Бухгалтерлік құжат (лат. documentum – дәлелдеу, куәлік) дегеніміз шаруашылық әрекеттерді орындау фактісін, оларды орындауға құқықты растайтын немесе жұмысшылардың оларға сеніп берілген құндылықтарға материалды жауапкершілігін бекітетін жазбаша куәлік.
Кәсіпорындардың шаруашылық және есеп жұмыстарындағы құжаттардың маңыздылығы:
1) Құжаттар есеп жазбаларын негіздеу құралы қызметін атқарады.
2) Бухгалтерлік құжаттардың үлкен оперативті мағынасы бар.
3) Бухгалтерлік құжаттар бақылау-талдау қызметін атқарады.
4) Құжаттардың кәсіпорынның меншігін сақтауын қамтамасыз етудегі ролі ерекше.
5) Құжаттардың құқықтық маңыздылғы бар, олар кәсіпорындармен және басқа субъектілермен немесе жеке тұлғалармен арасында туындайтын дауларды шешуде пайдаланылады.
Құжаттармен құжаттандыру, унификация, стандартизация және құжат айналымы сияқты үғымдары тығыз байланысты.
Құжаттармен құжаттандыру, унификация, стандартизация және құжат айналымы сияқты үғымдары тығыз байланысты.
Құжаттандыру – шаруашылық құралдарын, міндеттемелер мен шаруашылық әрекеттерін бухгалтерлік құжаттармен ресімдеу әдісі. Әрекет есепте оның растайтын сәйкес құжаттарсыз көрсетілуі сүскін емес. Сондықтан барлық шаруашылық әрекеттерін дұрыс және уақытында ресімдеу бухгалтерлік есептің алғашқы кезеңі болып табылады.
Құжаттардың унификациясы – бұл меншік нысанынан және ведомстволық қатыстылығынан байланыссыз әр түрлі кәсіпорындарда ұқсас әрекеттерді ресімдеу кезінде пайдалану үшін құжаттардың үлгі нысандарын дайындау. Унификация құжаттарды шағымды етіп және қысқартады, сонымен қатар оларды автоматты өңдеуге дайындайды: бірреттік құжаттарды жинақтау құжаттарымен алмастыру, құжаттарда бар артық көрсеткіштерді жою, бірнеше жеке құжаттарды біріктіру және т.б.
Құжаттардың стандартизациясы – бұл құжаттарды басу кезінде қағазды тиімді пайдалану үшін мүмкіндік беретін бір тпті құжаттар бланкілерінің бірдей (стандартты) мөлшерлерін жасау. Одан басқа стандартизация құжаттардың бухгалтерлік өдеуін және олардың архивте сақталуын жеңілдетеді.