Байланысты: Ләзиза молекулалық биология 1 ші зертханалық жұмыс
Жасушаның құрылысы тұралы баяндаңыз.
Жасуша (клетка, cellula) – дененің ең кішкене құрылыс бірлігі. Жасушаны зерттейтін ілім – гистология. Жасушалар барлық жануарлар мен өсімдіктер құрылысының дамуы және тіршілік әрекетінің негізі. Жасуша туралы ілімнің негізін қалаушы неміс ғалымы Т. Шванн (1810-1882 ж.ж). Т. Шванн 1839 жылы барлық жан-жануарлардың дене құрылысының негізі, олардың құрылыс бірлігі жасуша екенін дәлелдейді.
Жасушалардың түрі мен пішіні әр түрлі болады. Олар сопақ, домалақ және тағы басқа пішіндерде болуы мүмкін. Оның үлкендігі 3-7 микроннан 200 мкметрге дейін жетеді. Денедегі ең үлкен жасуша жыныс жасушалары.
Жасуша цитоплазма мен ядродан тұрады.
Ядро (nucleus) – жасушаның негізгі бөлігі. Ол көбіне жасушаның орталығында орналасады. Ядро бір немесе бірнешеу болуы мүмкін. Көбіне жасуша бір ядролы болады. Ядроның да пішіні әр түрлі: домалақ, сопақ, таяқша т.б. болуы мүмкін. Ядроның пішіні оның тіршілік әрекетіне байланысты өзгереді. Ядрода дизоксирибонуклеин қышқылы бар. Дизоксирибонуклеин қышқылында нәсілден нәсілге өтетін хабаршы “ген” сақталады.
Ядроның құрамында оның сұйықтығы – кариоплазма, ядро қабығы және ядрошық болады. Кариоплазма судан, жәй ақуыздан, дизоксирибонуклеин қышқылынан (ДНҚ), калий, кальций, магний иондарынан тұрады.
Ядрошық – жасушаның ең қатты бөлігі. Оның құрамында рибонуклеин қышқылы (РНҚ) , дизоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) және ақуыздар болады.
Ядро қабығы ядроны цитоплазмадан бөліп тұрады.
Цитоплазма – жасушаның негізгі бөлігі. Оның құрамында гиалоплазма және органеллалар мен кіріспелер болады. Гиалоплазма гректің “шыны” деген сөзінен шыққан, цитоплазманың негізгі бөлігі. Оның құрылысында тұрақты органеллалар болады. Органеллолар ядро мен цитоплазманың байланысын қамтамасыз етеді, жасушаның қалыпты қызметіне жағдай туғызады. Жасушаның органеллаларына митохондриялар, эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, жасуша орталығы, лизосомдар жатады. Олар жасушада әр түрлі қызмет атқарады. Эндоплазмалық тор ақуыздың синтезделуіне қатынасады, ал митохондриялар протеиндер мен ферменттерге бай. Олар негізінен жасушаның энергия көзі болып саналады. Жасуша орталығы – домалақ дене. Оның ішінде екі қатты дене – центирололар болады. Лизосомдар жасушада фагоцитоз қызметін атқарады. Лизосомдар фагоцитозға қатынасатын лимфоциттерде, моноциттерде, бауыр және жіңішке ішектің жасушаларында көп болады. Гольджи аппаратын 1898 жылы жүйке жасушаларынан тапөан итальяндық ғалым Камило Гольджи құрметіне атаған. Ол барлық жасушада кездеседі. Оның жасушадағы қызметі толық анықталмаған.
Кестены толықтаңыз:
Гендердің тұтастығын сақтайды және геннің бейнеленуін реттеу арқылы жалпы организм ағзасының ақаусыз дұрыс жұмыс жасауына кепілдік етеді.
Ақуыз синтезіне қажетті заттарды синтездейді.
Пластидтер
Қос спиралданған.
Тұқым қуалау ақпараты жүктелген.
Хлоропласт
1676 жылы А. Левенгук ашқан. Екі мембраналы органоид. Тек өсімдік жасушасында ғана болады.
Фотосинтез процесін жүргізу.
Цитоплазма
Сырты плазмолеммамен қапталған, негізгі құрамы гиалоплазмадан, органеллалардан және қосындылардан тұрады.
Жасушаның матриксі, ядросы мен органоидтарын байланыстырып тұратын сұйықтық.
Гольджи жиынтығы
1898 жылы байқалған. Бір мембраналы органоид.
Жасуша мембранасына қажетті майлар мен көмірсуларды синтездейді.
Митохондрия
1850 жылы Р. А. Келликер байқаған. Екі мембраналы органоид. Матриксі кристалдан тұрады.
Жасушаларға энергия береді, жасушалардың әр түрлі бағытқа дамуына, жасуша туралы ақпарат беру және жасушаның өлуі сияқты процестерге қатысады және жасушалардың өсуі мен циклін реттейді.
Эндоплазмалық тор
Бір мембраналы органоид. Кит Портер, Альберт Клод және Эрист Фуллам 1945 жылы ашқан.
Ақуыз синтезіне, майлар мен көмірсулардың синтезіне қатысады, пайдалы заттарды жасуша ішінде таралуын қамтамасыз етеді.
Лизосома
Бір мембраналы, құрамында гидролаза тобына ферменттер көп болады.
Күрделі органикалық заттардың жай заттарға ыдырауын қамтамасыз етеді. Аутофагия және автолиз үрдістерін жүзеге асырады.
Центириолдар
Мембранасыз органоид, 1875 жылы неміс ғалымы Вальтер Флемминг байқаған.
Жасушаның бөлінуіне қатысады. Тек жануарлар жасушасында болады.
Прокариот жасушасы мен эукариот жасушасының құрылысын салыстыру.
ДНҚ-ның сыртын нәруыздар қаптап тұрмайды және пішіні сақина тәріздес болып келеді
Эукариотты жасушаларда (жануарларда,өсімдіктерде және саңырауқұлақтарда)ДНҚ хромосомалардың бөлігі ретінде жасуша ядросында,сондай-ақ кейбір жасуша органеллаларында(митохондриялар мен пластидтер)кездеседі.
Оларда және төменгі эукариоттарда (мысалы,ашытқы)плазмидтер деп аталатын шағын,автономды,көбінесе шеңберлі ДНҚ молекулалары бар.Сонымен қатар,бір немесе екі тізбекті ДНҚ молекулалары құрамында ДНҚ бар вирустардың геномын құра алады.