Құжат тақырыбы


БӨЛІМ ҚҰРЫЛҒЫ (қазақша-ағылшынша)



бет3/5
Дата19.09.2022
өлшемі2,41 Mb.
#149949
1   2   3   4   5
Байланысты:
Лабораторные работы ИКТ на каз

БӨЛІМ

ҚҰРЫЛҒЫ (қазақша-ағылшынша)









Бақылау сұрақтары

  1. Компьютер дегеніміз не?

  2. Компьютердің блок схемасы қандай?

  3. ДК-дің негізгі құрылғылпры қандай?

  4. Жүйелік блоктың қызметі қандай?

  5. Жүйелік блоктың ішінде қандай құрылғылар бар?

  6. Аналық тақша дегеніміз не?

  7. Процессор дегеніміз не?

  8. Қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет ететін қандай жады?

  9. CD-RW және DVD-RW қызметтері қандай?

  10. Пернетақта дегеніміз не?



Зертханалық жұмыс № 2.


Тақырыбы: Санау жүйелері
Мақсаты: Позициялық және позициялық емес санау жүйелерi туралы ұғымын түсіндіру. Бiр санау жүйесiнен екiншi санау жүйесiне санның бүтін және бөлшек бөліктерін ауыстыруды орындау. Екiлiк сандарға арфиметикалық амалдар қолдану


Әдістемелік нұсқау
Санау жүйелері - сан деп аталатын, символдар көмегімен бейнеленетін атаулар тәртібінің жиынтығы.
Санау жүйелері позициялық және позициялық емес болып екіге бөлінеді. Позициялық емес санау жүйесіне мысал — рим сандары: бірнеше сандар негізгі болып алынған (мысалы, І, V, X), ал қалғандары осы негізгі сандарды қосу (VІ, VІІ сияқты) немесе алу ( ІV, ІX сияқты) арқылы алынады. Ал позициялық санау жүйелеріне араб цифрларынан құрылған сандар жатады. Мысалы, екілік, сегіздік, ондық, оналтылық сандар жатады. Мұндағы кез келген сан сәйкес алфавиттің цифрлары арқылы жазылады және әрбір санның мәні осы тізбекте орын алатын оның орнына(позициясына) тәуелді. Мысалы, ондық санау жүйесінде жасалған, 555 жазбасында, 5 саны ғана қолданылған, бірақ оның орын алу ретіне байланысты ол әртүрлі сандық мәнге ие бола алады — 5 бірлік, 5 ондық немесе 5 жүздік. Сондықтан төмендегі теңдік дұрыс:
555,510 =5102 +5101 +5100 +510-1; 11,012 =121+120+02-1+12-2
Екілік санау жүйесінде қосу және алу.
Екілік санау жүйесіндегі бірразрядты сандарды арифметикалық қосу ережесінің орындалу ретін жазайық:
0+0=0;
1+0=1;
0+1=1;
1+1=10.
Үлкен разрядқа ауысу кезінде белгілі есте сақтауды пайдалана отырып, келесіні аламыз:
11101010011,111
+ 1111100101,011
101100111001,010
Алу амалы қосу амалының керісіншесі болғандықтан бірразрядты сандардың арифметикалық алынуының ережесін екілік санау жүйесінде жазамыз:
0-0=0;
1-0=1;
1-1=0;
10-1=1.
Осы ережені қолдана отырып, кез – келген жоғарыда келтірілген қосындыны алынған қосылғыштарды қолдана отырып, алумен тексеруге болады. Бұдан, қандай да бір разрядтағы нөлден бірді алу үшін, «қарыз алу» яғни жетпей тұрған санды көршілес үлкен разрядтардан алу қажет
Екілік санау жүйесінде көбейту.
Бірразрядты екілік сандарды көбейту ережелері:
0·0=0;
1·0=0;
0·1=0;
1·1=1.
Яғни, екі көпразрядты екілік санды көбейту процесін оларды баған бойынша жазу арқылы келесі нәтижені аламыз:
1011,01
х 101,11
101101
+ 101101
+ 101101
+ 101101
1000000,1011
Екілік санау жүйесінде бөлу
Бұл да көбейту мен алуды қолдана отырып ондық сандардағыдай іске асырылады:

Ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне өту
2210 санының екілік санау жүйесінде ұсынылуын табу керек болсын.

