционалдық тұрақсыздық орын алуын зерттегенде оған не себеп болғанын анықтау үшін оның темпераментін, акцентуацияның көрініс беруін және түрін, мазасыздануын, агрессиясын (Басса-Дарки, Собчик тесті, Флипс тесті, темпераментін анықтау, пиктограмма әдістерімен) зерттеу керек. Зерттеу нәтижесінде балалардың басым көпшілігінің акцентуациясы анық байқалатын, мазасызданғыш, экстравертті, агрессивті екені анықталды. Бұл көрсеткіш жалпы балалар арасында өзін өте жоғары бағалау, сондықтан мұғалімдер қойған бағаларды менсінбеушілік, вербалдық және физикалық агрессиясының анық байқалатыны мен сипатталды.



Психоэмоционалдық тұрақсыздығы байқалған жасөспірімдердің алдын алуын ұйымдастыру туралы келесі ұсыныстар жасадық.

  1. Жасөспірімдермен алдын алу жұмыстарын жүргізгенде оларды өздерінің мінез ерекшеліктерін, қарым-қатынас мәдениетін диагностикалауға үйретіп, өздерінің қарсықтығының кесірі тек өздеріне тиетінін түсіндіру арқылы психоэмоционалдық жағдайын үйлесімді етуге қызығушылығын тудырудан бастау керек.

  2. Психоэмоционалдық тұрақсыздықтың алдын алу барысында келесі мәселерге ерекше көңіл аудару қажет:

  • жасөспірімді әр түрлі жағдайларда өзін-өзі ұстай білуге үйрету, дау-дамай жағдайында, қатынастың мүмкін болатын жағымды дұрыс жолдарын қарастыру;

  • баланы қоршаған ересектерге әрдайым психологиялық кеңес беу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыру;

  • мұғалімдермен қарым-қатынасына кедергі болып отырған кейбір жеке қасиеттерін өңдеу қажет екенін түсіндіру;

  • жасөспірімнің отбасы және қатарластары арасындағы қарым қатынасына кедергі болып отырған кейбір мінез көріністерін реттеуге арналған ойын коррекцияларын ұйымдастыру жұмыстарын арнайы психологиялық ойындарды іріктеп алып, оларды зерттелінушілердің оң қасиеттерін нығайту үшін қолдану;

  • алдын алу жодарын пысықтап, бекіту үшін мінез- құлықында психоэмоционалдық тұрақсыз жасөпірімдердің ата-аналарымен психологиялық кеңес беру жұмысы жүргізу.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халққа жолдаған «Қазақстан 2030» үндеуі, 1997.

  2. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы, 1999.

  3. Балалар құқығы туралы Конвенция, 1995.

  4. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, 2004.

  5. Қазақстан Республикасының «Балалар құқығы тіралы» Заңы, 2002.

  6. Абеуова И.А., Дусманбетов Г.А., Махаманова М.Н., Шерьязданова Х.Т. Психологическая служба в вузе. – Алматы: 2004.

  7. Абрамова Г.С. Практическая психология. — М.: 2001.

  8. Айғабылов Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. – Алматы, 1972.

  9. Анциферова Л.Н. Психология формирования и развития личности. — М.: 1981.

  10. Анастази А. Психологическое тестирование. В 2 т. М., 1982.

  11. Асмолов А.Г. Личность как предмет психологического исследования. — М.: 1984.

  12. Афанасьева Т.М. Семья. Жоғары сынып оқушыларына арналған кітап. Алматы: Мектеп, 1985.

  13. Айзенк Т.Дж. Проверьте свои способности – М., 1972.

  14. Аткинсон Р. Человеческая память в процессе обучения – М.,1980.

  15. Альманах психологических тестов – М., 1995.

  16. Әтемова Қ.Т. Оқушылар бойындағы гумандық қасиеттерді қалыптастырудағы отбасының рөлі. – Алматы: 2000.

  17. Бодалев А.А. Личность и общение – М., 1995.

  18. Брунер Дж. Психология познания – М., 1977.

  19. Божович Л.И. Проблемы формирования личности – Воронеж, 1995.

  20. Бекмұратова Г.Т. Мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалардың ерекшеліктерін психологиялық тұрғыда зерттеу. — Алматы: 2005.

  21. Битянова М.Р. Практическая психология. — М.: 1997.

  22. Байярд Р.Т., Байярд Д. Ваш беспокойный подросток: практ. Руководство для отчаявшмхся родителей. Пер. С англ. – М: Просвещение, 1991.

  23. Бэрон Р., Ричардсон Д. Агрессия. — С-Пб.: 1998.

  24. Бютнер К. Жизнь с агрессивными детьми. — М.: 1991.

  25. Веккер В.К. Психические процессы – Л., 1981.

  26. Вилюнас В.К. Психологические механизмы мотивации человека – М., 1990.

  27. Валлон А. Психологическое развитие ребенка. — М.:, 1967.

  28. Выготоский Л.С. Собрание сочинений в 6 томах. — М.:, 1982.

  29. Введение в психологию /Под ред. А.В. Петровского – М., 1995.

  30. Голубева Э.А. Способности и индивидуальность – М., 1993.

  31. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию – М., 1996.

  32. Грановская Р.М. Элементы практической психологии. — М.:, 1997.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет