Сабақтың тақырыбы Қазақ жыраулары. Қорқыт. Асан Қайғы Сабақтың мақсаты Білу керек



Дата14.04.2017
өлшемі103,78 Kb.
#13794
түріСабақ

Күні 25.02.2017

10-сынып Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы

Қазақ жыраулары. Қорқыт. Асан Қайғы

Сабақтың мақсаты

Білу керек:

  • Жырау мен жыршының айырмашылығын;

  • Жыраулар мен олардың толғаулары тақырыптарын;

  • Жырлардың тарихи ақпарат көзінде атқаратын қызметтерін.

Сабақтың нәтижесі

  • Бейнемәтінді тыңдай отырып, тыңдалым қабілеттерін дамыту.

  • Мәтінді оқи отырып,сөйлеу тілін дамыту,сұрақ қоя білуге,жауап бере білу;(оқылым)

  • Өз ойын жеткізе білу ;(айтылым)

  • Мәтіннің мазмұнын ашып, талдау білу;




Қолданылатын әдіс-тәсілдер




Қолданылатын ресурстар

«Қорқыт» бейнеролигі, тұсаукесер, таратпа материалдар, жыраулар портреттері, нота бейнелері

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

Сәлемдесу, сабақ мақсаттарын таныстыру

Сәлемдесу, мақсатпен танысу

Жаңа тақырыпты игеру

Бейнероликті қарау

Тыңдалым

Оқушыларға ролик бойынша сұрақтарды екі бөлікке бөліп қояды

  1. Баланың есімін неліктен “Қорқыт” қояды?

  2. Қорқытқа әулие неліктен жаңа күй аспабын жаса деп аян береді?

  3. Қорқыт 20 жасқа толғанда Әулие оған қандай аян береді?

  4. Қорқыт ажалдың тұзағына түспес үшін қандай айла жасайды?

  5. Осы кезде ислам діні орын алған ба?




  1. Қорқыт кіндік қаны тамған Сыр бойына неліктен барды?

  2. Қорқыт күйіне еліген қырық қыздың тағдыры не болады?

  3. Қорқыт күйлерінің негізгі тақырыбы не болды деп ойлайсың?

  4. Қорқыттың өліміне не себеп болды?

  5. “Қайда барсаң да Қорқыттың көрі” деген сөз неліктен қалған?




Бейнеролик мазмұнына үңіліп, сұрақтарға жауап береді

Айтылым

Асан қайғының жер туралы айтқандарын талдау.

  • Асан неге “қайғы” атанған?

  • Жерұйық дегеніміз не?




Аймақтық компонентті бөліп көрсетеді.

Ой қозғау

Жырау мен жыршының айырмашылығы неде?

Айырмашылық белгілерді атайды.

Жазылым

Топпен жұмыс

  • 1-топ “Жыраулар”

  • 2-топ “Жыраулар толғаулары” тақырыбында постер дайындайды.




Оқулық мәтінін пайдалана отырып, постер жасайды.

Сергіту сәті

Кім көп біледі? –ойыны

  • “Хандар”

  • “Ғалымдар”

  • “Жырлар ”

Тарихи тұлғалар есімдерін көп айтқан оқушы жеңімпаз болады.

Жеке жұмыс

Оқылым

Карточкалар ұсынады. Әр карточкада белгілі бір жыраудың толғауынан үзінді келтірілген.

Карточкадағы толғау үзіндісіне тарихи ақпарат тұрғысынан талдау жасайды.

Бекіту

Ой толғау

Егер сендер XXI ғасыр жыраулары болғандарыңда не жайлы жырлар едіңдер?

Ойларын ортаға салады.

Рефлексия

Нота дәптерін толтыру

Қызыл нота- тақырып қызықты

Сары нота- тақырыпты толық түсінгім келеді.

Жасыл нота- тақырыпты түсінген жоқпын



Оқушылар сабақтан алған әсерлері бойынша нотаны орналастырады.

Үй тапсырмасы

42-43 параграф. Толғау жаттау





Бағалау парағы

Оқушының аты -жөні

Тыңдалым

Айтылым

Жазылым

Оқылым

Жиынтық баға



















«Зубаир орта мектебі» кмм

Қазақстан тарихынан



Сабақтың тақырыбы:

Қазақ жыраулары. Қорқыт. Асан Қайғы

10-сынып.

Дайындаған: Кизатаева Г.Н.

Тарих пәні мұғалімі



2016-2017 оқу жылы

Асан қайғының Жәнібек ханға айтқаны

Ай, хан, мен айтпасам білмейсің

Айтқаныма көнбейсің

Шабылып жатқан халқың бар,

Аймағын көздеп көрмейсің.

Қымыз ішіп қызарып,

Мастанып қызыл терлейсің

Өзіңнең басқа хан жоқтай

Елеуреп неге сөйлейсің?!


  1. Асан қайғы қай кезде өмір сүрген?

  2. Жәнібек хан деген кім?

  3. Халықты кім шауып жатты?

Асан қайғының Жәнібек ханға айтқаны

Тіл алсаң іздеп қоныс көр,

Желмая мініп жер шалсам,

Тапқан жерге ел көшір

Мұны неге білмейсің?

Ай,Жәнібек, ойлансаң,

Қилы, қилы заман болмай ма?

Суда жүрген ақ шортан

Қарағай басын шалмай ма?

Мұны неге білмейсің?

Қош аман бол, Жәнібек,

Енді мені көрмейсің.




  1. Асан қайғы не үшін жер шарламақ болды?

  2. Жәнібек хан қай жерде Қазақ хандығының іргесін қалады?

  3. Шу маңын асан қайғы не үшін ұнатпады?

  4. Суда жүрген ақ шортан деп қай елді меңзеп тұр?



Шалкиіз жырау 1465-1560 жж

Атадан жалғыз тудым деп

Басына қиын іс келсе,

Ісін көпке салар ма?

Атаның ұлы ерлерге

Малыңды бер де, басың қос,

Басыңды қос та, бек сыйлас.

Күндердің күні болғанда

Басың жауда қалар ма?


  1. Атаның баласы деп кімдерді атайды?

  2. Қандай салтты насихаттап отыр?

  3. Бұл жыр адамдарды неге шақырады?

  4. Неліктен осы кезде бірлік тақырыбы басты болған?


Үмбетей жырау 1706-1778 жж

Жас күніңде Абылай

Үргеніштен мында кеп,

Сарыарқаны жерім деп,

Қалың қазақ елім деп

Келмеп пе едің жаяулай.

Төле биді тапқанда

Күндіз түйе баққанда

Жалғызбын деп шошымай

.....жатушы едің сол жақта

Ұмыттың ба соны, Абылай!

Қалмақпен соғыс болғанда

Шарыштың басын шапқанда

Қанжығаңа бас байлап

Жау қашты деп айғайлап,

Абылайлап шапқанда....

Ұмыттың ба соны, Абылай!


  1. Абылай деген кім?

  2. Ол неліктен Төле бидің түсйесін баққан?

  3. Шарыш деген кім?

  4. Неліктен «Абылайлап» шапты?


Жиембет жырау

Еңсегей бойлы ер Есім,

Есім, сені есірткен

Есіл де менің кеңесім

Ес білгеннен, Есім хан,

Қолыңа болдым сүйесін.

Қолтығыңа болдым демесін.

Ертеңгі күн болғанда,

Елің кеңес құрғанда

Айналып ақыл табарға

Мен жоқ болсам ер Есім

Ит түрткіні көресің

Жиембет қайда дегенде

Не деп жауап бересің?



  1. Есім ханды неліктен еңсегей бойлы ер Есім деп атайды?

  2. Жиембет жырау Есім хан тұсында кім болған?

  3. Есіл өзені неліктен аталады?

Борлы деген көлінен,

Қалмақты шапқан шулатып

Батырың өтті Бөгенбай!

Қаракерей Қабанбай

Қанжығалы Бөгенбай

Қаз дауысты Қазыбек

Шақшақұлы Жәнібек,

Ормандай көп Орта жүз

Содан шыққан төрт тірек.

Тұғыры болған сол еді

Сіздей төре сұңқарға,

... Қайғырмаңыз, ханзадам,

Келмей тұр аузым айтарға,



Батырың өтті Бөгенбай!

  1. Неліктен Орта жүзді ерекшелеп айтқан?

  2. Қазақтың қандай дәстүрін аңғарамыз?

  3. Жырдағы тарихи тұлғалар кім болған?

Бағалау парағы

Оқушының аты -жөні

Тыңдалым

Айтылым

Жазылым

Оқылым

Жиынтық баға



















Бағалау парағы

Оқушының аты -жөні

Тыңдалым

Айтылым

Жазылым

Оқылым

Жиынтық баға



















Бағалау парағы

Оқушының аты -жөні

Тыңдалым

Айтылым

Жазылым

Оқылым

Жиынтық баға



















Бағалау парағы

Оқушының аты -жөні

Тыңдалым

Айтылым

Жазылым

Оқылым

Жиынтық баға



















Бағалау парағы

Оқушының аты -жөні

Тыңдалым

Айтылым

Жазылым

Оқылым

Жиынтық баға



















Бағалау парағы

Оқушының аты -жөні

Тыңдалым

Айтылым

Жазылым

Оқылым

Жиынтық баға



















Бағалау парағы

Оқушының аты -жөні

Тыңдалым

Айтылым

Жазылым

Оқылым

Жиынтық баға





















Бағалау парағы

Оқушының аты -жөні

Тыңдалым

Айтылым

Жазылым

Оқылым

Жиынтық баға



















Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет