54
-синоним, антоним, омоним сөздердің ерекшеліктерін, өзара
байланыстылығын түсіну, сөздерді мағыналық сипаттарына қарай
ажыратып, топтай білу;
-синоним сөздердің эмоциялық-экспрессивтік мәнін ажыратып,
олардың қолданыстағы орнына қарай синонимдес, антонимдес
сыңыраларын да ажырата білу;
- сөздік құрам тармақтарының өсу, толығу жолдарын саралап,
тілдің қоғамдық-әлеуметтік сипатын тани білу;
- диалект сөздердің тіл мәдениетіне қатысын тани отырып, әдеби
тілдің толысуындағы диалект сөздердің рөлін білу, диалектілердің
пайда болу жолдарын түсіне алу;
- көнерген сөздер мен этнолингвистиканың арақатынасын
саралай білу, көнерген сөздердің қазіргі кездегі қолдану ерекшелігін
дұрыс түсіну;
- термин сөздер арқылы ұғымдарды дәл атап, ғылыми стиль
талаптарына сай қолдана алу және терминдер мен кәсіби сөздердің
ерекшеліктерін білу;
- сөздік құрам тармақтарының баю, толығу жолдарын саралап,
тілдің қоғамдық-әлеуметтік сипатын тани білу;
- неологизм сөздерді дұрыс қолдану және олардың тілдегі орнын
түсіну, неологизмдердің жасалу жолдарын білу.
Достарыңызбен бөлісу: