10. Егер объектiнi үлкен ұлғайтқышпен (x40) қарау қажет болса, алдымен
объектінің зерттелетін бӛлігін кӛру алаңының дәл ортасына
орналастыру
керек. Ол үшін окулярға қарап отырып, препаратты препарат
қозғалтқыш – винттің кӛмегімен немесе қолмен жылжытады.
11. Тубусты жоғары кӛтерiп, револьвердi айналдыру арқылы үлкен
ұлғайтқыш объективтi қою (шырт еткен дыбысқа дейiн).
12. Бүйiр жағынан қарай отырып, тубусты объектив пен препаратты
жанасқанға дейiн баяу тӛмен түсiру керек. Объектив х40-тың
фокустық ара қашықтығы шамамен 1-1,5 мм болатынын есте
сақтау.
13. Окулярға қарай отырып, кӛру аймағында кӛрініс пайда болғанға дейін
тубусты
өте баяу
жоғары кӛтеру керек. Объектінің дәлiрек кӛрiнiсiн
микровинттi бұрап келтiруге болады.
14. х 90 объективпен жұмыс iстеу үшiн алдымен препараттың жабынды
әйнегiне иммерсиялық май тамызып, объективтің линзасын майға
батыру
қажет.
15. Окулярға қарай отырып, объектінің кӛрінісі пайда болғанға дейін
микровинттің кӛмегімен объективті ақырын жоғары кӛтеру керек.
16. Зерттеу жұмысын бiтiрген соң, тубусты жоғары кӛтерiп, препаратты
зат
үстелінен алып, револьверді бұрай отырып, объективтi нейтралды
жағдайға келтiрiп, микроскопты жапқышпен жабу қажет.
17. Микроскоппен зерттеу кезінде қиындықтар болса оны № 1 кестеде
берілген шараларды қолдану арқылы шеттетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: