Жаттыѓу ж¦мысы


© Т‰сіпова Ќ.Д., 2006 © С.Торайѓыров атындаѓы Павлодар



бет2/74
Дата25.12.2021
өлшемі0,69 Mb.
#105431
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
b222

© Т‰сіпова Ќ.Д., 2006

© С.Торайѓыров атындаѓы Павлодар

мемлекеттік университеті, 2006




КІРІСПЕ
Қазақ тілін оқыту методикасы - мектепте оқытылатын қазақ тілі материалдарын практикалық тұрғыдан оқушыларға саналы түсіндіретін ғылым саласы.

Қазақ тілін, әсіресе грамматиканы оқыту жөнінде пікір айтқан Қажым Басымов болды. 1938 жылы «Грамматиканы оқыту жөнінде» деген мақаласында оқыту әдістеріне тоқталды.

1940 жылы Ғали Бегалиевтің «Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасы» деген, 1950 жылы «Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері» деген кітабы жарық көрді.

1944 жылы «Жаттығу, емле мен тіл дамыту», 1946 жылы «Қазақ тілі методикасы» (екінші басылым) деген еңбектері жарық көрді.

1956 жылы Шамғали Сарыбаевтың «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» (1- бөлім, фонетика мен морфология) деген кітабы шықты.

Қазақ тілі оқулықтары мен программаларын жақсарту жөнінде, методикалық еңбектер жазу, эксперимент жұмыстарын жүргізу, озат мұғалімдердің тәжірибелерін зерттеу мәселелерін дұрыс жолға қойып, қазақ тілін оқытуды жақсарту жөнінде көп еңбек сіңірген ғалым- профессор Ахмеди Ысқақов болды.

Мектепте ана тілі мен әдебиетті оқыту туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою міндеттелді. Озат мұғалімдерді, методистерді, ғалымдарды қазақ тілін оқыту мәселесімен айналысуға жұмылдырды, оларға ғылыми басшылық жасап, жөн сілтеді. Сондай жұмыстардың нәтижесінде осы жылдың өзінде-ақ қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері зерттеліп, бірсыпыра еңбектер жарық көрді.

Бұл салада зерттеуші-мұғалімдер Иманбек Ұйықбаев Сейіл Жиенбаевтан, Шамғали Сарыбаевтан кейінгі қазақ тілі методикасын дамытушы, алғашқы зерттеушілердің бірі болып танылды. И.Ұйықбаевтың 1957 жылы «Орта мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері», «Қазақ тілінде сөз таптарын оқытуға көмекші құрал», ал 1962 жылы «Қазақ тілі методикасының очерктері» деген еңбектері жарық көрді.

Бұл аталған еңбектерде морфологияны оқытуға жан-жақты талдаулар жасалынды. Оны қазір ұстаздар өздерінің іс-тәжірибесінде кеңінен қолданып жүр.

Синтаксисті оқыту да назардан тыс қалмады. Әмеди Хасенов қазақ тілі программалары мен оқулықтарын жетілдіріп, жақсарту жөнінде көп еңбек сіңірді. 1957 жылы «Жай сөйлем синтаксисін оқытудың кейбір мәселелері», «Пунктуацияны оқыту жолдары» деген методикалық еңбектері жарық көрді.

Бұдан кейін методиканың басқа да мәселелері зерттеле бастады. Әсіресе қазақ тілінің орфографиясы ғылыми әрі методикалық жағынан терең зерттеу тапты. Бұл салада көп еңбек еткен, орфография жөнінде күрделі методикалық еңбек жазған Кәшен Жолымбетов болды. К.Жолымбетовтың методикалық еңбектерінде қазақ орфографиясын оқытудағы негізгі принциптер мен тәсілдер сараланып берілді.

Қазақ тіліндегі тыныс белгілерін оқытудың методикасын жан-жақты зерттеген – Шәріп Әуелбаев. Ш.Әуелбаевтың «Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясын оқытуға арналған құрылымдық схемалар», «Пунктуацияның қиын мәселелері», «Қазақ тілі сабақтарының мазмұны мен жоспарлау үлгілері» деген монографиялық еңбектерін мұғалімдер, студенттер кеңінен қолданып жүр.

Дәулет Әлімжанов пен Ыбырайым Маманов 1965 жылы «Қазақ тілін оқыту методикасы» деген еңбегінде қазақ тілін оқытудың негізгі міндеттері, тәрбиелік мәні, оның ғылыми негіздері, басқа пәндермен байланысы, білім берудің методтары мен жолдары деген мәселелерге тоқталды. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты оқушыларға берілетін білім көлемі де ұлғайды. Осыған орай оқу пәндерінің ғылыми-теориялық дәрежесін көтеру, оқыту тәсілдерін жетілдіру, оқушыларға кең көлемде білім беру жолдарын қарастыру, оқу-тәрбие процесін одан әрі жетілдіре түсудегі негізгі міндеттер белгіленді. Атап айтқанда, әр мұғалімді оқытудың тиімді әдісімен қаруландыру, оқытудың кабинеттік жүйесіне көшіп, техникалық құралдарды кеңінен қолдануды ұйымдастыру, сабақты тартымды әрі мазмұнды жүргізу талап етілді.

Бұл игі істерді ұйымдастыруда, оны дұрыс жолға қоюда Ы.Алтынсарин атындағы Педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының қазақ тілі методика бөлімі біраз еңбек атқарды.

Балғаным Құлмағамбетова 1956 жылдардан бастап қазақ тілі методикасының көптеген мәселелеріне ғылыми әрі практикалық жағынан зерттеу жүргізіп, «Қазақ тіліндегі етістік категориясын оқыту» (1957), «Құрмалас сөйлемдерді оқытудың кейбір мәселелері» (монография, 1963), «6-класта қазақ тілі сабақтарына байланысты тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру» (1965), «5-класта қазақ тілі сабақтарына байланысты тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру» (1966), т.б. еңбектерін дүниеге әкелді.

1965 жылдан бастап қазақ тілін оқыту методикасының даму тарихына үлес қосушылардың бірі- Бибігүл Кәтенбаева. Оның «Сөз құрамын оқыту» (1968), «4-кластың қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау» (1984), «5-кластың қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау» (1982-1984), «Еліктеуіш сөздер» (1974), «Морфологияны оқытудың методикасы» (1975), «Қазақ тілі оқулығы» (5-класқа арналған, 1982, 1983, 1986), т.б. көптеген еңбектері мұғалімдер кітапханасынан берік орын алды.

1978 жылдан бастап қазақ тілі методикасының лексика бөлімі де бірсыпыра зерттелінді. Бұл салада Айтбай Айғабыловтың «Лексиканы оқытудың кейбір мәселелері» (1980), 6-класқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы (1982, 1984), «6-класс қазақ тілі оқулығының методикалық нұсқауы» (1983), «Морфологияға байланысты грамматикалық таблица» (1984), «Қазақ тілінің программасы» (1983, 1984) сияқты еңбектері жарық көрді.

Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі де біршама зерттелінді. Құрмалас сөйлем синтаксисін теориялық жағынан зерттеген Хасен Арғынов. Оның «Жай сөйлем синтаксисін оқытудың методикасы» (1957 ), «Қазақ тілін оқыту» еңбектері жарық көрді.

Бұл аталған еңбектердің қазақ тілін оқыту методикасында алатын орны ерекше. Онда қазақ тілі методикасының педагогикалық негіздері, жазу жұмыстары, талдау үлгілері, грамматиканы оқыту, кітап оқу методикасы сияқты мәселелерге тоқталған. Еңбектердің барлығында да жасалатын тұжырым: «Мұғалім сабақты беруді көрсетіп бергенінен айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті. Методика рецепт те емес, әкімшілік нұсқау да емес, тек педагогикалық кеңес, жол-жоба»,- дейді [1, 12].

Методиканы зерттеудің алғашқы жылдарынан бастап жазба жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп келді. Себебі сауаттылықтың негізі жазба жұмыстарында жатқандықтан оған көңіл бөлмеу мүмкін де емес еді.

Жазу дағдысының психологиялық негізі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал систамасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу, есіту- кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.

Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырды. Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография енеді. Жазба тілінің өзіне тән ерекшеліктері бар.

Жазба жұмысының барысында оқушылардың білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, яғни зейін қойып тыңдай білу, белгілі бір жобалар бойынша сөйлем мүшелеріне талдай алу, сұрақ қоя білу, қажетті деректерді теріп алу, сөздікпен жұмыс істей алуға үйренеді.

Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, қаншама дағды берілгенімен, әр оқушының білімі, дағдысы, шеберлігі есепке алынбаса, олардың материалды қалай меңгергені, нәтижесі, оған қалай жеткені белгісіз болып қала береді. Оның үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесін біліп отырмаған соң, келесі еңбекке ынтасы азайып, сабаққа белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай жазба жұмысы болмасын оның орындалуына ерекше мән беріліп, оқушы еңбегі бағалануға тиісті. Жазба жұмыстарының түрлері көп, соның ішінде біз тоқталмақшы түрлері: жаттығу жұмыстары (талдау жұмыстары), диктанттар (жатжазу), творчестволық жазба жұмыстары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет