Жаттыѓу ж¦мысы


Тура мағыналы сөз Ауыспалы мағыналы сөз



бет17/74
Дата25.12.2021
өлшемі0,69 Mb.
#105431
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   74
Байланысты:
b222

Тура мағыналы сөз

Ауыспалы мағыналы сөз























  1. Көп мағыналы сөздерді теріп жаз.

Қанат – құстар мен шыбын – шіркейлердің ұшып – қонатын дене мүшесі

Мысалы: Алдымен алты қанат ақ орданы тігуге кірісті. Біз футбол алаңының оң қанатына отырдық.

Көз – адамның дене мүшесі, көруге арналған.

Мысалы: Көзім ауырып, дәрігерге қаралып жүрмін. Қазір иненің көзіне жіпті өткізе де алмаймын. Жұмыстың көзін тапсақ, тез бітірер едік.



  1. Ыстық, ауыр сөздері қандай мағынада қолданылған? (тұсына жаз)

Марат ауыр жүк көтерді_________________________________________
Ол – сыныбымыздағы мінезі ауыр баланың бірі_____________________
Дастарханға ыстық тамақ та келді________________________________


II – деңгей

  1. Омоним сөздердің антонимдерін көрсет



Аш (сын есім) -

Аш (етістік) -






Кір (сын есім)




Кір (етістік)














Түс (зат есім) -

Түс (етістік) -



  1. Алдымен синонимдік қатар, кейін антонимдік жұп түзе.

Үлгі: Дұрыс, жөн – қате, теріс, бұрыс, жаңсақ.
Сұлу- әдемі, көрікті, ажарлы
Түзу- тік, тура
Ұшқалақ- жеңілтек, күйгелек

Мөлдір- тұнық, таза


  1. Синонимдер қатарын түзе

Үлгі: Төбе шашы тік тұрды, зәресі ұшты, жүрегі тас төбесіне шықты, қорықты, үрікті.

Ит өлген жер__________________________________________________

Көзді ашып жұмғанша___________________________________________

Жүрек жұтқан__________________________________________________




  1. Мақалдарға қажетті антонимдерді тап

Үлгі: Еңбек етсең ерінбей – жалқау________________________________

3. Морфологиялық жаттығулар

Морфологиялық жаттығулардың міндеті- ана тіліміздің морфологиялық құрылысын оқушыларға саналы меңгерту. Морфологиялық жаттығулар мазмұны жағынан екі түрлі болады:



  1. Сөз тұлғасын оқыту барысындағы жаттығулар;

  2. Сөз таптарын оқыту барысындағы жаттығулар.

Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынандай талаптар қойылады: 1) алдымен негізгі түбірлерді , одан кейін туынды түбірлерді, сосын түбірлес сөздерді талдайды; 2) белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін, сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы жүргізледі.; 3)туынды сөздерден негізгі түбірді ажырату барысында сөздің мағынасына назар аударылады.

Жаттығу жұмыстары негізінде шәкірттер әрбір сөз табының өзіндік ерекшеліктерін, басқа сөз таптарынан айырмашылықтарын саналы түсінеді. Септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгеріп, оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде орынды, дұрыс қолданып үйренеді.

Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығу түрлері төмендегідей сараланады: 1) мәтіннен керекті сөздерді тапқызу; 2) керекті сөздерді қатыстырып сөйлем құрату; 3)сөздің мағынасын түсіндіріп, сөйлемдегі қызметін көрсету; 4) мағына мен тұлға жағынан қандай айырмашылықтары барын салыстыру.

Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар сөздің морфологиялық құрамын, мағыналы бөлшектерін, морфемаларды саналы түрде меңгертуде мәні зор. Сөздің морфологиялық құрамын талдау, көбінесе сол сөздің мәнін дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді. Сөздің элементтері түбір, жұрнақ, жалғау- бұлардың әрқайсысы сөзге өзінше мән береді. Осы мәндердің жинағы бірігіп, сөздің жалпы мағынасын тудырады.

Морфемаларды, соныњ ішінде жұрнақтарды айыра білу балалардың тілін жетілдіру үшін де мәні бар. Өйткені, бұл жаңа сөздер жасауға және сол сөздерді орынды жерінде қолдана білуге мүмкіндік береді. Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынадай талаптар қойылады:

1. Алдымен, мүмкіндігіне қарай негізгі түбірлерді, одан әрі туынды түбірлерді, ең сонында түбірлес сөздеді талдайтындай жағдай жасалуы тиіс.

2. Белгілі бір сөздердің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін сол негізгі түбіден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысы жүргізіледі.

3. Туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады.

Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар сөздерді белгілі топқа біріктіріп, жүйелеуге үйрететіндей болғаны ұтымды. Жаттығу жұмыстары кезінде оқушылар әрбір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсінеді.

Жаттығу жұмыстары кезінде септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгереді. Оларды жазбаша, ауызша сөйлегенде дұрыс, орынды қолдануын үйренеді.

Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығулар:


  1. Мәтіннен керекті сөздер тапқызу.

  2. Тірек сөздер арқылы сөйлемдер немесе әнгімелер құрастыру.

  3. Сөздің мағынасын түсіндіріп, сөйлемдегі қызметін көрсету.

  4. Сөздердің лексикалық немсе грамматикалық жағынан қалай өзгеретінін, не арқылы өзгеретінін аңғарту.

Морфологиялық жаттығулар орындау барысында алдында өтілген материалдарды қайталап отыру қажет. Сонда алдыңғы материалдар мен кейінгі материалдар арасында байланыс, жүйе пайда болады, ал бұл оқушының материалды терең игеруіне септігін тигізеді.

4 .Синтаксистік жаттығулар
Синтаксистік жаттығуларға сөз тіркесі, жай сөйлем түрлері, құрамалас сөйлем түрлері мен пунктуацияға байланысты жаттығулар жатады. Оқушылардың осы бөлімдерден алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларға мынандай талаптар қойылады: 1) белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушыларда оны орындай алатындай білім, білік болуы шарт; 2) оқушылар жаттығуда не орындайтынын, оның қандай пайдасы барлығын түсініп орындағаны абзал; 3) жаттығу оқушының тілге қызығушылығын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс; 4) жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып отырылуы қажет;

5) жаттығу жұмыстары тек өтілген материалдарға ғана байланысты болмай, бұрын өтілген материалдарды да қайталауға мүмкіндік туғызуы шарт; 6) оқушылардың жас мөлшері кіші болған сайын жаттығу да қысқа уақытқа шақталып, үнемі талап мақсатына қарай ауыстырылып отырғаны пайдалы; 7) шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болғаны жөн.

Жаттығу жұмысының барысында оқушылардың білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, яғни зейін қойып тыңдай білу, белгілі бір жобалар бойынша сөйлем мүшелеріне талдай алу, сұрақ қоя білу, қажетті деректерді оқулықтан, сөздіктен таба алуға үйренеді.

Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, қаншама дағды берілгенімен, әр оқушының білімі, дағдысы мен шеберлігі есепке алынбаса, олардың материалды қалай меңгергені, нәтижесі, оған қалай жеткені белгісіз болып қала береді. Оның үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесін біліп отырмаған соң, келесі еңбекке ынтасы азайып, сабаққа белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай сабақ болмасын балалардың алған білімдері мен дағдысы есепке алынып, бағаланып отырылғаны дұрыс. Оның мынандай жолдарын көрсетуге болады: а) бір сабақтың негізінде бағалау; ә) бірнеше сабақтың негізінде бағалау; б) бір ғана жұмыстың негізінде бағалау.

Мұғалім жаттығу жұмыстарын грамматика- стилистикалық бағытта ұйымдастырғанда, дайын мәтін ала отырып, оған грамматика-стилистикалық талдау жасатады. Оқушылардың назарын сөйлем құрылысына аударып, қалай жасалғанын, қандай стильдік қателер барын танытамыз. Сөйлемнің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін байқатамыз. Бір грамматикалық тақырыпқа байланысты ережелерді ауызша сұрап білу үшін, әр сыныптың ерекшелігіне қарай тәсілді өзгертіп отырғаны жөн. Мектеп тәжірибесінде көлемі ұзақ жаттығуларды көшіріп жазуға көбірек көңіл бөлінеді де, ал оған талдау жасала бермейді. Немесе «үшінші, төртінші сөйлемді талда» деп, оқушының ой-өрісін, сөйлеп үйрену аясын тарылтып, ережелерді құр жаттатып, айтқызушылық жиі кездеседі. Демек, оқулықтағы жаттығу материалдарын ауызша талдату жұмысы оқушының ой-өрісін дамытумен қатар ойын жүйелі айта білуге дағдыландырады.

Синтаксистік жаттығуларға пунктуациялық жаттығулар да қосылады: мәтіндегі қойылған тыныс белгілерін талдау, қойылмаған тыныс белгілерін қою, өздері құрастырған сөйлемдер мен мәтіндерге қажетті тыныс белгілерін қойып, қойылу себебін тусіндіру.

Сабақта оқушыларды сөйлеуге дағдыландыру үшін пайдаланылатын басты материал – мәтін. Оқушылар заттың атын, белгісін, қимыл әрекетін, жай – күйін білдіретін сөздермен ғана танысып қоймайды, сол сөздерді пайдаланып, сөйлем құрауға үйренеді. Сөздер сөйлемде фонетикалық, грамматикалық құбылыстарға түседі, олар белгілі бір ережеге байланысты түсіндіріліп, өткен материалдар қайталанады.

8-сынып оқулығында 221 жаттығу бар. Жаттығу материалдары көркем әдебиеттен, ауыз әдебиетінен алынған мақал – мәтелдер, жаңылтпаш, нақыл сөздер, жұмбақтар түрінде келеді.

Оқулықтың бұрынғы басылымдарында жаттығу тапсырмалары көбінесе тақырыпқа сәйкес болып келетін болса, ал жаңа басылымында қосымша тапсырмалар да бар. Бұл тапсырмалар тәрбиелік мәні бар мәтіннің мазмұнымен ғана таныстырып қоймай лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, пунктуациялық, стилистикалық талдаулар жасауға арналған. Яғни синтаксистік жаттығуларды орындау үшін ғана емес, тілдік категорияларды жан - жақты меңгеруге, өткен материалдарды еске түсіріп отыруға мүмкіндік береді.
4.1.Қазақ тілі синтаксисі методикасының негізі мен мазмұны
Қазақ тілі синтаксисінің методикасы- жас буындарға тіл ғылымының озық табыстарының негіздерінде сөз тіркесі мен жай және құрмалас сөйлемдерден, қазақ тілі пунктуациясынан терең, жүйелі, берік, саналы білім беру жолында қолданылатын ең тиімді әдістер мен тәсілдердің жиынтығы. Ол әдістер: байқау әдісі, тәжірибені талдау-жинақтау әдісі, бұрынғы мұраны үйрену әдісі, эксперт-анкета әдісі.

Қазақ тіл ғылымының синтаксис жөніндегі зерттеулері- қазақ тілі синтаксисі методикасының оқушыларға меңгерту үшін ұсынылатын материалдары. Қазақ тілі синтаксисі методикасының мазмұны мыналарды қамтиды:

1. Синтаксистен орта мектеп оқушыларына берілетін білім көлемін белгілеу.

2. Синтаксистен берілетін білімнің танымдық және тәрбиелік мәнін ашу.

3. Синтаксисті оқыту әдістері мен тәсілдерін анықтау.

4. Синтаксисті оқытуға байланысты жүргізілетін негізгі жұмыстардың, жазба жұмыстарының, жаттығу жұмыстарының түрлерін белгілеу.

5. Қазақ тілі синтаксисі методикасының ұғымдары мен терминдерін жасау.

Қорыта келгенде, синтаксистік талдау және оның методикасы -қазақ тілін жан-жақты зерттеуді қарастыруды мақсат тұтқан талдаулардың бірі. Ол- оқушылардың саналы, дара білімдерін жетілдіруге, мұғалімдер мен шәкірттердің арасындағы байланысты нығайтуға және синтаксистік талдауды дамытуға әсер ететін фактор.

Қазіргі кездегі тәжірибелі мамандар мен қазақ тілі методикасын жетілдіру үшін өз ізденістері мен еңбектерін ұсынып отырған мақалалар мен оқулық авторларының басты мақсаты- қазақ тілінің синтаксистік талдау методикасына жаңа әдіс-тәсілдер енгізу, жаңа бағдарламалар жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет