Жасөспірім кезіндегі мінез- құлықтың психоэмоционалдық тұрақсыздығы және оның алдын алу



бет2/21
Дата21.12.2021
өлшемі93,54 Kb.
#104472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
психоэмоционалдык

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кездегі жасөспірімдердің мінез-құлық ерекшіліктері мен іс-әрекеттеріне алаңдау жоғарылады. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекеттеріміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рух та, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді.

Жеке адамның психопсихоэмоциялық жағдайының тұрақты болуы, оның өмір сүретін ортасына, экономикалық және ғылыми техникалық жетістіктеріне байланысты екені ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін» арттыру қажет екендігі көрсетілген. Оқушылардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктерін дер кезінде диагностикалау, олардың эмоционалдық жағдайында нормадан ауытқуы байқалған кезде көмек көрсету көкейкесті мәселердің бірі болып отыр. ҚР Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында балардың психоэмоционалдық жағдайының тұрақсыздығы қандай себептермен байланысты екенін келесі сөздермен айтылған: «Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, географиялық орналасуы жағынан алғанда, Қазақстан бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы» [1]. Психоэмоцияның теріс көріністері ерекше дамуымен байланысты, өзгеге қиянат зорлық көрсету, нашақорлық, токсикомания, адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивтілік әрекеттің бой көрсетуіне алып келетіндігі психологияда дәлелденген.

Жасөспірімдер ағзасында орын алатын психофизиологиялық өзгерістер пайда болуымен байланысты дағдарыстық даму кезеңі орын алады және осы ахуалмен байланысты бала мінезінің кейбір көрсеткіштері шамадан артық дамып кетуі, мазасыздануының, агрессиясының орын алуы байқалады. К.Леонгард, Л.В.Личко, Р.Д.Шмишек т.б.ғалымдар осы құбылыстардың ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп, оның типологиясын, зерттеу әдістемелерін жасаған. Дегенмен, жасөспірімдердің психоэмоционалдық үйлесімсіздігіне байланысты зерттеу жұмыстары бүгінгі күнгі қоғам талабын қанағаттандыра алмай отыр,сондықтан, психоэмоционалдық тұрақсыздық орын алғанда, оларға нақты көмек көрсетудің жолдары мен құралдарын анықтаудың қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық тақырыбымыздың өзектілігін туындатады. Осыдан, дипломдық тақырыбымызды «Жасөспірім кезіндегі мінез- құлықтың психоэмоционалдық тұрақсыздығы және оның алдын алу» деп алдық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет