Мысалы, чай-шай, ботинка- бәтіңке, сатин- сәтен, костюм- кастюм. Оқушылар тілінде жергілікті, диалектикалық ерекшеліктерге байланысты айтуда да, жазуда да дыбыстық қате жіберіледі. Мұндай қателер а, ә, ы, і дыбыстарына байланысты жіберіледі.
Мысалы, Күләнда- Күләндә, Балжамила- Балжәмилә, Ақлима- Ақлимә, т.б. Оқушыларда е дыбысы мен ә дыбысын алмастырып айту кездеседі. Себебі ә, е дыбысының жасалу ерекшеліктеріне көңіл бөлмейді. Қазақ тілінің байырғы сөздерінде ә дыбысы сирек қолданылған, сондықтан болар э дыбысын е ғып айту жиі .