Тақырыбы:Рене Давид «құқықтық отбасы» және қазіргі жүйелер туралы.
Континентальді, англосаксонды, дәстүрлі діни құқықтық жүйелерге сипаттама.
Құқықтық жүйе дегеніміз - әр мемлекеттерде қалыптасқан құқық реттеу және құқықты қолдануда өзіндік сипат пен ерекшеліктерге ие болған нормалардың, құндылықтардың, көзқарастардың, ерекшеліктердің жиынтығы.
Францияның ғалымы Рене Давидтың пікірі бойынша құқықтық жүйенің бірнеше түрі бар.
Олар:
Англо-саксондық
Социалисттік
Романо-германдық
Англо-саксондық құқық жүйесі
Бұл жүйе феодализм кезінен басталады. XII ғасырдан бастап қалыптасқан Англияның демократиялық жетістіктері құқық жүйесіне зор үлесін қосты. Бұл құқықтық жүйе ежелгі әдет-ғұрыптардан, сот шешімдеріне құралады.
Жүйенің негізгі мазмұны сот тәжірибесімен қалыптасады, мемлекеттік органның қабылдаған нормалары қосымша рөл атқарады. Және де бұл жүйеде процессуалдық нормалардың маңызы материалдық нормадан жоғары тұрады.
Романо-германдық құқық жүйесі
Бұл жүйені құқықтық жүйе деп те атайды. Европаның мемлекеттерінің көпшілігінде осы құқық жүйесі жақсы дамыған. Феодалдық кезеңде бұл жүйе жақсы дамымады.
Буржуазиялық революциялар осы құқықтық жүйенің дамуына өте кең жол ашты. Осыған байланысты бұл құқық жүйесі буржуазиялық кодекстеріне кіріп, Германия, Франция,Италия және бүкіл дүние жүзіне тарала бастады.
Бұл жүйенің негізгі мазмұны-нормативтік актілерді бірінші орынға қойды, сот шешімдері қосымша рөл атқарды.
Социалисттік құқықтық жүйе
Бөлінгенімен бұлардың қағидалары бірдей болды: Қоғамдық меншікті бір орталықтан жоспарлау.
Кәзіргі кезде бұл жүйе Солтүстік Кореяда, Кубада, сақталып қалған.
Бұл жүйенің өзі 4 ке бөлінеді:
Советтік
Азиялық социалисттік
Европалық социалисттік
Куба республикасының жүйесі
Діни құқықтық жүйе – бұл жүйе Азияның, Африканың дамушы елдері жатады. Ол елдердің құқықтық саясаты екі түрге бөліндеі:
Жоғарыда айтылған негізгі құқықтық жүйелерден басқа мынадай да жүйелер бар:
Діни құқықтық жүйе – бұл жүйе Азияның, Африканың дамушы елдері жатады. Ол елдердің құқықтық саясаты екі түрге бөліндеі:
Біріншісі: құқықты түсінуде, дамытуда оларды дінмен зиялы бағытты біріктіріп отырады.
Екіншісі: құқық деген ұғымға қарсы бағыт.
Ислам – діни қағидаларын құқықтың негізі деп санайды. Бұл бағытты жүйесін шариғат деп атайды.
Оның 4 түрлі негізі бар
1.Құран- Алланың Мұхаммед пайғамбарға түсірген киелі кітабы.
2.Сүннет – Пайғамбарымыздың хадистері.
3.Иджма – ислам ұйымдарының қабылдаған, бекіткен шешімдері, қаулы жарлықтары.
4. Өмірде кездесетін мәселелерді Құранның ұқсас аяттарына қарап шешу.
Индус – қоғамдағы қарым-қатынастарды шешудің ең күрделі жолы.
Бұл діни құқық жүйесі адамдарды туысы мен әлеуметтік топқа бөледі. Олардың өздерінің ішіндегі қатынастарды реттеп отыратын нормалары болады.
Және де топтағы адамдар бір топтан екінші топқа көшпейді. Олардың арасында теңдік пен бостандық және әділеттілік жоқ
Бұндай елдерге Индия, Пәкстан, Сингапур, Малайзия, Танзания, Уганда, Кения жатады.