Келесі түрде көрсетеміз: 22-ден бастап әрбір бөліндіні жүйенің негізіне бөлеміз. Одан кейін, соңғы бөліндіден бастап, барлық қалдықтарды ескере отырып, үлкен разрядқа жазылатын екілік көрсетілуді қалыптастырамыз. Қорытындысында келесі жауапты аламыз: 2210=101102
Ондық санау жүйесінен басқа санау жүйесі де осындай алгоритммен жүзеге асырылады. Мысалы , 571санын сегіздік санау жүйесіне ауыстыру қажет болса,төмендегідей жүйе негізі 8-ге бөлу процесін қайталап, шыққан қалдықтарды кері бағытта жазу арқылы 1073санын аламыз: 57110=10738.



Сонымен 57110=10738
Екілік санау жүйесінен ондық санау жүйесіне өту
Екілік санау жүйесінің позициясына негізделе отырып жасаймыз. Екілік санның заңды жазылуы негіздерін дәрежелеу қосындысы түрінде, екіні дәрежелеу түрінде көрсетілген.

Осындай жазба жасау арқылы, алынған қосындының ондық мәндерін санау керек:
1000001001,1012 = (1 • 29 + 0 • 28 + 0 • 27 + 0 • 26 + 0 • 25 + +0•24+1•23+0•22+0•21+1•20+1•2-1 +0•2-2+1•2-3)10 = (512 + 8 + 1 + 1/2+ 1/8)10= (521 + 5/8)10= (521,625)10.
Оналтылық санау жүйесінде он араб цифрынан өзге латын алфавитінің алғашқы алты бас әрпі қолданылады: A,B,C,D,E,F.
Яғни оналтылық санау жүйесіндегі сандар тізбегі 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,A,B,C,D,E,F,10,11,..,16,17,18,19,1А,1B,1C, 1D, 1E, 1F,20, … FF,100,101, …

Тапсырмалар

  1. Берілген санды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру. Мәліметтерді тізімдегі нөміріңіз бойынша төмендегі 1.4-кестеден алыңыз

1.4-кесте





10-дық
8-дік

16-лық
10-дық

10-дық
16-лық

8-дік-
10-дық



10-дық-8-дікке

16-лық
10-дық

10-дық
16-лық

8дік-тен
10-дық
қа

1

134

A34D

9867

065

9

845

1A10

0987

446

2

324

FDC5

6453

342

10

236

654B

4536

712

3

543

DD5F

9703

332

11

233

EC9D

4423

003

4

874

8760

1233

132

12

776

736A

7895

206

5

142

9BC6

5422

761

13

845

98B6

5355

512

6

657

867F

7861

765

14

327

231C

4336

553

7

876

E453

1193

354

15

534

9267

7561

322

8

211

2E3E

8670

375

16

118

987B

0098

416

  1. Берілген санның бөлшек бөлігін бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру. Мәліметтерді тізімдегі нөміріңіз бойынша төмендегі 1.5-кестеден алыңыз

1.5-кесте



10-дық
2-лік

2-лік
10-дық

10-дық
8-дік

10-дық-
16-лық



10-дық
2-лік

2-лік
10-дық

10-дық
8-дік

10-дық-
16-лық

1

0.1234

1.000110

0.117

0.553

9

0.7655

1.100110

0.894

0.245

2

0.4567

0.111001

0.653

0.365

10

0.1235

1.001010

0.356

0.634

3

0.2569

1.001111

0.125

0.147

11

0.3356

0.111110

0.338

0.542

4

0.4578

1.001100

0.237

0.564

12

0.2788

1.110101

0.107

0.322

5

0.3269

1.001000

0.457

0.328

13

0.3997

1.001011

0.603

0.789

6

0.5693

0.001110

0.257

0.698

14

0.2698

1.111011

0.388

0.194

7

0.6333

1.100101

0.964

0.899

15

0.3567

0.111100

0.451

0.256

8

0.7896

0.111010

0.995

0.456

16

0.6551

0.101100

0.215

0.144



Зертханалық жұмыс № 3


Тақырыбы: Операциялық жүйелер (ОЖ)
Мақсаты: Операциялық жүйе, MS DOS операциялық жүйесiнiң iшкi және сыртқы командаларымен таныстыру. MS DOS операциялық жүйесiнiң құрылымын анықтау. Windows операциялық жүйесі және оның негізгі объектілері (бума, файл) ұғымдарымен танысу, бумамен, файлдармен, «Сілтеуіш» программасымен жұмыс жасап үйрену. Дискілермен жұмыс жасай білуге үйрету, дискіні форматтау, диск бетіндегі физикалық ақауларды тексеру, дискіні, бумалар мен файлдарды вирусқа тексеру, архивтеу программаларын пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру


Әдістемелік нұсқау
Операциялық жүйелер кез-келген дербес компьютердің аппараттық құрылғыларын толықтырады және де қолданбалы программалардың ішкі құрылғыларының қарым-қатынасын, адамның сәйкес командалар көмегімен машинаны басқаруына мүмкіншілік тудырады.
Операциялық жүйе (Оperating System) - қолданушымен сұхбат ұйымдастыруды, компьютердің аппараттық және программалық ресурстарын басқаруды және олардың өзара үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз ететін програма.
ОЖ құрылымы келесі модульдерден тұрады:

    • базалық модуль (ОЖ ядросы) —файлдық жүйемен программа жұмысын басқарады, сыртқы программа мен файл арасындағы алмасу және оған қатынас жасауды орындайды;

    • командалық процессор — бірінші кезекте пернетақтадан түсетін пайдаланушы командаларын орындайды және талдайды;

    • сыртқы құрылғы драйверлері — бұл құрылғылардың процессормен жұмыс істеуі үшін программалық қамамасыз етіп отырады (әрбір сыртқы құрылғы ақпаратты әртүрлі және ерекше жылдамдықпен өңдейді);

    • қосымша сервистік программалар (утилиттер) — пайдаланушының компьютермен байланысу процесін жан – жақты және ыңғайлы етеді.

Файл(file) - деп логикалық байланысқа ие сыртқы жадының мәліметтер немесе программалар жиынтығы орналасқан, өз алдына дербес аты бар атаулы бөлігін айтады. Құрылған файлға ат беріледі және ол файлдық жүйеге тіркеледі. Файлдың аты екі бөліктен тұрады: файлдың атауы және файлдың кеңейтілуі (типі), олар бір-бірінен нүкте арқылы ажыратылады.
Бума (папка, folder) – бір дискіде орналасқан, белгілі бір қажеттілік бойынша бір топқа біріктірілген файлдар жиынтығын атау үшін қолданылатын Windows жүйесінің негізгі объектілерінің бірі. Мұндай қызмет атқаратын объектіні MS DOS жүйесінде каталог деп атаса, қазіргі Windows жүйесінде бума деп атайды. Бумада тағы да басқа бумалар , файлдар орналасуы мүмкін. Бумалардың қызметі - есте сақтау құрылғыларында сақталатын өте көп файлдардың арасынан қажет файлды тез іздеп тауып алу үшін, оларды белгілі бір ретпен бағынышты немесе сатылы иерархиялық құрылымда орналастыру.
Жарлық (Ярлык, Label)- нақты бір объектіге апаратын жол (маршрут, путь) сақталатын, бір килобайт көлеміндегі шағын файл. Жарлықтар да қажет объектілерді жылдам тауып алу үшін қолданылады.
MS DOS - тың негізгі командалары
MS DOS командасы пернетақтадан енгізіледі. Команданы енгізу Enter пернесін басумен аяқталады.
Команда ішкі немесе сыртқы команда болып екі түрге бөлінеді. Ішкі командаларды DOS құрамына жататын командалық процессор орындайды. Сыртқы команданы  DOS құрамына жатпайтын кез келген бөлек программа орындайды. Мұндай программаның атын сыртқы команданың аты деп есептеуге болады. Команданың аты және параметрі болады.
Мысалы, DIR, TYPE CONFIG.SYS, COPY A:PRI.1PAS D:
мұндағы DIR, TYPE, COPY- ішкі команданың аттары, ал басқалары команданың параметрлері.
Сыртқы командаға мысалдар: FORMAT А: DISCOPY A: B:
A: мен B:-параметрлер.
Бір команданы бірнеше файлға бірден қолдануды жүзеге асыру немесе файлдар аттарын жазуды қысқарту үшін файл атының шаблондары қолданылады. Шаблонда “*” таңбасы осы жерден бастап файл атының немесе түрінің соңына дейін кез келген таңба бар деп есептеуді қамтамасыз етеді.
Шаблонда сұрақ белгісі осы жерде кез келген бір таңба тұр деп есптеуді қамтамасыз етеді. Мысалы:
AB *.* - аты АВ-дан басталатын барлық файлдар;
*.COM – толықтырушысы COM болатын барлық файлдар;
*.*-ағымдық буманың барлық файлдары;
?????.ASM - ASM-типті аты бес таңбадан тұратын барлық файлдар.
DOS файл жүйесімен жұмыс жасау үшін бірнеше ішкі командалар бар.
Олар:

  1. DIR – буманы экранға шығару

Команданың спецификациясы:
DIR [ж:][файл аты [.түрі]][/P][/W]
/P параметрі мәлімет экранның биіктігіне симай кетсе, оны бөлшектеп көрсетуді ұйымдастырады.
/W параметрі мәліметтің қысқаша түрін шығаруға қолданылады.
DIR командасының параметрлерсіз қарапайым түрі экранға ағымдық буманы береді. Мысалы, экранның кескіні мынадай болуы мүмкін:


  1. MKDIR немесе  MD – жаңа бума құру

Команданың спецификациясы: MD [:] маршрут немесе
MKDIR [:] маршрут
Жаңа бума ағымдағы буманың ішінде құрылады. Кез келген буманың ішінде жаңа бума құруға болады. Мысалы, ағымдағы WORK бумасының ішінде PRO деген жаңа бума жасау керек. Бұл үшін төмендегідей команда енгізу жеткілікті:
Жаңа буманы енді файлдармен толтыруға болады.

  1. RMDIR немесе   RD – буманы жою

Команданың спецификациясы: RD[ж:] маршрут
немесе RMDIR [ж:] маршрут
Жойылуға тиіс бума бос болуы тиіс, яғни онда ешқандай элемент болмауы керек. Әйтпесе ол буманы жоюға болмайды. Команданы енгізгенмен жүйе оны орындамайды. Ағымдағы және түпкі бумаларды да жою мүмкін емес. Сонымен ішкі бумаларды ғана жоя аламыз. Және кез келген ішкі буманы жоюға болады. Мысалы: C: WORK>rd pro
Бұл команда ағымдық WORK бумасының ішкі бумасы PRO-ны жойып жібереді.

  1. CHDIR немесе   CD – ағымдық буманы өзгерту

Команданың спецификациясы: CD[ж:][маршрут] немесе CHDIR[ж:][маршрут]
Команда көрсетілген жинақтауыштың немесе ағымдағы жинақтауыштың ағымдық бумасын өзгертеді. Ағымдық буманы өзгерту-өте кең пайданылатын команда. Мысалы мына команда: C:>cd doc арқылы C: түпкі бумадан екінші деңгейдегі doc бумасына көшу іске асады. Ішкі бумадан бір деңгейге жоғары көтерілу үшін мынадай команданы қолдануға болады: cd…
Ең жоғары деңгейге, яғни түпкі бумаға көтерілу үшін мынадай команданы беру керек: Cd\

  1. Файлдарды көшіру

Команданың спецификациясы: COPY командасы
Оның бірнеше түрі бар.
А) Атын өзгертпей көшіру
  COPY[ж:][маршрут]файл аты[.түрі] [ж:][маршрут]
Файл басқа жинақтауышқа немесе басқа бумаға өз атымен көшіріледі.
Б) Атын өзгерте көшіру
COPY[ж:][маршрут]файл аты[.түрі] [ж:][маршрут]файл аты [.түрі]
Файл басқа жинақтауышқа немесе басқа бумаға жаңа атпен көшіріледі.
Мысал1: C:>copy d:*.*  c:
Бұл команда D:дискісінің барлық файлдарын С:дискісінің ағымдық бумасына көшіреді.
Мысал 2: C:>copy work *.* DOS
Бұл команда WORK бумасының барлық файлдарын DOS бумасына көшіреді.
 Мысал 3:  C:>copy pr1 pr2
Ағымдағы бума ішіндегі PR1 атты файл осы бумаға PR2 атымен көшіріледі.
 Мысал 4: C:>copy work*.txt doc*.doc
WORK бумасынан DOC бумасына TXT типті барлық файлдар көшіріледі және олардың типі DOC болып өзгереді.

  1. Файл атын өзгерту командасы

Команданың спецификациясы:
REN[AME] [ж:][маршрут аты]файл аты[.түрі]файл аты[.түрі]
Бірінші аргумент файлдың бұрынғы аты да, екіншісі –жаңа аты. Бірінші аргументтің алдына өзгеріс қай бумада жүретінін көрсететін префикс-маршрут қоюға болады, әйтпесе өзгеріс ағымдағы бума ішінде болады.
Мысалы:
С:WORK>ren d:*.txt *.doc
Файлдардың түрлері өзгереді.
С:>ren pr1.asm pr2.asm
Файл аты PR1-ден PR2-ге өзгереді.

  1. Файлды жою командасы

Команданың спецификациясы:
DEL [ж:][маршрут]файл _аты[.түрі]
Егер файл аты көрсетілмесе, онда берілген бумадағы немесе ағымдағы бумадағы барлық файлдар жойылады. Мұндай жағдайда ( және *.* шаблоны көрсетілген кезде) DOS жоюды орындауға рұқсат сұрайды. DEL командасының аргументінде маршрут, шаблон немесе белгілі бір файлдың атын енгізуге болады.
Мысалы, C:>delwork*.txt- бүкіл TXT- типті файлдар жойылады.

  1. Файл құру командасы

Copy con [ж:][маршрут]файл _аты[.түрі]
9. Файл мәліметін экранға шығару командасы
Команданың спецификациясы:
TYPE[[ж:][маршрут]файл_аты[.түрі]
Файл атында * және ? таңбаларын қолдануға болмайды. Аргументтің алдында файл қай бумада екенін көрсететін префикс- маршрут қоюға болады.
Бұл командамен тек ASCII кодында жазылған текст мәтіні бар файлдарды ғана экранда көре аламыз.
Мысалы:
C:type prog1.asm
C:>type work docum.txt
Windowsкомпьютерлерге арналған алғашқы графикалық операциялық жүйелердің бірі. Мұндағы ең қарапайым және негізгі басқару құрылғылары болып тышқан және пернелік тақта есептеледі. Windows жүйесінің көмегімен компьютерді басқара отырып, шағын локальдық желінің қызметін ұйымдастыруға болады және мұнда Интернет желісімен кіріктірілу мүмкіндігі де қарастырылған.
Windows операциялық жүйесі графикалық жүйе болғандықтан мұнда негізгі объектілерді, яғни бума мен файлды белгілеу үшін арнаулы белгі- таңбалар (значки,sing symbols) қолданылады. Файлдардың әрбір типіне сәйкес белгілері болады, сондай-ақ жарлықтардың да өзіне тән бағыттауышы (стрелкасы) бар белгісі болады.
Windows операциялық жүйесіндегі графикалық интерфейстің негізі – бұл жақсы ойлап табылған және өте тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік беретін терезелер жүйесі (window system). Терезені операциялық жүйедегі жұмысты басқару элементі деп те , объектілердің жұмыс аумағы деп те қарастыруға болады. Windows операциялық жүйесінде терезенің: қосымша терезесі, құжат терезесі, сұхбат терезесі, белгі (значок) -терезе және т. б. түрлері кездеседі.
Жұмыс үстелі (Рабочий стол, working table) – Windows операциялық жүйесінің бумалары мен файлдары, жарлықтары және тағы да басқа жүйені басқару элементтері орналасатын жоғары деңгейдегі объектісі (немесе бума). Windows операциялық жүйесі іске қосылғанда бірден жұмыс үстелінің терезесі ашылады.
Тапсырмалар панелі (Панель задач, taskbar) – жұмыс үстелінде орналасқан және қолданушының жасап жатырған тапсырмаларын уақытша қоя тұруына арналған Windows операциялық жүйесінің негізгі басқару элементтерінің бірі.
Файлдық жүйе (file system)– дискідегі файлдардың орналасуына және олармен жұмыс жасауды басқаруға жауап беретін операциялық жүйенің құрамды бір бөлігі.
Файлдық жүйеде жасалатын әрекеттер:

  • файлдық жүйе бойынша іздеу;

  • қосымшаларды іске қосу және құжаттарды ашу;

  • бумалар құру;

  • бумалар мен файлдарды көшіру;

  • бумалар мен файлдардың орынын ауыстыру;

  • бумалар мен файлдарды өшіру;

  • бумалар мен файлдардың атын өзгерту;

  • жарлықтар құру;

Сілтеуіш (reference) - файлдық жүйеден кез-келген объектіні іздеуге және олармен басқа да әрекеттерді орындауға арналған операциялық жүйенің қызметші программасы .
Алмасу буфері (Clipboard) - операциялық жүйе жұмысы кезінде қосымшалар мен құжаттар арасындағы мәлімет алмастыруды қамтамасыз етуге арналған жедел жадының арнаулы бөлігі.
Стандарт қосымша - ларға Windows операциялық жүйесінің құрамындағы, қолданушыға ең қажет, қарапайым қызмет түрлерін (қарапайым мәтіндік құжат даярлау, суреттер салу, сақтау, баспаға шығару, математикалық қарапайым есептеулер жүргізу және т.б.) көрсететін келесі қосымшалар немесе программалар жатады:

  1. Мәтіндік редактор WordPad

  2. Блокнот

  3.  Графиктік редактор Paint

  4. Калькулятор

Дискіні тексеру (disk check) - стандарт қызметші программа (Проверка диска) көмегімен дискінің файлдық жүйесіндегі қателерді, секторлардағы ақауларды табуды және оларды жөндеуді білдіреді.
Дискіні форматтау (disk formatting) – операциялық жүйе және оның қосымшалары дискіге мәліметтер мен программаларды жазатындай, оқитындай және т.б. әрекеттерді орындайтындай жағдайға келтіру үшін оның бетін саны шектеулі секторларға , жолдарға бөлу, яғни дискінің бетін жұмысқа даярлау.
Дискіні дефрагментациялау (disk defragmentation) стандарт қызметші программа (Дефрагментация диска) арқылы, компьютер жұмысының өнімділігін арттыру үшін, бір дискі көлемінде шашырай орналасқан файлдың бөліктерін бір-біріне жақын облыстарға жылжытып, дискідегі үзік-үзік орналасқан бос облыстарды жоюды қамтиды.
Архивтеу программалары (archiving programs) – көлемі үлкен файлдарды сығып, көлемін кішірейтіп архивке орналастыруды білдіреді. Бұл тәсілдің файлдарды сақтаушы құрылғыларға көшіруде, желі арқылы тасымалдауда өте маңызды практикалық мәні бар. Файлдарды архивтеу үшін және архивтелген файлды қайтадан қалпына келтіру үшін арнайы архивтеу программалары қолданылады. Кең тараған архивтеу программаларына WINZIP, WINRAR және т.б. программалары жатады. Файлды архивтеуде қандай программа қолданылса, оны қалпына келтіруде де тап сол программа қолданылуы қажет.
Компьютерлік вирустар (computer viruses) – бұл дискідегі мәліметтердің бұзылуына, соның нәтижесінде компьютер жұмысында түрлі ақаулардың болуына себебін тигізетін, шағын көлемдегі файл түрінде болатын, арнайы жазылған компьютерлік программалар. Қазіргі ақпараттық технологиялар индустриясында вирустық программалардан қорғану маңызды мәселелердің бірі. Компьютерді вирустық программалардан қорғау үшін арнайы антивирустық программалар деп аталатын програмалар қолданылады. Олардың қызметі- компьютерлік вирустарды ұстап алу, іздеп тауып алу, жою, т.б. және олардың қызметі үнемі жетілдіріліп отырады. Кең тараған антивирустық программаларға Doctor Web, AVP жатады.


Тапсырмалар
1.1. Жұмыс үстелінде «Бірінші» атты бума ашыңдар. «Бірінші» бумасын ашып, оның ішінен «Екінші», «Үшінші» және «Төртінші» атты бумалар ашыңдар. Түр – Аспаптар тақтасы командасы арқылы төмендегі тақталарды іске қосыңдар немесе олардың қосылып тұрғанын тексеріңдер (тақта атауының алдында  белгісі болса, ол қосылып тұрғаны): Кәдімгі батырмалар; Адрестік жол; Батырмалар жазбалары, Түр командасының Крупные значки, Мелкие значки, Таблица, Список жолдарының алдына нүкте қою арқылы оларды біртіндеп іске қосып, солардың әрқайсысында «Бірінші» бумасының ішкі мазмұнын көріп шығыңдар. «Бірінші» бумасын оның ішкі мәліметтерімен бірге өшіріп, Қоржынға салу керек. Қоржынды ашып көріп, өшірілген «Бірінші» буманың осыған көшірілгенін тексеріңдер. Қоржыннан да «Бірінші» буманы өшіріп тастаңдар.
1.2. Калькулятор программасын ашып, мынадай амалдарды орындаңдар:
(344 : 17 + 12.5) + 14 + 222 = Оның нәтижесін Алмастыру буфері арқылы a.txt файлының соңына жазыңдар.«Калькулятор» терезесін Тапсырмалар тақтасына жарлық түріне келтіріп жасырып қойып, сонан соң оны жанама меню арқылы жауып тастау керек. a.txt файлындағы мәліметтерді сақтап, оның терезесін жабыңдар.
2.1. Іске қосу – Баптау – Басқару тақтасы – Экран командаларын орындап, Жұмыс үстелінің фоны мен қалқасын өзгертіңдер. Жұмыс үстелінде «Бірінші» және «Екінші» атты бумалар ашыңдар. «Бірінші» бумасы ішінен a.txt атты файл құрып, оған мәтін жазып шығыңдар:
Келесі әрекеттерді орындаңдар:

    • бірінші сөйлем мен соңғы сөйлемді алмастырыңдар; мәтін соңына үстіміздегі күн-ай мерзімін қойыңдар;

    • сөздерді тасымалдау режимін енгізіңдер;

    • «ақпарат» сөзін (бар болса) автоматты түрде іздеп табыңдар;

    • мәтін парағының сол жақ шеті мен оң жақ шетіндегі және төменгі жағы мен жоғарғы жағындағы бос өрістер мөлшері 20 мм болатын болсын.

