Құжат тақырыбы



бет2/5
Дата19.09.2022
өлшемі2,41 Mb.
#149949
1   2   3   4   5
Байланысты:
Лабораторные работы ИКТ на каз

Зертханалық жұмыс № 1.


Тақырыбы: Дербес компьютердің (ДК) құрылғысы, олардың тағайындалуы
Мақсаты: Дербес компьютердің негізгі құрылғыларын білу, олардың мүмкіндіктері мен қолданылымы және қосылу тәртіптер амалдарын білу.


Әдістемелік нұсқау
Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал. 
Негізгі құрылғылары:

  • Жүйелік қорап

  • Монитор

  • Пернетақта

  • Тінтуір

Шеткері құрылғылары

  • Ақпаратты енгізу құрылғылары

  • Ақпаратты шығару құрылғылары

  • Енгізу және шығару қызметерін бірге атқаратын құрылғылар

Жүйелік блок
Компьютердің ең басты бөлігі. Ол – компьютердің “миы”. Жүйелік блок компьютердің негізгі тораптарын қамтиды:


  • жүйелік (аналық) тақша;

  • процессор; 

  • оперативті жады;

  • тұрғылықты диск;

  • СD және DVD диск жетектері;

  • бейнесызбалық бейімдеуіш;

  • дыбыстауыш;

  • желілік тақша;

  • енгізу-шығару порттары.

Аналық тақша
Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша мыс өткізгіш жолшықтар желісімен қапталған, олардың бойымен мәліметтер тақшада құрастырылған микросхемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға жеткізіледі.
П роцессор
Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессор бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады.
О рталық процессор
Әдетте компьютер сипаттамасының басында, орталық процессордың (CPU - Сentral Processor Unit) типі мен жиілігі, оперативті жады (Random Access Memory, RAM) сипаттамасы беріледі. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері – ең бастылары, өйткені олар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды.


Оперативті жады
Компьютердің оперативті жадысы (ОЗУ) немесе Random Access Memory мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді.


Т ұрғылықты диск
Тұрғылықты диск (тұрғылықты диск жетегі) немесе Hard Disk Drive (HDD) – бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы.
Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да, Мегабайтпен және гигабайтпен өлшенеді.





СD және DVD диск жетектері
Мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға және оқуға мүмкіндік береді. СD және DVD дискілер – ауыспалы тасымалдаушылар. Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R) және қайталап жазылатын (CD-RW және DVD-RW) болып бөлінеді.





Сызбалық бейімдеуіш
Бейімдеуіштің кескіндерді сақтау үшін ғана пайдаланылатын меншікті оперативті жадысы бар тұрғылықты жері бойынша көпнесе Бейнежады (VideoRAM немесе VRAM) деп аталады.






Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылым-дылықпен және түрлі түстермен бейнелейді.






Дыбыстық тақша
Дыбыстауыш компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді. Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдарламаларда талап етіледі.



Желілік тақша
Желілік тақша компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді. Желілік тақшалардың бірнеше түрі бар. Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналған тақшалар, ең танымалылары – Ethernet және сымсыз желілер.


Енгізу-шығару порттары
Порттар – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады.
Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен түрі порттардың саны мен түріне тәуелді болады.



Монитор немесе дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды және түрлі-түсті болып, ал шығарылатын информация түрлеріне байланысты символдық және графиктік болып бөлінеді.
Компьютердің экранда мәлімет көрсету бөлігі
екі жартыдан тұрады: монитор және адаптер. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер жүйелік қораптың ішінде орналасқан. Монитордың өзінде тек электронды-сәулелі түтікше бар. Ал, адаптерде бейнелеу сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан. Кең тараған адаптерлерге мыналар жатады: EGA, VGA және SVGA. (Super VGA) кеңінен қолданылады. SVGA – ның бейнелеу мүмкіндігі өте жоғары.
Пернетақта
К омпьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы.
Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:

  • Символдық пернелер

  • Функциялық пернелер

  • Нұсқаушы пернелер

  • Цифрлық пернелер





Тінтуір
“Тышқан тәрізді қол тетігі” пернелікпен бірге ЭЕМ-ді басқару үшін қолданылады.
Маустың екі түрі болады: үш батырмалы, екі батырмалы.


Тапсырмалар



  1. Дербес компьютердің негізгі құрылғыларын анықтау. Кестелерді толтырыңыз:

1.1-кесте. Дербес компьютердің негізгі құрылғылары

Құрылғылар

Мінездемесі

Қайда және қалай қосылады

.....
.....



.....
.....



.....
.....



1.2-кесте. Дербес компьютердің құрылғыларының орналасуы

Құрылғылар

Орналасуы

Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде

Жүйелік блоктың ішінде

Жүйелік блоктың артқы панелінде

Монитор порты










Қатқыл диск










Компьютердің қосу/өшіру батырмасы










Аналық тақша










Микрофон мен колонкаларға арналған кірістер










Бейнетақша










Дискіжетек










Процессор










Электрмен қоректендіргіш бауы










CD-ROM










Модем мен сканерге арналған порттар










Қоректендіру блогы










Дыбыс тақшасы










Компьютерді қайта жүктеу батырмасы










Принтер порты










Маус пен пернетақта порттары










Жедел жады










Желілік тақша порттары












  1. Қоректену блогының орналасуын табу, қоректену блогының қуатын анықтау (жарлықта көрсетілген).

  2. ДК негізгі мінездемесі, оның аты. Ол үшін жұмыс үстөлінде «Мой компьютер»-ді таңдап шертіп, Свойства батырмасын басыңыз. Сіздің ДК-дегі барлық құрылғыларды тізіңіз, Диспетчер устройств батырмасын шақырып 1.3-кестені толтырыңыз:

1.3-кесте. ДК-дегі барлық құрылғылар тізімі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет