Құрылу тәртібі бойыншақұжаттар алғашқы және біріктірілген болып бөлінеді.
Алғашқы құжаттар әрбір жеке әрекетке олар орындалған сәтте құралады. Мысалы, кіріс кассалық ордері, шығыс кассалық ордері, материалдарды босатуға тлап, төлем тапсырмасы, негізгі құралдарды беру-тапсыру актісі, негізгі құралдарды істен шығару актісі және т.б.
Біріктірілген құжаттар құрылған алғашқы құжатардың негізінде ресімделеді. Оларды пайдалану біртекті әрекеттерге бақылау жасауды жеңілдетеді. Олар растаушы, бухгалтерлік толтырылған және аралас болуы мүмкін. Мысалы, аванстық есептер, кассалық есептер, шоттардан банк көшірмелері, топтастырылған және жинақтау ведомостары.
Шаруашылық әрекеттердің мазмұны бойынша құжаттар материалдық, ақшалай және есеп айырысу құжаттары болып табылады.
Материалдық құжаттар еңбек құралдары мен заттарының бар болуы мен қозғалысын көрсетеді. Оларға негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді салымдар, өндіріс қорлары мен шығындары жатады. Мысалы, негізгі құралдарды қабылдау-беру актілері, материалдық құндылықтарды кірістеу және босату құжаттары, өндіріс шығындары шоттары бойынша есеп тіркегіштерін толтыруға қажетті кестелер, анықтамалармен есеп айырысулар және ведомостар, шот-фактуралар, накладнойлар және т.б.
Ақшалай құжаттар ақшалай қаражаттардың қозғалысын көрсетеді. Олардың көмегімен кассалық және банк әрекетері есептелінеді. Мысалы, чектер, банк көшірмелері, кассалық кіріс және шығыс ордерлері, ақшаны қабылдау түбіртегі, пошта және вексель маркалары, қарыздар, облигациялар, жинақ сертификаттары және т.б.
Есеп айырысу құжаттары кәсіпорынның заңды және жеке тұлғалармен есеп айырысуын көрсетеді. Мысалы, төлем тапсырмасы, есеп-төлем ведомостары және т.б.
Әрекеттерді бейнелеу әдісі бойынша құжаттар бірреттік және жинақтау құжаттары болып бөлінеді.
Әрекеттерді бейнелеу әдісі бойынша құжаттар бірреттік және жинақтау құжаттары болып бөлінеді.
Бірреттік құжаттар бір рет жеке әрекетті немесе бірнеше бәруақытта орындалатын әрекеттерді бейнелеу үшін қолданылады. Ресімделгеннен кейін бірретік құжат бухгалтерияға түседі және бухгалтерлік есепте бейнелеу үшін негіз болып табылады. Мысалы, кіріс және шығыс кассалық ордерлері, есеп айырысу-төлем ведомостары және т.б.
Жинақтау құжаттары біртекті қайталанатын әрекеттерді бейнелеу үшін нақыталатын кезеңге (апта, декда, ай) құрылады. Кезеңнің соңында есеп жазбалары үшін пайдаланылатын көрсеткіштер бойынша жиындары есептелінеді. Жинақтау құжаттары біріктірілген құжаттардан айырмашылығы біріктірілген құжаттар алғашқы құжаттардың негізінде толтырылады, олардың жиыны болып табылады, ал жинақтау құжаттары әрекеттердің жинақталуы жолымен біртіндеп құрылатын алғашқы құжат. Жинақтау құжаттарына лимиттік-алу карталары, екі апталық не айлық нарядтар және т.б. табылады.
Толтырылған жері бойынша құжаттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі құжаттар кәсіпорында ішкі әрекеттерді бейнелеу үшін құрылады. Мысалы, кассалық кіріс және шығыс ордерлері, актілер, нарядтар, есеп айырысу-төлем ведомостары және т.б.
Сыртқы құжаттар нақты кәсіпорыннан тыс, ресімделген түрде келіп түсетін құжаттар болып келеді. Мысалы, шот-фактуралар, банк көшірмелері, тауарлы-көлік накладнойлары және т.б.
Толтыру әдісі бойынша құжаттарды қолмен жасалынған және есептік техниканың көмегімен жасалынған құжаттарға жіктеуге болады.
Қолмен толтыру жолымен құрылған құжаттар қолмен не жазба машинасымен толтырылады.
Есептік техниканың көмегімен толтырылатын құжаттар автоматты түрде өндіріс әрекеттерінің орындалу сәтіндегі ақпаратын тіркеуге алады.