Жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесі



бет2/2
Дата13.12.2021
өлшемі27,66 Kb.
#100361
1   2
Байланысты:
Жасөспірімдердің жыныстың тәрбиесі

Баланың кіммен кездесіп, кіммен ДОСТАСЫП жүргенін біліп отырған жөн.

Баланың жыныстық жағынан ұстамды болуы үшін оның күнделікті үй шаруасына қолғабыс етуі және оған деген қамқорлықтың орынды болуы маңызды. Мұндай жағдайда оның уақытты бос өткізуге, көп ойнауға, еріншектікке шамасы да қалмайды. Баланы өз-өзін күтуге арналған түрлі міндеттерден босатуға, жұмыс істетпеуге, дырдушыл, ерке етуге болмайды. Бұл баланың келешекте дұрыс адам боп өсуіне зор нұқсан келтіреді. Жастар арасында кездесетін моральға жат кейбір қылықтар ең алдымен, еңбек арқылы тәрбие ісінің болмағандығынан, қара жұмысқа жирене қарайтын жалқаулықтың салдарынан. Ал бұл арамтамақтыққа және басқа да ауыр зардаптарға әкеп соғады.



Жасөспірімдер өздерінің жігер-қайратын арттыратын спортпен, музыкамен, басқа да өнер түрлерімен шұғылдануы керек.
Жасөспірімдер өздерінің жігер-қайратын арттыратын спортпен, музыкамен, басқа да өнер түрлерімен шұғылдануы керек. Жатар алдында сұйықты көп ішпегені жөн. Төсеніші онша жұмсақ та, аса жылы да болмауға тиіс. Ол төсегінде кез-келген уақытта аунап жата бермей, мезгілді уағында ұйықтап дағдылануы керек. Ішті, қуықты уақытымен босатып тұрса, бұл жыныс мүшелеріне қанның азырақ баруына себепші болады. Ересек адамдар немесе құрбы-құрдастары жасөспірімді шамадан тыс еркелетіп, мәпелеуден аулақ болғаны абзал. Мұндайда баланың сезім жүйелері қозып, оның өзі мезгілсіз жыныстық қатынас жасауға итермелейді. Бірақ, сәбиім ержетті екен деп, оны мүлдем ересек адам ретінде қабылдап қалмаңыз. Ол әлі де ата-ананың мейіріміне, жылы сөзіне зәру.
Өз балаларын парасатты және денін сау етіп тәрбиелеу әрбір ата-ананың борышы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет