«Жауһар жырды жүрегінде тербеген» Ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған кеш



Дата28.01.2018
өлшемі79,15 Kb.
#35213
«Жауһар жырды жүрегінде тербеген»

Ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған

кеш


Жүргізуші: Армысыздар, қымбатты оқырмандар! Қазақтың көрнекті ақыны, Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған 6-сынып оқушыларымен өткізгелі отырған «Жауһар жырды жүрегінде тербеген» атты мәнерлеп оқу сайысына «Қош келдіңіздер!».

Жүргізуші:

Көңілді, жайлыкүнімді, 


Азапты қайғы мұңымды

Өзімменен бөліскенің үшін,

Қатем мен жеңістерім үшін,

Менің мынау қиындау тағдырым болып

О, баста көріскенің үшін

Өлең, мен сені аялап өтем! - деп толғаған Фариза Оңғарсынова бүгінде ортамыздан кетсе де, әдебиет әлемінде аты мәңгі сақталып қала беретін поэзияның өшпес жарық жұлдызына айналды.

-      Құрметті оқырман қауым!  Ақынның өмірі мен шығармалары, жасаған қызметі жайында деректермен  таныс боласыздар.

«Өлең ,әңгімелерді көп оқыған, сөздің киесін қастерлей білген баланың ой өрісі,дүниетаным өрісі өзгелерден биік,адамгершілік қсиеттері басқаларға үлгі етердей ерекше сүйкімді болары сөзсіз» деп айтқан екен өз кезінде Фариза Оңғарсынова.



Ән: Фариза

Ендігі кезекті Фариза ақынның оқырман жүрегінен орын алған жырларына кезек береміз.Жарысқа қатысушаларды сайыскерлерімізді таныстырып өтейін:

1.Перзент сөзі

2.Ананың әлдиі

3.Туған жер

4.Ұстазыма

5.Батырлардың ұрпағы

6.Жаз


7.Достар

Ең алдымен сайысымызды бастамас бұрын әділ - қазылар алқасымен таныстырайын:

1.

2.

3.

Қатысушылардың өнерлерін бағалауды 5 баллдық жүйеде бағаланады.

Мәнерлеп оқу сайысы ІІ кезең бойынша өтеді.

І-кезең. «Жыр – менің жалғыз тарланым».  Яғни  бұл кезеңде, оқушылар ақынның бір өлеңін мәнерлеп, жатқа оқуы тиіс.  

ІІ-кезең. «Ақын өмірінен» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар Ф.Оңғарсынованың өмірінен, шығармалары, атқарған қызметі жайынан берілген сұрақтарға жауап береді. 

Жүргізуші : Иә, поэзияның биік шыңын бағындырған Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 25-желтоқсанда Атырау облысы Новобогат ауданының  Манаш ауылында дүниеге келген. Отбасында оныншы перзент болып дүниеге келген.Әкесі Оңғарсын Иманғалиев еліне сыйлы, ашық-жарқын адам болған. Ол әкесіне арнап көптеген өлеңдер шығарған. Фариза әкесінен жастай қалып, анасы Халиманың тәрбиесінде болады. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған. Фариза анасы арқылы ертегі, аңыздарды кішкентайынан бастап құлағына құйып өседі.  Ақынның   бірнеше өлеңдеріне арқау болған- аналар тақырыбы.

1-оқушы:  «Перзент сөзі» өлеңі

2-оқушы:  «Ананың әлдиі» өлеңі

Жүргізуші: Әркімнің туған жері, туған өлкесі бар. Туған жерге , туған елге деген махаббат әр адамның жүрегінен орын алады. Оған ақындар өлең жазса, сазгерлер ән арнаған. Сол сияқты Фариза да өзінің туған жерге деген ыстық ықыласын өз өлеңдері арқылы бере білді.Фариза Атырау облысы Новобогат ауданының  Манаш ауылының Нарын құмының арасында көкорайлы нулы жер,

«Ауыл десе , жайлайды жанымды үміт,

Сонда ғана атардай таңым күліп.

Жасыл шардың бетінде жалғыз ноқат

Мені мәңгі тартатын сағындырып...»деп туған ауылына деген махаббатын білдіреді.

3-оқушы: «Туған жер» өлеңі

Жүргізуші: Фариза өлеңдері оқырмандардың жан азығына айналған қымбат дүние. Ол - мұғалім үшін тәрбие құралы. Көркемсөз майданында ақынға, жазушыға тән ерлік, батылдық, адалдық, ұлтжандылық, намысқойлық  сияқты адамгершілік - азаматтық қасиеттердің асқар биігінен көрінген ақын. Фариза жырлары кейінгі ұрпақты ар-намысқа, ерлікке, нәзіктікке, ананы, әкені, туған жер, адамзатты сүюге бастап апаратын ақ жол іспетті.Невогат селосындағы Андреев атындағы мектепте оқыды.Есепке жүйрік болған.Фаризаның ұстазы орыс әдебиетін тану пәнінен дәріс берген Евгений Иванович Боярский.

Фариза Оңғарсынова 1961 жылы Гурьев ( Атырау) педагогикалық институтының филология факультетін бітіріп, 1966 жылдан бастап мұғалім болып, содан кейін ауылдық мектепте директор болып, 1970 жылдан бастап  «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің, «Пионер» (қазіргі «Ақжелкен») журналының бас редақторларының қызметтерін  атқарды. Фариза өлеңдері 1958 жылдан басыла бастаған. Оған алғашқы назар аударған адамның бірі қазақтың ұлы ақыны, жастардың қамқоры Әбділда Тәжібаев еді. Ол Фаризаның алғашқы жырларынан-ақ оның бойындағы талантын танып, оны әкесіндей қолдады және ылғи да қадағалап, қуанып отырды. Ол кісі өз сөзінде: «Мектепте мен математика,геометрия, тригонометрия сабақтарынан, орыс тілінен диктант жазудан алдыма жан едім.Ал орыс тілін жетік сөйлей алмасамда, ,грамматикасын әжептәуір білетінмін.Мұғалімді жақсы көрсең ,оның пәнін де жақсы оқуға тырысасың.»



4-оқушы: «Ұстазыма» өлеңі

Жүргізуші: Ақынның ешкімге ұқсамайтын өзіндік үні, даусы анық байқалады. Ақынның "Жаз" деген өлеңі тұла бойы қолмен қашалып жасалған әдемі мүсінді көз алдына елестетеді. Сурет пен теңеу, өткір ойлар қосылып өрілгенде көз алдыңа ғажап дала бейнесі келеді. Жаздың ыстық жалынына төзе алмаған ерке бұлақ көрінісі – ғажап! Адам жанаына шуақ сеуіп,күлімдеп жүретін адамдар болады.Осындай адамды жадыраған жаз мінеді адам дейді.Бұл жерде ақын жаз бен адамды салыстыра жырлаған.Фариза өлеңдеріндегі табиғат тақырыбы ғажайып суреттерге толы.

5-оқушы: «Жаз» өлеңі

Жүргізуші: Ақынның тұңғыш кітабы ол  «Сандуғаш» атты өлеңдер жинағы. Кейіннен «Маңғыстау маржандары», «Мазасыз шақ», «Асау толқын» «Дауа» т.б өлең кітаптарымен қатар күрескер ақын Махамбет Өтемісұлы туралы «Алмас қылыш», қазақтың өнерлі қыздары Майра, Сара  жайлы «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудің бұлбұлымын» «Қарғыс» сондай-ақ «Дала тағдыры», «Ақбөбек жырлары», «Мүшәйра» т. б.   поэмалары жарияланды.

Өлең - өмір, өлең - сезім десек, сырлы лирикаға тән ерекшелік өмір құбылысын жүрек толқынысы мен шынайы тербеліс арқылы жеткізу болып табылады.



6-оқушы «Батырлардың ұрпағымын» өлеңі

Жүргізуші:

Фариза – үлкен ақын! Фариза, алдымен, лирик ақын! Ақындық әлемінің айшығы мен әшекейі де осы лирикасында жатыр. Лирика - әдебиеттің үш тегінің бірі және ежелгі жанр санатында бірегейі екендігі әлімсақтан белгілі. Ақын-лирик Ф.Оңғарсынова өлеңдеріндегі көпке таныс, ешкімге бас имейтін өзіндік дара мінезіді болды. Ақын түсінігінде поэзия патшалығы адамзат дамуы мен жеке адам психологиясына қызмет етер ерекше дүние.



Жүргізуші: Ф.Оңғарсынова поэзиясында келесіп тақырып –достық.

Өзгермедім бұл күйден,оңдалмадым,

Сезім жерде бұралаң жолдар барын,

Құздан құлап қалар ем,болмаса егер,

Періштедей менің дос –қорғандарым.

7- оқушы «Достар әні»өлеңі

Жүргізуші:  «Ақын өмірінен» деп аталатын   сайысымыздың екінші  кезеңі бойынша сұрақтарға жауап береміз. 

 1. Ф.Оңғарсынова қашан, қай жерде дүниеге келген? (1939 жылы 5 желтоқсанда Атырау облысының, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келді).

2. Ақынның әкесінің, анасының аты кім? (әкесі Оңғарсын Иманғалиев, анасы Халима Бекейқызы).

3. Алғашқы өлеңдері қашан жариялана бастады? (1958 жылы баспасөз беттерінде жарық көрді).

4. Ф.Оңғарсынованың  өлең жинақтарын ата («Сандуғаш», «Маңғыстау маржандары», «Дауа», «Сұхбат», «Шілде», «Алғашқы сабақ» т.б.).

5. Ақынның қандай өлеңдерін белесің? («Сандуғаш», «Ұстаз», «Соңғы қоңырау», «Туған жер», «Нарын» «Ақын» т.б.).

6. Ф.Оңғарсынова кім? (ақын, аудармашы, жазушы, көсемсөзші). 

7. Ақын қандай оқу орнын тәмамдаған? (1961 жылы, бұрынғы Гурьев  (қазіргі Атырау) мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітірді).

8. Ақынның қандай  марапаттары бар («Құрмет белгі», Парасат ордендерімен марапатталған, Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстанның Халық жазушысы). 

9. Ақын қандай шет ел авторларының өлеңдерін аударды? (Чили ақыны Пабло Неруданың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің, орыс ақындары А. Блок, Р.Ф.Казакованың, Е.А. Евтушенконың, армян ақыны С.Б. Капутикянның өлеңдерін қазақшаға аударды).

10. Ф.Оңғарсынованың Тұңғыш өлең жинағы қашан жарияланды және қалай аталады? (1966 жылы,  «Сандуғаш» атты өлең жинағы). 

Ән: «Жақсы көру»

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!  Міне, мәнерлеп оқу сайысын қорытындылайтын сәтке де жеттік. Олай болса, сайыскерлерімізге әділ бағасын беретін қазылар алқасына сөз кезегін ұсынамын.  Сайыстың қорытындысы бойынша оқушыларды марапаттау.

Жүргізуші: Ф. Оңғарсынова- биік сезімнің ақыны. Оның көңіл-күй ырқына тез берілетіні, жаны тез жараланатыны да осыдан. Бүгінгі адам жанына , сезіміне оқыс әсер ететін жағдайлардың көптігі өлгендердің ғана жанын ауыртпайды. Фариза көңілін жайлаған адалдық, әсемдік, жақсылықты ғана мұрат тұтқан арман-тілек күнделікті өмір қайшылықтарымен үйлесімге келмейді де, ақын сезіміне кері әсер етеді.

Ән: «Фариза»

Жүргізуші: Фариза апамыздың өлеңдері әр тыңдаушының жүрегіне терең ой салып шабыттандырады. Қаншама жанды қара өлеңмен жұбатып, халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген сондай қайталанбас тұлға, поэзия падишасы ақын Фариза Оңғарсынова адалдық, намысқойлық, жаны да , ары да таза  ерлерге лайық биіктерде ғана көрінген ақын, қашанда сол биігінен көріне берсін дейміз.

Жүргізуші:  Осындай жан дүниемізді байытатын , қиналғанда рухани байлығымызды кеңейтетін поэзияның падишасы болып, халықтың сүйікті ақыны болып жүрген, өмірін өлең деп ұққан, қазақ жырында өзіндік ақындық әлемінде өзіндік орны бар Фариза апамызға арналған кешіміз де өз мәресіне жетті.

Жүргізуші: Сіздердің назарларыңызға ұсынылған кітап көрмесін тамашалауға,танысуға шақырамыз. Бұл кітаптарды Балалар кітапханасынан алуға болады.

Ф.Оңғарсынова кітаптары: «Алғашқы сабақ» , «Сөз сыры», «Көгершіндерім»



Жүргізуші:     Назар аударғандарынызға көптен – көп рахмет! Осымен әдеби – сазды кешіміз аяқталды.

Қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет