Жаттыѓу ж¦мысы



бет13/75
Дата05.02.2022
өлшемі1,58 Mb.
#13858
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   75
2. Лексикалық жаттығулар

Әдіскер-ғалымдар М.Т.Баранов, А.Р.Прудникова жаттығу әдісінің маңыздылығына тоқтала келіп, лексиканы оқытумен байланысты жүргізілетін жаттығу түрлерін сөздік және лексикалық жаттығулар деп екіге бөледі. «Сөздік және лексикалық жаттығулар бір-бірімен тығыз байланысты, кей жағдайда оларды бір-бірінен айыру да қиын, өйткені екеуі де негізі сөзбен жұмыс жасайды» [4, 12] дей келіп, бұл ғалымдар лексикалық жаттығуларға лексикадан алған білімді бекітіп, осы негізде лексикалық іскерлікті қалыптастыру үшін жүргізілетін талдау жұмыстарына арналған жаттығуларды жатқызады. Ал сөздік жаттығуларға тілді сезінумен, сөзді дұрыс түсінумен және орынды қолдана білумен тығыз байланысты сөз тіркестерін жасау, сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма жазуды жатқызады. Сөздік жаттығулар оқушылардың сөздік қорының молаюына жағдай жасайды.


5-сыныпта лексикалық тақырыптарды оқытумен байланысты тіл дамытуға арналған жаттығу түрлерін жинастыруда, топтастыруда мына жағдайлар ескеріледі: а) 5-сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеру, соған сәйкес жаттығу жұмыстарын түрлендіру; ә) тіл дамытуға арналған жаттығу жұмыстарының мақсатын комплексті түрде қою.
Тіл дамытуға арналған жаттығулар жүйесін жинақтауда жаттығу жұмыстарына қойылатын мынадай негізгі әдістемелік талаптар ескеріледі. Олар: 1)жаттығу мәтіні оқушының жас ерекшелігіне сай келуі тиіс; 2) жаттығу мәтінінің тәрбиелік мәнінің болуы; 3) жаттығуда берілген тілдік тапсырманың айқындығы; 4) лексикалық тақырыптың грамматикамен байланыстылығы.
Бұл жаттығу түрлері үш топқа бөлінеді: 1)лексикалық тақырыптарды бекіту мен оқушы тілін дамытуға бағытталған тақырыптық жаттығулар;
2) меңгерілген лексикалық тақырыптарға байланысты оқушылардың өзіндік шығармашылығын ұштауға бағытталған жаттығулар;
3) лексикадан алған білімін тексеруге бағытталған бақылау жаттығулары.
Бірінші топтағы жаттығулар лексикалық тақырыптардың қатысына қарай бөлінсе, екінші топтағы жаттығулар - ойын жаттығулары, лексикалық перфокарта, лексикалық сызғыш, суретпен жұмыс жатқызылады, үшінші топтағы жаттығулар қатарына еркін диктант, тілдік тапсырмасы бар мазмұндама, тілдік тапсырмасы бар шығарма топтастырылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет