Жатыр миомасы



бет2/3
Дата09.04.2024
өлшемі309,61 Kb.
#200638
1   2   3
Байланысты:
574855.pptx

Миома көбіне үш бағытта еседі: жатыр қуысына қарай, жатырдың сыртына қарай және жатыр қабырғасына. Әрбір ісіктің әсері оның қай жерге өсуіне, көлеміне байланысты әртүрлі болады. Егер ісік қуыққа және тік ішекке карай өссе, осы ағзалар қысылып, олардың қызметтері нашарлайды. Бұл ісіктер баяу өседі. Саусақпен тексергенде ауырмайды.

  • Миома көбіне үш бағытта еседі: жатыр қуысына қарай, жатырдың сыртына қарай және жатыр қабырғасына. Әрбір ісіктің әсері оның қай жерге өсуіне, көлеміне байланысты әртүрлі болады. Егер ісік қуыққа және тік ішекке карай өссе, осы ағзалар қысылып, олардың қызметтері нашарлайды. Бұл ісіктер баяу өседі. Саусақпен тексергенде ауырмайды.
  • Ол мынадай гинекологиялықәдістер арңылы да анықталады:
  • 1. Ультрадыбыстық зерттеу;
  • 2. Жатыр қуысын гистероскопиямен көру;
  • 3. Құрсақ қуысын лапароскопия арқылытексеру.

Миоманың түрі өте көп

  • Субсерозды миома.
  • Миоманың бұл түрі жатырдың бұлшықет бөлігінде пайда болады. Яғни жатырдың сыртында орналасып, жанбасқа қарай өседі деуге болады. Бұл етеккірдің ағымына қатыспайды. Бірақ белгілі бір өлшемге дейін үлкейгенде жайсыздықтар тудыруы мүмкін. Ертелі-кеш, ісік айналасындағы ағзаларды қысып, жағымсыз сезімдер тудырады.

Интрамуральды миома

  • Интрамуральды миома
  • Бұл — ісіктің ең көп тараған түрі. Жатырдың ортаңғы бұлшықет бөлімінде дамиды. Осы ісік түрінің үлкейіп өсуімен бірге жатыр да өседі. Кіші жамбас аймағы ауырып, ауырлық пен басып жатқандай сезімдер болады. Көбінде етеккір циклының бұзылуынан пайда болады.

Субмукозды (сүлемейлі) миома.

  • Субмукозды (сүлемейлі) миома.
  • Миоманың бұл түрі айтарлықтай кең тарамаған. Алайда дәл осы түрінің ауру белгілірі бірден байқалады. Бұл ісік жатырдың ішкі қуысын қаптап тұратын шырышты қабықтың жіңішке қабатында пайда болады. Жатырдың субмукозды миомасы пайда болса, етеккір кезінде аурулар пайда болып, мерзімі ұзарады, ұйыған қан түседі. Кіші жамбас аймағы ауырып, арқа мен аяқ ауырады, жыныстық қатынас кезінде ауырсынулар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет