ІІІ топтама.Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. Қоршаған ортаны цифр тілінің көмегімен қабылдауды, дерексіз ойлау элементтерінің дамуына ықпал ету, мектепке дейінгі балалардың уақыт пен кеңістікті бағдарлай білуіне көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Суреттерд санына сәйкес толықтыру, суреттерді бояу, нүктелерді қосу, геометриялық фигураларының кеңістікте орналасуына орай бояу, пішіндерді жинақтай келе белгілі бір бейнені жасауға болатынына қорытынды жасай білуге баланың өзін алып келу.
ІV топтама.Көркем-эстетикалық даму. Музыкалық тәрбие, бейнелеу өнері, еңбек, құрастыру сабақтарын қамтиды. Музыкалық тәрбие эмоционалды сенсорлық дағдыларды бекіту, музыкалық шығармаларға баға беру, музыкалық ритмикалық қозғалыстарды жасап шығару үшін керек. Баланың сезімін өзгерту үшін, оның әуенсазын сезінгенің сыртынан бақылау.
V топтама.Ойын-мектепке дейінгі балалардың іс-әрекетінің жетекші түрі болып табылады. Бала психикасының сапалы өзгеруіне оның есте сақтау, ойлау, қиялдау қабілеттерінің дамуына бағытталған. Ойын жаттығулар арқылы баланың білім-білік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады. Ойнай отырып ойлануға да болады. Мысалы мынадай ойындар өткізуге болады: «Төрт құбылыс», «Орыңды тап», «Не үлкен» т.б.
VІ топтама.Ата-аналармен жұмыс. Бала тұлғасының толық қанда физикалық және психологиялық дамуын қамтамасыз етуде отбасы мен мектепалды дайындықтың күшіне негізделіп енгізілді. Сауалнама, тест жұмыстары жүргізіледі.