Жаттыѓу ж¦мысы


Шығарма көлемі мен уақыты



бет67/75
Дата05.02.2022
өлшемі1,58 Mb.
#13858
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   75
Шығарма көлемі мен уақыты

5– сынып – 0,5-1 бет;


6 - сынып – 1-1,5 бет;
7 - сынып – 1,5-2 бет;
8 - сынып – 2-3 бет;
9 - сынып – 3-4 бет;
10 - сынып – 4-6 бет;
11 - сынып – 6-8 бет;
Сыныпта жазылатын шығармаға сабақ кестесінен қатарынан екі сағат беріледі. Бітіру емтиханында (шығарма жазылатын жағдайда) – 6 сағат беріледі.
Шығарманың бағалануы туралы оқушы шығармасын тексеру, бағалау мәселесін негізінен 4 салаға бөліп қарайды.

  1. Мазмұндылығы мен идеялылығы;

  2. Ой – пікірдің жүйелілігі;

  3. Стилі;

  4. Граматикалық сауаттылығы;

Бұлардың қай – қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды.

  1. Шығарманың идеялылығы мен мазмұндылығына оқушының тақырыпты қалай ашқандығы, қамтылған мәселенің дұрыс – бұрыстығы, дәлелділігі, негізгі ойды жеткізе алуы жатады.

  2. Ой – пікір жүйелілігіне шығарманың жоспарға сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы, т.б. енеді.

  3. Стильге тақырыпты ашуға байланысты оқушының ойын қалай жеткізгендігі, сөйлемдерінің оралымдылығы, сөз қолданысы, сөйлемді дұрыс құруы сияқты мәселелер жатады.

  4. Грамматикалық сауаттылыққа емле, тыныс белгісіне байланысты жайлар қаралады.



Шығарма процесі

Оқушыға нақты жұмыс берілді. Ендігі жерде оқушы әрекет істеуі керек, 10 минутқа дейін үнсіздік басып, оқушы алған білімін еске түсіріп, мида қрыту процесі басталады. Осы арада мұғалім көмегі қажет. Ұстаз шығарманың эпиграфын таңдауға көмектесуі мүмкін. Себебі шығарманың қаншалықты нәтижелі шығуының кепілі – эпиграф. Эпиграф үшін оқушыға арнайы папка аштырып, газет, журнал қиындыларын жинатып, ақындардың өлең – жолдарын, көсем сөздерін жиғызып, кітапхана каталогын жасатып үйрету керек.


Шығарма жазу мынандай кезеңдерден тұрады: әзірлік кезеңі, жазу, аяқтау кезеңі, тексеріп бағалау, талдау жасау кезеңдері.
Оқушының теориялық білімі толық болғанымен, шығарма жазғанда ойын шашыратып жүйелі баяндай алмаса, сөздік қорының тапшылығы өз бетімен кітаптыаз оқитыны байқалады.
Шығарманың жазылуында ұшырасатын кемшіліктердің негізгі бөлігі мына жағдайларға байланысты:

  1. Оқушы шығармашылық жұмысқа құлықсыз болған жағдайда шығарма мақсатына жетпейді;

  2. Шығармаға бағыт берілмесе, мақсатына жетпейді;

  3. Қате түсініп, көңілсіз жазылған шығармаларды қайта құрастыру, ойын жүйелеп, жаңарту оңайға түспейді. Сондықтан алдыңғы сәтсіз шыққан шғармадағы кемшілікті жою үшін басқа тақырыптағы шығарманы ұсынған тиімді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет