Жастар саясатының 2014 жылға атқарылған жұмыстар бойынша есебі



бет15/19
Дата11.01.2017
өлшемі1,74 Mb.
#7262
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Ағымдағы жылдың 30 қазан күні № 4 ОМ «Жастар нашақорлыққа қарсы» атты семинар өтті. Бұл семинардың негізігі мақсаты нашақорлықтың алдын алу және адам ағзасына зиян келтіретін заттардан аулақ болу. Ұйымдастырушылар: «Алматы облысының жастар саясаты орталығы» КММ филиалы - «Текелі қаласының жастары»,«Жас Отан» ЖҚ Текелі қалалық филиалы, «Жас Өркен» ЖҚБ және мектеп психолыгы,медбикесі.

Ағымдағы жылдың 05-07 қараша аралығында қалалық спорт сарайында «Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ, «Алматы облысының жастар саясаты орталығы» КММ, "Жас Отан" ЖҚ, «Текелі қаласының балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі» КММ, «Алматы облысының жастар саясаты орталығы» КММ филиалы - «Текелі қаласының жастары», «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күніне арналған 2000-2001 және 2003-2004 жылдар аралағындағы туылған ұлдар арасында Дзюдо күресінен облыстық турнир өтті. Жарысқа облысымыздың түкпір-түкпірінен 320-дан астам жас палуан қатысты. Турнирдің басты мақсаты – жастар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен үнемі шұғылдануға баулу, сонымен қатар, олардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жас спорт шеберлерінің қатарын арттыру, спортшылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту. Облыстық турнир жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар бағалы сыйлықтармен, алғыс хаттармен марапатталды.


11 қараша күні «Алматы облысының жастар саясаты орталығы »КММ филиалы -« Ескелді ауданы жастары»,« Жас Отан »ЖҚ, Ескелді баскетбол федерациясы үйымдастыруымен "Баскетбол" жарысы болып өтті. Шараның мақсаты жастар мен жасөспірімдердің спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Аталмыш шараға қаламыздан үлкендер арасында Қожабеков Ельнар, Стархин Кирилл, Карымов Руслан, Курманов Дамир, Эрлих Иван, кішілер арасында Бахрамов Бекмурат, Әсен Марлан, Нұрман Ақылжан, Рақат Айдын, Сүлейменов Тимерлан. Жарыс соңында үлкендер арасында қаламыздың жастары белсенділік танытып 1 орынды қанжығасына байлады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет