Жауап: Микрочип көлемі күріштің дәні секілді биологиялық инертті шыныдан жасалған капсула ішіне салынатын, жеке



Pdf көрінісі
Дата04.05.2023
өлшемі171,51 Kb.
#176080
Байланысты:
e46ebae78e30ae137225fb5ad8e8
1-тапсырма, 7-СЫНЫП. 8-БӨЛІМ. ҚОЗҒАЛЫС.docx, 311, Керексіз заттардың екінші өмірі


Жиі қойылатын сұрақтар/FAQ
Сұрақ:
Микрочип деген не?
Жауап:
Микрочип – көлемі күріштің дәні секілді биологиялық 
инертті шыныдан жасалған капсула ішіне салынатын, жеке 
бағдарламалық нөмірі бар шағын электронды чип. Микрочипте 
батарея болмайды, ол сканердің көмегімен іске қосылады. 
Сканердің әрекет ету өрісіне түскен кезде микрочип оның 
магниттік өрісінен қуат алып, бірегей 15 таңбалы нөмірді 
радиосигналмен жібереді. Сканер бұл нөмірді дисплейде 
көрсетеді. Чип өмір бойғы электронды сәйкестендіруді 
қамтамасыз етіп, жануарыңызды жоғалудан немесе ұрланудан 
қорғайды. 
С: 
Жануарларды чиппен белгілеу не үшін қажет?
Ж: 
Жануар жоғалуы немесе ұрлануы мүмкін. "Электронды 
паспорт" жануардың иесін еш кедергісіз тауып, жануарды 
үйіне қайтаруға кепіл болады. Сонымен қатар сақтандыру 
компаниялары тек чиптелген жануарларды ғана сақтандырады. 
Еуроодақ елдерінде чипі жоқ жануарларды алып жүруге тыйым 
салынған. Электронды сәйкестендіру сату үшін өсірілетін асыл 
тұқымды жануарлар туралы заңмен реттеледі. Ол 
ветеринарлардың малдың күйі туралы жазбаларды 
автоматтандырылған түрде жүргізуіне мүмкіндік береді. 


С: 
Микрочип жануар етіне қалай енгізіледі? Қаншалықты 
ауыртады? Хирургиялық ота немесе анестезияны қажет ете 
ме?
Ж: 
Микрочип тері астына шприц көмегімен енгізіледі. Бұл 
ресім жануарлар үшін залалсыз, мүлдем ауыртпайды 
(таңбалау, ен салумен салыстырғанда бұл шара әдеттегі екпе 
сияқты). Операция немесе анестезия қажет болмайды, 
микрочипті ветеринарға барған кезде енгізуге болады. 
С: 
Чип жануардың денесінде қозғалып жүре ме?
Ж: 
Әдетте қозғалмайды. И
мплантациядан кейін чип бетінде 
дәнекерлеуші ұлпа қабаты пайда болады, енгізілген жеріне 
мәңгі тұрақтап қалады. Алайда кейбір асау, тынымсыз 
жануарлардың терісінің асты орнықсыз болса, чип орнынан 
қозғалып кетуі мүмкін. Бұған жол бермес үшін жануар тістеп 
тастамас үшін, чиптің өте берік имплантациясын (желке 
тұсында) жүзеге асыру қажет. Мұндай ресімнен кейін 2-3 күн 
мойнына кең жаға-қамыт кигізген дұрыс. 
С: 
Микрочипте қандай ақпарат болады? Чипте жануар 
туралы медициналық ақпарат бола ма?
Ж: 
Қазіргі микрочиптерде тек сәйкестендіру нөмірлері 
болады. Микрочип технологиясында жануар туралы 
медициналық ақпарат қарастырылмағанымен, танысу үшін 
біздің деректер қорымызды шолып шықсаңыз болғаны. 
С: 
Қандай жануарларды чиппен таңбалауға болады?
Ж: 
чиппен кез-келген үй жануарларын, малды, кеміргіштерді, 
құстарды, балықтарды, жыландарды т.б.белгілеуге болады. 


С: 
Жануарларды қай жасында чиппен белгілеген жөн?
Ж: 
Жануарларды чиппен белгілеу үшін жасына шек 
қойылмайды. Күшіктер мен мысықтың балаларын алғашқы екпе 
жасардың алдында 5-6 айлығында чиптеген жөн. 
С: 
Жабайы аңдарды микрочиппен белгілеуге бола ма?
Ж: 
Иә, әрине. Жабайы аңдарды 
микрочиптеу олардың санын, 
мекенін ауыстыруын т.б. анықтау үшін ғылыми мақсаттарда 
қолданылады. 
С: 
Әдетте чип қай жерге енгізіледі?
Ж: 
Тәжірибеде чипті енгізудің стандартты имплантациялық 
орындары қалыптасқан. Мысықтар мен иттерге жауырын 
арасындағы арқасына енгізіледі. Шошқалар мен сиырларға 
құлағының артына немесе құйымшақ тұсына енгізеді. 
Ешкілерге құйрығының түбіне, жылқы мен басқа да аша 
тұяқтыларға жалынан 3-5 см төмен жеріне енгізіледі. 
Құстардың кеуде бұлшық етіне жасалады. 
С: 
Микрочип енгізудің техникасы қандай?
Ж: 
Егетін жерді спиртпен сүрту керек. Теріні жиырып ұстап
инені тері астына 30 градус бұрышпен толығымен тығу керек. 
Шприц жылжытпасын немесе имплантер тұтқасын тірелгенше 
басу қажет. Содан соң инені алыңыз.
С: 
Сканер қалай жұмыс істейді?
Ж: 
Сканерді чип енгізілген жерге 3-5 см қашықтықта 
жақындатып, пернені басады. Сканер тері арқылы қауіпсіз 
радиосигнал жіберіп, чиптің кодын оқиды. Код 
қабылданғаннан кейін сканер шиқылдаған дыбыс шығарып, 
дисплейде чип нөмірін (мысалы, 398000000012345) көрсетеді. 


Сканер ветеринарлар өз қызметін автоматтандыру үшін 
пайдаланатын түрлі компьютерлік бағдарламаларға чиптің 
нөмірін енгізуді автоматтандыру үшін компьютерге кабель 
арқылы жалғануы мүмкін. 
С: 
Микрочиптеуді кім жүргізуі тиіс?
Ж: 
Микрочиптеуді лицензиялау тоқтатылды. Енді чипті кез 
келген ветеринар, тері астына екпе жасай алатын кез келген 
адам енгізе алады. Тәжірибе көрсеткендей, чиппен белгілеуді 
жануарлардың иелері мен аң үйретушілер де жасап үйренген. 
Ең бастысы – асептика мен антисептика ережелерін ұстану, 
ресімді техникалық тұрғыдан дұрыс орындау, жануарлар 
туралы деректерді бірыңғай қорға енгізу және микрочип 
нөмірін ветеринарлық кітапшаға жапсыру. 
Алайда чиптің дұрыс енгізілгеніне сенімді болу үшін бұл істі 
ветеринарға тапсырған жөн. Ветеринар микрочипті дәл 
орнықтыру мен қалай енгізу тәсілін біледі. Сондай-ақ сканер 
көмегімен чиптің жарамдылығын тексеріп бере алады. 
С: 
Микрочиптеу ресімі қалай жүреді?
Ж: 
Ветеринар жануарда чиптің бұрыннан бар-жоқтығын 
сканермен тексереді. Содан соң чиптің жарамдылығын қарап 
шығады. Тері астына егу арқылы ветеринар чипті жануар 
ағзасына енгізіп, ресімнің дұрыс өткендігіне көз жеткізу үшін 
қайтадан сканирлейді. Жануардың паспортына чиппен бірге 
сатылатын нөмір жазылған арнайы жапсырма желімденіп, 
чиптелген уақыт жазылады. Содан соң жануар және оның иесі 
туралы деректер бірыңғай қорға жазылып, тіркеледі. 
С: 
Микрочиптелген жануар иесіне қандай құжаттар қажет?


Ж: 
Ешқандай қосымша құжаттар қажет емес. Қолда бар 
ветеринарлық құжаттарға (тегі туралы құжат, ветпаспорт және 
басқалары) микрочип нөмірі мен чиптің енгізілген уақыты 
жазылады. Қате енгізілмес үшін және қолайлылық үшін әр 
шприц немесе микрочипті инемен бірге чип нөмірі және 
штрих коды бар бірнеше жапсырмалар қоса сатылады. 
С: 
Жануарларды қай жерде чиптеп және сканирлеуге 
болатынын қайдан білуге болады?
Ж: 
Микрочиптеу бағдарламасына қатысатын ең жақын жердегі 
ветеринардан білуге болады, оны біздің арнайы 
Ветеринарды 
іздеу
 
деген сервисіміздің көмегімен табуға болады

С: 
Чипті AnimalID.kz сайтында тіркеу не үшін қажет?
Ж: Біздің сайтта тіркеу 
– сіздің жануар туралы ақпаратқа тәулік 
бойы онлайн түрде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл 
ақпараттың жануар жоғалғанда, тіпті шетелді жүріп 
жоғалғанның өзінде көмегі зор, ақпарат дереу барлық 
ветеринарлық клиникалар мен үй-күйсіз жануарларды аулау 
станцияларына дереу жөнелтіледі. 
С: 
Жануарымды қалай тіркей аламын? 
Жануарларды 
электронды сәйкестендіру деректерінің ұлттық бірыңғай 
деректер қорында тіркеу ақысы қанша
?
Ж: 
Бұл ақпаратты «Біздің сайтқа тіркелу» атты бөлімнен қарап 
шыға аласыз. 
С: 
Мен тіркелу кезінде қате жібердім, қатемді қалай түзете 
аламын?


Ж: 
Сіз 
тіркелу формасын
 
қайтадан
толтыруыңыз
қажет. Бұл 
жүйеде кез келген өзгертулер қайтадан тіркелу деп 
қабылданады, сондықтан тіркеу ақысын қайта төлеуге тура 
келеді. 
С: 
Менің деректерім халықаралық деректер қорында қашан 
пайда болады?
Ж: 
AnimalID.kz сайтында тіркелген сәттен бастап. Біз тіркеуді 
әдетте сіз тиісті форманы толтырып, ақшаны аударған (егер 
ақылы тіркелу болса) күннің ертеңіне жүргіземіз. Алайда 
регламент бойынша әкімгерге тіркеу үшін үш күн уақыт 
беріледі. Тегін тіркелу дереу жүзеге асырылады. 
С: 
Жоғалған жануарды қалай табуға болады?
Ж: 
Сіз бізге дереу хабарласып, жоғалған жануар туралы 
деректі 
Жоғалған жануарлар
 
бөліміне орналастыруыңыз 
қажет. Жануар табылған бойда, сізге дереу хабар берілетін 
болады. 
С: 
Жоғалған жануардың иесін қалай табуға болады?
Ж: 
Жануарды тауып алған адам сканермен жабдықталған ең 
жақын жерде орналасқан ветеринарлық клиникаға барып, 
сканер арқылы чиптің нөмірін анықтайды. Содан соң бұл 
нөмірді
Жануардың иесін іздеу 
бөліміне енгізу қажет, онда 
иесінің мекенжайы мен телефоны көрсетіледі. Содан соң сол 
телефон бойынша хабарласу қажет. 
С: 
Мен чиптелген жануар сатып алдым, енді оны 
Жануарларды электронды сәйкестендіру деректерінің ұлттық 
бірыңғай деректер қорына қалай тіркеймін
?


Ж: 
Жануарды 
Тіркелу
 
бетінде тіркеңіз. Тіркелу ақысы
келіп 
түскеннен кейін жаңа деректер Жануарларды электронды 
сәйкестендіру деректерінің ұлттық бірыңғай деректер қорына 
енгізілетін болады. 
Жануарларды қайтадан чиптеуге болмайды!
С: 
Мен ветеринармын, микрочиптеумен айналысқым 
келеді. Неден бастауым керек?
Ж: 
Алдымен біздің сайтымыздың басты бетіндегі оң жақ 
бұрышындағы 
 
Ветеринарларды тіркеу
 
пернесін басыңыз, 
тіркеліңіз. Бұл сізге жабдықты ветеринарлар үшін 
қарастырылған шегеріммен сатып алуға мүмкіндік береді.
Өздеріне ең жақын жердегі ветеринарды іздеуші сайт 
тұтынушылары сізді 
Ветеринарды іздеу
 
бөлімінен таба алады. 
Тіркелгеніңіз расталғаннан кейін, Ветеринарлардың кіруіне 
арналған
арнайы бөлімге өтіп, өзіңізге қажетті құрал-
жабдықтарды Интернет-дүкеннен таба аласыз. Алдымен 
микрочипті бірнеше шприц сатып алғаныңыз жөн. Тиісті 
тауарларды таңдап алғаннан кейін, Кәрзеңкенің көмегімен 
төлеу тәсілдерінің бірін қолданыңыз. Сонда сіздің 
деректемелеріңіз енгізілген төлем картасы жасалады. Оны 
қағазға шығарып алып, ақысын төлеңіз. Сіздің атыңызға тауар 
келіп түскеннен кейін, жұмысыңызды бастай аласыз! 
Сұрағыңызға жауап таба алмасаңыз, бізбен 
тікелей
 
хабарласыңыз! 
 
Copyright © 2012-2021 
All Rights Reserved 
«Animal ID Kazakhstan» LLC 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет