|
Оқушылардың шығарма жазуында төмендегідей міндеттер туындайды
|
бет | 66/75 | Дата | 05.02.2022 | өлшемі | 1,58 Mb. | | #13858 | түрі | Оқулық |
| Оқушылардың шығарма жазуында төмендегідей міндеттер туындайды:
Оқушының ойлау қабілетін арттыру;
Ана тілінде сөйлеп, жаза білуге жаттықтыру;
Ақын – жазушылардың шығармаларын білу;
Оқыға – білгенін шығарма жұмысына пайдалана алу;
Сауатты жазуы, келген ойды дәл бере білуге үйрету;
Оймен жұмыс істей отырып, оны басқара білу;
Келген ой толқынын іркіп, келесі ойға жол бере білу;
Цитаттарды (дәйектеме сөз) келтіре білу;
Бөлімдердің арасындағы байланысты сақтау.
Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар:
Тақырыпты толық аша білу;
Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көпсөзділікке жол бермеу;
Шығармада сөз болған жайды оқушының басқаларға түсінікті болатындай орамды тілмен, аз сөзге көп мағына сыйғыза баяндауы;
Шығарманың бөлімдерінің негізгі ой арқылы шебер байланысуы;
Шығармада жазушының өмірбаянына, жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты қателіктер жіберілмеуі керек;
Оқушының шығармада сын мақалалардан, әдебиеттану еңбектерінен шағын үзінділерді қисынымен қолдануы, оның терең білімін танытады;
Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасай білу.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|