Жастар социологиясын зерттеуші атақты отандық социолог И.С.Кон зерттеу объектісіне мынандай анықтама берді: “Жастар – жас ерекшілігі мінездемелері негізінде біріккен, әлеуметтік жағдайы мен басқа да әлеуметтік – психологиялық қасиеттеріне қарай жинақталған әлеуметтік – демографиялық ерекшеленетін топ.

Жастық шақ белгілі бір фаза (кезең) ретінде, биологиялық тамаша өмірлік циклі бар, алайда оның нақты жас ерекшелігі ара қашықтығы, әлеуметтік статусы мен әлеуметтік – психологиялық ерекшелігі әлеуметтік – тарихи табиғаты бар, қоғамдық құрылысқа тәуелді, қоғамның мәдени әлеуметтену заңдылықтарына тән кезең болып табылады.”
Жалпы социология секілді жастар социологиясының пәндік ғылыми зерттеуінің үш деңгейі бар. Бұл жалпы - теоретикалық деңгейі жастарды макросоциологиялық процестер ауқымында зерттейді; арнаулы – теоретикалық деңгей жастарды жас ерекшелігі мен әлеуметтік демографиялық топ ретінде, өзіндік әлеуметтік және психологиялық өзгешіліктері, құндылықтары, күтулері тағы басқаларды зерттейді; эмпирикалық социологиялық зерттеу деңгейі нақты статистикалық материалдар беруін, қорытындылар мен теоретикалық жалпылау негіздерін жасауға болады.

Жастар социологиясы социологиялық білімнің біртұтас жүйесінің бір саласы болғандықтан оның басқа да салалары мен тығыз байланыста, жастарды тек әлеуметтік феномен ретінде оқымайды, сондай-ақ түрлі нақты әлеуметтік қарым – қатынастар формасында оқиды.