«Бірінші» және «Екінші» бумаларды ашыңдар. Олардың әрқайсысының экрандағы көлемі Жұмыс үстелінің жартысына тең болып, экранды толық алып тұратын болсын.
- «Екінші» бума терезесін жабыңдар;
- «Екінші» буманың атын «Үшінші» деп ауыстырыңдар;
- «Үшінші» буманы «Бірінші» бума ішіне жылжытыңдар;
- «Бірінші» буманы өшіріп, Қоржынға жіберіңдер;
- Қоржынды ашып көріп, өшірілген «Бірінші» буманың осыған көшірілгенін тексеріңдер;
- Бірінші буманы қайта қалпына келтіріп, Жұмыс үстеліне орналастырыңдар;
- «Бірінші» буманы Қоржынға түсірмей, бірден өшіріп тастаңдар.
2.2. Калькулятор программасын ашып, оның «инженерный» режимін қосып, өткен сабақтағы тапсырмаларыңызды, яғни бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне көшу амалдарын тексеріңіздер.
3.1. Пуск – Справка командаларын орындап Windows cтандартты программалары жайлы анықтамалық мәліметті оқып шығыңдар. a.txt файлын жарлық арқылы ашыңдар. Анықтамалық жүйенің Windows cтандартты программалары жайлы түсініктемелерін файл соңына көшіріп жазып, құжатты сақтап қойыңдар. Өздерің ашқан бумалар мен файлдарды өшіріңдер. Оларды Қоржыннан да алып тастаңдар.
4.1. Жұмыс үстелінде «Бірінші» атты бума ашып, сол бума ішінен a.txt және b.txt деп аталатын екі мәтіндік файл құрыңдар.
«Бірінші» бума ішінен «Екінші» атты бума ашыңдар. «Екінші» бума ішінде c.txt атты мәтіндік файл құрыңдар. a.txt және b.txt файлдарындағы мәтіндерді біріктіріп, c.txt файлына көшіріп жазыңдар. Барлық ашық терезелерді жабыңдар.

    1. Пуск – Программа – Стандартные – Блокнот арқылы Блокнот программасын ашып, Блокнот – Файл – Открыть командалары арқылы c.txt файлы мәтінін экранға шығарыңдар. c.txt файлын соңына жаңа мәтін қосыңдар: «Адам мен жер, атамекені мен туған халқы, махаббат пен жастық шақ – ақын поэзиясының ең күшті рухын көрсете білген өміршең тақырыптары еді». Мәтін ішінде кездесетін барлық «ел» сөзін «жер» сөзіне алмастырыңдар; екінші сөйлемді мәтін соңына көшіріңдер; бірінші сөйлем мен соңғы сөйлемді алмастырыңдар;мәтін соңына үстіміздегі күн-ай мерзімін қойыңдар; сөздерді тасымалдау режимін енгізіңдер; екінші сөйлемнің әр сөзін бір жолға жазып шығыңдар (бір жолда бір ғана сөз болсын). c.txt файлын өзгерістерді сақтамай-ақ жауып тастаңдар. Өздерің ашқан бумалар мен файлдарды өшіріңдер. Оларды Қоржыннан да жойыңдар.

    1. Өз фамилияңызбен бума құрыңыз

    2. Экранда файл (Анықтама.txt) құрыңыз

    3. Файлдарды көшіріңіз.

    4. Файлдарды қараңыз, атын өзгертіңіз.

    5. Файлдарды біріктіріңіз.

    6. Бумалар құрыңыз.

    7. С дискісінде төмендегі файлдық құрылым жасаңыз



2.1-сурет



    1. Анықтама.txt файлын келесі құрылымға сәйкес орналастырыңыз (1-сурет) С:\Жұмыс_2\Р2\Анықтама.txt

    2. Анықтама.txt файлын Р1 бумасына Терминдер.txt (1-сурет)атымен көшіріңіз.

    3. Құрған файлдарды жойыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет