Текелі қаласындағы № 3 орта мектебінде «Жыныстық тәрбиелеу» тақырыбында «Бүгінгі қаз - ертеңгі ана» акция болып өтті. Ашық әңгіме барысында қыздармен жеке бас гигиенасы мен, спорт денсаулық кепілі жайында талқылады. Бұл шара «Нұр Отан», КММ «Текелі қаласының жастары», «Қалалық аурухана» және мектеп мұғалімдерімен ұйымдастырылды.
2014 жылы 13-ші ақпан күні Текелі қаласының №8 Орта мектебінде «Нұр Отан» ХДП, «Жас Отан» ЖҚ «Алматы облысының жастар саясаты орталығы» КММ – «Текелі қаласының жастары» филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын талқылау мақсатында мектеп оқушылары және жас мамандарымен жарыссөз жүргізілді. Еліміздің болашағы «Біз жастар!»,- деп ұрандаған мектеп оқушылары аталған іс шараға белсене қатысты.
Қаламыздағы қарттарымыздың үйіне барып, тұрмыс жағдайына көмектесіп, ауласындағы қарды тазалап, дендеріне саулық тілеп, басынан өткізген жағдайларды зейін қойып тыңдап қайттық.
Өсіп келе жатқан ұрпаққа қарттарымызға деген құрметін арттыру мақсатында бізді қорғап, біз үшін қыйын қыстау заманда тер төккен азаматтарымызды қадырлеп, қастерлеп қолымыздан келген көмегімізді аянбауымыз керек.